Валюта бағамы USD : 333.57 | EUR : 391.81 | CNY : 50.37

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы өте ыңғайлы – Азат Перуашев

Картинки по запросу азат перуашев

Қазақ тіліндегі латын әліпбиінің жаңа нұсқасы қолдануға өте ыңғайлы. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Президентке таныстырылған қазақ тіліндегі латын әліпбиінің жаңа нұсқасы өте ыңғайлы. Себебі, осыған дейін ұсынылған латын әліпбиін диаграфтармен ұсынғанда күмәнді болды. Оны мен ғана айтқан жоқпын. Білімді азаматтар, ғалымдар, тіл мамандары (алғаш рет ұсынылған қазақ тіліндегі латын әліпбиін – автор) басқаша қабылдады. Осыған қатысты көп сын айтылды, тараптар ол мәселені қызу талқыға салды», – деді А.Перуашев.

Халық қалаулысы Президентке ұсынылған латын әліпбиінің негізгі ерекшелігіне тоқталды.

«Апострофтардың негізгі артықшылығы, ол кез келген клавиатурада бар. Яғни жаңа, бөлек әріпті шығарудың қажеті жоқ. Тіпті, ағылшын тіліндегі клавиатура болса да, сіз латын әліпбиімен қазақша жаза аласыз. Сонысымен ол қолдануға өте ыңғайлы», – деді депутат.

Сонымен қатар депутат жаңа латын әліпбиінде кейбір кезде диаграфтарды қолдану қажеттігін айтып қалды.

«Мысалы, «ә», «ү», «ұ», «ө» деген дауысты дыбыстарды белгілеу үшін апострофтар өте ыңғайлы. Ал «ш» – «sh», «ж» – «zh» сияқты дыбыстарды таңбалауға әріптестерім айтқандай, «ш» – «sh», «ж» – «zh» сынды диаграфтарды қолдануға болар еді. Көрейік. Мұны ғалымдар, тіл мамандары қарастырсын», – деді халық қалаулысы.

Оның айтуынша, қазақ тілінің жаңа әліпбиге көшу жобасына халық белсенді түрде атсалысуы керек.

«Жалпы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – үлкен тарихи маңызы бар бастама. Билік пен үкімет аталған мәселені алдымен халықтың назарына ұсынды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде латын әліпбиінің соңғы нұсқасы маған да, әріптестеріме де ұнады. Елбасымыз, комиссия басшылары латын әліпбиіне қатысты кез келген азамат өз пікірін, өз ұсынысын айтуға құқылы деді. Егер ұсыныстар болса, комиссия оны қабылдайды, қарастырады. Олар ары қарай осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырады. Әрбір нұсқаны қолдаушылар да, оған келіспеушілер де болады. Ал біз осы реформаны елімізді біріктіру үшін пайдалануымыз керек. Қазақ тіліндегі латын әліпбиінің шешуші нұсқасын таңдағаннан кейін, біз пікір таластыруымызды қойып, бір атаның баласындай сол латын қарпіне көшуді қолдауымыз қажет», – деп түйіндеді сөзін Азат Перуашев.





13 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Айдина 13 Қазан, 2017, 02:20

    Үлкен тарихи сәт туғалы тұр. Әрбіріміз жауапкершілікпен қарағанымыз дұрысырақ болар

    Жауап жазу
  2. Айжан 13 Қазан, 2017, 02:23

    Латын оте манызды нарсе, оны енгизу керек

    Жауап жазу
  3. Ғарифулла 13 Қазан, 2017, 02:24

    Апостроф барлығына ыңғайлы болып тұр. Басы артық таңбаны белгілейдің қажеті болмайды

    Жауап жазу
  4. Сайра 13 Қазан, 2017, 02:25

    Соңғы ұсынылған әліпбиге барлығы тез үйренісіп кетеді деген ойдамын. Себебі өте жеңіл

    Жауап жазу
  5. Малия 13 Қазан, 2017, 02:25

    А с каких пор развиваться это плохо?

    Жауап жазу
  6. Перизат 13 Қазан, 2017, 02:29

    Соңғы таныстырылған әліпбидің өзінен сын тауып жатқандар да көп. Меніңше осы ең тиімдісі болатын сияқты

    Жауап жазу
  7. Чина 13 Қазан, 2017, 02:30

    Нельзя стоять на месте, латиница это хорошая перспектива

    Жауап жазу
  8. Карина 13 Қазан, 2017, 02:32

    Простите конечно, но только глупцы против латиницы, или лентяи которые не хотят тупо учить заново алфавит

    Жауап жазу
  9. Еркежан 13 Қазан, 2017, 02:34

    Новшества в развитии образования необходимы в наше время для того чтобы идти вперед, в светлое, современное, развитое будущее

    Жауап жазу
  10. Карина 13 Қазан, 2017, 03:00

    Көпшіліктің қолдауын тапса, осы соңғысы бекітеле ме?

    Жауап жазу
  11. Карина 13 Қазан, 2017, 03:01

    Қашан нақты соңғы бекітген нұсқасы шығады?

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 13 Қазан, 2017, 20:47

    Төте жазу жақсы емес пе?

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*