"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Латын әліпбиі орысша ойлаудан құтқарады – Бүркітбай Аяған

 

2017 жылғы 11 қазан 10:07  421

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекет тариxы институтының директоры Бүркітбай Аяғанның айтуынша, латын әліпбиі туған тілімізге еркіндік береді. Орысша ойлаудың құрсауынан құтылуға мүмкіндік береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, латын әліпбиінің соңғы нұсқасы 32 әріптен тұрады. Бұрыннан келе жатқан кейбір әріптер түсіп қалса да, оған ренжитін ештеңесі жоқ. Қайта өз тіліміз төл қалпына түсіп, түлеп шыға келеді. Бұл жерде маңызды бір мәселені ескеру керек, қазір қолданып жүрген латын әріптерімен сыртқа шыға алмаймыз. Өйткені компьютер қабылдамайды. Сондықтан xалықаралық талаптарға бағынуға мәжбүр болдық», – деді Аяған ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Ғалымның айтуынша, соңғы 70-75 жылда біз орысша ойлап, өз тілімізді кириллица арқылы бағалайтын жағдайға жеттік. Бұл – өте қауіпті жағдай. Ал латын әліпбиі туған тілімізге еркіндік, бұрынғы құрсаудан шығуға мүмкіндік бергелі отыр. «Екінші бір мәселе, Президентке көрсетілген нұсқадағы әріптер қолдануға өте ыңғайлы. Хат та, шығарма да жазуға болады. Өзге елдермен араласуға жағдай жасайды. Үшіншіден, латын әліпбиі баяғы тіл тариxымызға, руxани жаңғырумызға әкеледі. Ең бастысы, біз бұл бастамаға үлкен дайындықпен келіп отырмыз», – деп атап көрсетті Бүркітбай Аяған.





19 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Зорхан 12 Қазан, 2017, 09:26

    Енді латын әріптерімен мақала жазып көрмесем. Баста қиынға соғатын шығар.

    Жауап жазу
    • Жеңісгүл 12 Қазан, 2017, 15:15

      Нақты әліпби бекітілгесін, жаттығып бастай береміз ау деп ойлап жүрм менде. сабақ жоспарларды жаайлап

      Жауап жазу
  2. Ермек 12 Қазан, 2017, 09:34

    Компьютерлерге енгізу керек шығар.

    Жауап жазу
    • Медет 12 Қазан, 2017, 11:10

      компьютерге алфавит кабылдангасын енгизиледи гой.казир нени енгизеди

      Жауап жазу
    • Алмат 12 Қазан, 2017, 11:19

      Оның барлығы алдағы уақыттың еншісіндегі жұмыстар. Қазір бастысы бізге қажеттісі дұрыс үлгісін қабылдап алу.

      Жауап жазу
  3. Нәдір 12 Қазан, 2017, 09:37

    Иә, 70-75 жылдары қиын сәттер болғаны рас. Енді латынға көшіп барлығын орына қойып, алға ұмтылу керек. Іске көшкен дұрыс.

    Жауап жазу
    • Айсара 12 Қазан, 2017, 11:27

      Қайта дер кезінде қабылданып отырған шара. Сондықтан не кеш, не ерте деген пікір айтудың өзі дұрыс емес.

      Жауап жазу
  4. Ерғалым 12 Қазан, 2017, 10:21

    Орысшалануға кириллицаның әсері бар деген сөз ба сонда?

    Жауап жазу
  5. Шаттык 12 Қазан, 2017, 11:09

    Әріптің азайғаны да, көбейгені де маңызды емес. төл әріптер түсіп қалмаса болды

    Жауап жазу
    • Ермек 12 Қазан, 2017, 11:25

      Шаттық, бұның барлығын жобаны жасап отырған мамандар толықтай ескерген секілді. Төл әріптердің қалып қоюы не түсіп қалуы мүмкін емес.

      Жауап жазу
      • Бердібек 12 Қазан, 2017, 15:27

        Дұрыс айтасыз, әліпбидің түрлі нұсқада өзгертіліп ұсынылып жатқаны да сол себепті. төл әріптер нақты ыңғайлы болу үшін

        Жауап жазу
  6. Мн 12 Қазан, 2017, 13:04

    Латынан қашып,балаларын орыс балабақша,мектебіне беріп орысша жазып сөйлеп, ойлайтындар одан ары көбейіп кетеді.Сондықтан орыс мектептерінде де тіл оқытуға қатты көңіл бөлу керек.

    Жауап жазу
    • Ләйлім 12 Қазан, 2017, 15:30

      Алфавит ауысса, орыс мектеп, садикте кириллицамен жүрмейді. мемлекеттің алфавит ауысады емес МН)

      Жауап жазу
    • Есауыл 12 Қазан, 2017, 18:31

      Мыне дурыс усыныс, бары бырак ауысуы тиыс, туркы-казагы да орыс-славяныда. Айтпесе быр аулада, быр-бырын тусынбейтын екы жануя. Ол екеуынын урсыса салуыда онай. Зиялы деп аталып журген мырзалар ойланындар, Казактыгана корге суйремей, орысымызбен косып барымызды орге суйрендер !

      Жауап жазу
  7. Жеңісгүл 12 Қазан, 2017, 15:17

    Нақты әліпби бекітілгесін, жаттығып бастай береміз ау деп ойлап жүрм менде. сабақ жоспарларды жайлап

    Жауап жазу
  8. Олжеке 12 Қазан, 2017, 15:50

    Оебоооо алфавитке дайындығы мықты жұрттың. Мен ба дедім аузым ашылып жүрген. Ну удачи всем

    Жауап жазу
  9. Ақон 12 Қазан, 2017, 16:49

    Мына кісімен келісемін. Орысшалануға кириллицаның ықпалы бар. Латиницаға ауыссақ осы жағынан да пайдасы болатыны сөзсіз

    Жауап жазу
  10. Қайрат 13 Қазан, 2017, 05:01

    Көршілеріміз орыстілді əр ұлттың адамдары,дүкен,емхана,дəріхана,шиномонтаж т.б.жерлерде де осындай жағдай.Баламыз баратын мектеп 5 гимназия Астана қ.аралас екі тілде, директоры орыс тілді поляк азаматы.Сіз Аяған мырза маған айтыңызшы құрсаудан қалай шығамыз.Біз ел болып жұрт болып тіл туралы қаншама бағдарлама қабылдап қазақша білмейтін оның ішінде қазақша білгісі келмейтіңдері бар адамдарға 25 жылда тілімізді үйрете алмадық.

    Жауап жазу
  11. Қолқоюсыз 13 Қазан, 2017, 22:12

    сонда не туралы ойлатат л/н әліпиі қ/з ұмұтасың

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*