Валюта бағамы USD : 333.57 | EUR : 391.81 | CNY : 50.37

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қырғызстанмен шекарада не болып жатыр?

© РИА Новости

Қырғызстанның шекара қызметіндегілер Қазақстан шекарасындағы жағдайға қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, кеше кешкі уақыттан бері шекарада көліктер кезекте тұрып қалған болатын. Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, 10 қазанда сағат 18.00-ден бері Қырғызстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасында жолаушылар мен көлік құралдарын өткізу ережесі күшейтілді.

«Қырғыз Республикасында президент сайлауына дайындық және сайлаудың өтуіне байланысты Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі күшейтілген режимге өтті», – деп хабарлады ведомстводағылар.

Сондай-ақ, Қырғызстан тарапынан шекара бақылауына ешқандай шектеу қойылмағаны айтылады.

«Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды «, – деді Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөліміндегілер.





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*