Валюта бағамы USD : 333.57 | EUR : 391.81 | CNY : 50.37

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Астанаға 5 мың тоннадан астам көмір әкелінді

Похожее изображение

Астанаға бес мың тоннадан астам көмір әкелінді. Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталының тілшісі елорда әкімдігінің медиаорталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, 1 қыркүйек пен 11 қазан аралығында Астанаға 46 726 тонна көмір жеткізілді:

Шұбаркөл көмірі — 8 349, Қаражыра көмірі— 16 704, Майкөбе көмірі— 21 673 тонна болды. Жалпы көлемі 667 вагон жеткізілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 30% артық болып отыр.

Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаеваның айтуынша, Астанада көмір тапшылығы байқалмайды.

«Астанаға тиелген жеті мың тонна көмірдің 5600 тоннасы жеткізілді. Алдағы екі күннің ішінде тағы да бес мың тонна жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар қазан айының соңына дейін күніне 1,5 мың тонна «Шұбаркөл» көмірі жеткізіледі. Тұтастай алғанда, қалада көмірдің тапшылығы байқалмайды», — деп мәлімдеді Қауғабаева.

Отынның қазіргі күнгі бағасы — 11 800 теңгені құрап отыр.


Ілмектер:
Астанакөмір



2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. мурат 12 Қазан, 2017, 11:45

    кезинде горбачевты орнынан кетиру ушин ана алкаш ельцин Москвага киргизбеи талаи азык аукатты жолда жок кылып жиберген деиди гои тобыр аикаи шыгарсын деп сол сиакты бензин комир маселеси ушыгып кетип еки шопкетышар жумыснан куылып еди комир паида бола калды или халык барибир сезон алады деп калталарын оилаган .

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 12 Қазан, 2017, 22:25

    осы көмірді құрту керек. ауа жаман болып кетті, тыныс алу мүмкін емес қазір . астанаға газ. газ газ керек !

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*