Атамқұлов жаңа полигон туралы: Одан кейін ол жер бөлігін халық өз қажеттіліктері үшін пайдаланады

Картинки по запросу атамқұлов полигон

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде және отандық БАҚ-та Торғай жерінің 76 мың гектары ресейліктерге ракета қалдықтарын төгуге берілетіндігі жайлы ақпарат тараған болатын. Осыған орай Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов ол жердің тек уақытша берілгенін және зымыран қалдықтарынан халыққа еш зиян келмейтінін мәлімдеді.

Бұл туралы  Қамшы порталы хабарлайды

– Ең алдымен жер тек уақытша пайдаланылатын түсінуіміз керек. Ол ешкімнің меншігіне өтпейді, жалға да берілмейді. Яғни, ешкімнің толықтай пайдалану құқығы жоқ. Жангелді ауданының белгілі бір бөлігі бүкіл зымыранның құлау ауданы ретінде емес, «Союз-2» зымыран-тасығыштың алғашқы сатысының бүйірлік блоктарының құлау ауданы ретінде ғана пайдаланылатынын айта кету керек. Және 78 мың гектар емес, 76 мың гектар жерді ұшыру кезінде ғана пайдалану қарастырылуда. Одан кейін ол жер бөлігін халық өз қажеттіліктері үшін пайдаланады... Тек зымыранды ұшыру кезінде жер телімі қысқа мерзімге 1-2 тәулікке ғана пайдалануға беріледі. Адамдардың қауіпсіздігін сақтау үшін зымыранды ұшыру кезінде ғана құлау аймағы 1-2 күнге жабылады. Қалған барлық уақытта ол жер бос болады. Яғни, еркін қатынай беруге және ел игілі үшін пайдалана беруге болады, - деді министр.

Сонымен қатар, министр аталмыш зымыран бөліктері құрамында еш зиянды зат жоқтығын да атап өтті. qazaquni.kz