ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев қаражат жымқырды деген күдікке ілінді

Похожее изображение

ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев ақша жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына ҚР ҰҚК жауап ретінде жазды.

"ҰҚК Тергеу комитеті Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Дүтбаев Рүстембек Нұртайұлы және Қалқабаев Орынбасар Шайбекұлына қатысты "Казимпекс" Республикалық орталық" жабық акционерлік қоғамының сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, қылмыстық жолмен мүлікті заңдастыру және қызмет бабын пайдалана отырып жасау деректері бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр "28 қыркүйекте Астана қаласындағы Есіл аудандық № 2 сотында Дүтбаев Нартай, Дүтбаев Рүстембек және Қалқабаев Орынбасарға қатысты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасына санкция берілді. 2017 жылы 10 қазанда осы іске қатысты тергеу шаралары аяқталды", - делінген ҰҚК жауабында.

Еске салайық, Ақмола гарнизонының Әскери сотында 2017 жылдың 24 тамызында Нартай Дүтбаевқа және істің өзге фигуранттарына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Сот отырысы жабық тәртіпте өтті.

"Соттың үкімі бойынша Н.Н.Дүтбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабына сәйкес мемлекеттік құпияны жария етті, қызметтік өкілін асыра пайдаланды (ҚР ҚК-нің 451-бабы) деп танылып, оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайыналды, ол өмір бойына мемлекеттік қызметке тұра алмайды. Н.Н.Дүтбаевты генерал-лейтенант әскери шенінен және мемлекеттік сыйлығынан айыру туралы ұсыныс енгізілді", - делінген ҚР Әскери сотының сайтында.