"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«Мажор-министрлер» елде не болып жатқанын да білмейді – көп балалы ана

Картинки по запросу алия садырбаева

«Атамекен» ҰКП Қарағанды облысы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы және қоғам қайраткері Әлия Садырбаева Қазақстан үкіметінің мүшелері елде не болып жатқанын мүлдем білмейтінін айтты, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ұлттық порталының тілшісі. 

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Біздің мемлекетті 70-ші жылдары туған министрлердің басқарып отырғанына қарап отырып, Вадим Борейконың мақаласындағы «Биліктегі мажорлар» деген теңеуі есіме түсіп отыр. Мен «плюс-минус 40» жастағы басқарушылар елдегі экономикалық жағдайдан мүлдем хабарсыз деген тұжырымға келдім.

Осыған дейін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баға тұрақсыздығына қазақстандықтардың өздері кінәлі деп мәлімдеп еді, себебі, «кәсіпкерлер ұсынған бағаға үндемей келісе салады» екен. Ал, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев одан да әрі кетіп, барлық жағдайға қазақстандықтарды кінәлі қыла салды.

Оның пайымдауынша, инфляцияның басты факторы – «Халықтың баға өсімі туралы көп ойлауы» екен».

Садырбаева, сонымен қатар, Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа да қатысты сөз қозғады: Осыған дейін министр Бозымбаев бензин бағасы өспейді, рубль курсы мұнай өнімдерінің бағасына еш әсер етпейді деп сендіріп келген еді, алайда, соңғы үкімет жиынында баға өсуіне мұнай импортының бағасы әсер ететіндігін ақыры мойындап тынды, – деп жазады автор.

Іскер әйел әлеуметтік саладағы олқылықтарды да тілге тиек етті.

«Көп балалы аналарды 9440 теңге көлеміндегі титтей жәрдемақыдан қалай айыруға болады, өздері болса миллиондап айлық алып отыр? Егер олар бұл ақшаны (9440 тг) бере отырып бізді мемлекет асырауындағы адамдар деп санаса, онда миллиондап айлық алатын өздерін кім деп санайтындарын ойлауға да қорқамын!» — деп жазылған постта.

qazaquni.kz





7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. admin Author 12 Қазан, 2017, 23:24

    «Мажор-министрлер» елде не болып жатқанын да білмейді – көп балалы ана

    http://www.qazaquni.kz/2017/10/12/75886.html

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 12 Қазан, 2017, 23:31

    Оларға елдің керегі не, оларға ақша, байлық, өздерінің бизнесі керек, Қазақтың байлығын өзара бөліп алып, тонап жатыр, Атамбаев ойымызда жүргенді ашық жария етті ғой, 1000 % 0осыламын.

    Жауап жазу
  3. Бердиев Адилбек 13 Қазан, 2017, 08:18

    Ел басының бағдарламасы арқылы кридит алдым үш ай өте ақшаны қайтар деп əкімшілік қызметкері 30% пайдаңнан бердеген мен келісбедім сонда айтқан кедергі берем деген кəзіргі таңда кедерг беруде Ел басының соз не өзі не деген Беинеу əкімдігі төрт жылдан бері жұмысызбын қолға қару алатын кез келсе мен сияқты халық бірінші əкімшілікке оқ жаудырад сосын тағ дұшпан барма

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 13 Қазан, 2017, 09:36

      Құдайдан қорпағандардан қорқу керек. Адилбек олардың жазасын бір АЛЛАҺ ТАҒАЛАМ берсін.

      Жауап жазу
    • Түңілген 14 Қазан, 2017, 02:09

      Адилбек, қартайып, басы мүлдем істемей қалған қәрі президенттің айтқан бос сөзін қазір ешкім де артына қыстырмайды! Президенттің қазір қолынан келетіні,күштік құрылымдарды қолданып, тек ату, соттау қамау.

      Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 14 Қазан, 2017, 20:01

    Сұмдық, бір министр жоқ ауызға іліп айтатын, қайдан жинаған бәрін бір жерге, ел, халық дауыспен тағайындау керек оларды, жүйе шіріп бітті, бірінші кәрілер мен алжығандардан құтылу керек, заңда жазылу керек зейнетке жасы келсе бүгін ертең кетуі керек деп. Оны кім айтады, депутаттардың түрі анау, өздерінің қамы үшін жүр.

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 14 Қазан, 2017, 20:08

    Қазақтың заңына өзгерістер енгізу керек жедел түрде. Министр, президент депутат тағы басқаларды 4 жылдан артық отырғызбау керек деп, ещқандай ұлын қызын қатынын тоқалдарын туыстарын билікке араластырмау керекгігін атап өту керек. Ешқандай елбасы бірінші екінші президент деген болмау керек, 4 жыл істедің кете ғой, шынында біз қарапайым халық осыны түсініп біліп отырғанда, билік мүлдем соқыр болып кеткен сияқты.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*