Валюта бағамы USD : 333.57 | EUR : 391.81 | CNY : 50.37

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қазыбек Иса. ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ  ЖАРҚЫН НӘТИЖЕСІ

 

Латын әліпбиінің парламентте талқыланған нұсқасы елдің көңілінен шықпай, жалпыхалықтық талқылау тағы да жалғасты. Ең басты дау – қазақтың төл дыбыстарының екі әріпті болып келуі. Бұндай көңілге қонымсыз нұсқа түсініксіздік пен қолайсыздыққа тап қылатыны анық еді. Бір қуанарлығы, Елбасы алғашқы нұсқаға қол қоймай, бүкілхалықтық талқылауды жалғастырғандықтан, ақыры міне, ел көңілінен шығатын қонымды нұсқа дайындалды.

Алғашқы нұсқадағы халыққа ұнамаған, қос әріпті болып келген қазақтың төл дауысты – ә, ө, ү және т.б. дыбыстар жаңа нұсқада толық шешімін тауып, енді олар бір әріп болатын болды. Әріптің үстіңгі оң жағына ноқат қойылады, яғни апокрифпен белгіленеді. Қорытындысында, халық көңіліне қонымды латын қарпіндегі жаңа әліпби жобасы жарық көрді..

Латын әліпбиіне өтуді  өзінің Ұлттық концепсиясында  2007 жылдан бері көтеріп келе жатқан «Ақ жол» партиясы да латын әліпбиін талқылаған келелі кеңестер өткізіп, бұған дейін де, өз ұсыныстарын жіберген еді.

Ал «Қазақ үні» газеті латын әліпбиінің алғашқы нұсқасындағы даулы әріптерге байланысты жүйелі түрде мақалалар жариялады.  Бұл тақырыпқа оншақты жылдан бері қалам тартып келе жатқандықтан  «ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ ҚАЗАҚ ҮШІН ЖАҢАРУЫ КЕРЕК» деген, елден ерекше қолдау тапқан  мақаламда   қазақтың төл дауысты дыбыстарының қос әріппен белгіленуіне – диграфтарға қарсы шығып, онда өзге нұсқа ұсынған  болатынмын.  Сонымен  «Ақ  жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің бастамасымен  жаңа жобаға  өз ұсыныстарымызды партияда талқылап, арнайы комиссияға жібердік.

Ал кеше Елбасымыздың алдында арнайы комиссия латын әліпбиінің жаңа жобасын жариялағанда біз де ұтымды ұсыныстарымыздың  жаңа нұсқада жақсы көрініс тапқанын көріп, қуанып қалдық.

Сөзім құрғақ болмас үшін ұсынған нұсқаны келтіре кетейік:

«Мысалы,  «Ә» әрпін  А’,  «Ө» әрпін  О‘,   «Ү» әрпін  U‘,  «Ғ» әрпін   G’,  «Ң» әрпін  N’,  «І і» әрпін  І і,  «Ш» әрпін   S’,  «Ж» әрпін   Z’  деп, апокрифпен  белгілеуге болмай ма?  Бұл апокрифтер, ноқат дейміз бе, латын жазбасында, компьютер пернетақтасында да, кез келген смартфонда да бар таңба»- деп жаздық  Qazaquni.kz  порталында 2017 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған  аталмыш  мақалада.

Осы  ұсынылған нұсқадағы  11 әріптің  9 әріпі  жаңа нұсқада  қабылданыпты.

Әрине,  латын әліпбиін дайындаудағы арнайы комиссия жаңа нұсқаның жекелеген әріптеріне байланысты  әлі де ұтымды ұсыныстар болса, қаралатынын мәлімдеді.

Рухани жаңғыруымызға темірқазық болып отырған латын әліпбиін талқылауға  бүкіл халықтың қатысқанын, қолдап жатқанына қарап, жаңа әліпбіиіміздің болашағы айқын болады деп сенеміз.

Латын әліпбиін қабылдау – Рухани Тәуелсіздік екенін жақсы түсініп келе жатқан елдің сенімі көңіл қуантады.

Латын әліпбиі қабылданған соң мемлекеттің негізгі ресми әліпбиі ретінде жұмыс істейтін болады. Мемлекеттік әліпби – мемлекеттің тұтастығы үшін қызмет етеді.

Латын қарпін талқылауда  зор белсенділік көрсеткен халық енді жаңа әліпбиімізді  өмірге енгізуде де  қарқынды қайрат танытуы тиіс.  Яғни, қолға алып қана қоймай, қолдануды да бастай беруіміз керек.

Жаңа рухани жетістікке  жетелейтін жаңа латын әліпбиі – жалпыұлттық  талқылаудың жарқын нәтижесі.

  Қазыбек ИСА,

 «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары.

 Qazaquni.kz

 

 

 

 

 

Қазыбек Иса. ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ    ҚАЗАҚ ҮШІН  ЖАҢАРУЫ КЕРЕК!





17 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Жанашыр 12 Қазан, 2017, 07:46

    Ертен бул кырылица-латын айырбасынын, сыз айткандай емес жумсартып айтканда керы асеры болып, быр елдын ышынде екы уй тыгылып турса. Алгы екы уй бырыне быры жауга таяу козкараста болса, екыншысын кайтесыз ортеп жыбересызбе? Ол уйдын ышынде тургындары баргой ортетпейдыгой, елдын екыге болынуы содан бастау аладыгой. Елдын орталыгы,солтустык батысы, солтустыгы, шыгысы, онтустык шыгысы, екыншы шанырак болама? Бул дегенын екыге болудын айкын корынысыгой. Кудай бетын аулак кылсын, алфавитке байланысты унамсыз бырдене болса сыз артынызды бырак кагып Мен былмеймын дейсыз .Куш тусетын Казак Халкы болады, арандатпаныз Казак халкын. Латынга оту алы ерте !

    Жауап жазу
  2. Жанашыр 12 Қазан, 2017, 09:15

    Оттапсынга :Маган жаксы айттын, тыл ушеу, алыппе екеу, орыспен, агылшын, Халык аралык тылдер. Екеуыне Казак тылы кайтып карсы тура алады, мунын тубынде Казак тылы жойыладыгой. Соган ой жугырттынбе .*Оттапсын* ойланып кор беталды лакпай.

    Жауап жазу
    • Шын жанашыр. 12 Қазан, 2017, 17:25

      Жанашыр, қазақша клавиатураны неге жүктеп алмайсың. Жазғандарың түсініксіз. Қазақшаға жаның ашыса қазақ әріптермен жаз, сөзің өтімді болады.

      Жауап жазу
      • Қолқоюсыз 12 Қазан, 2017, 18:49

        Оны ала коятын менде тыйын жок, тыйын табатын 27- жыл болды жумыс жок. Жарар оны жырлап кайтемыз,маган батып турганы болашагымыз.

        Жауап жазу
  3. Шолпан 12 Қазан, 2017, 09:32

    Бір әріп-бір таңба болған Латын әліпбиі маған да ұнады. Ең бастысы Қазақтың ө, ә, ү, ұ, қ, і секілді төл әріптерінің сақталғанына және ноқатпен белгіленетіне қуаныштымын. Осы орайда белсене атсалысып, өз нұсқаларын ұсынған Қазақ үні мен Қазыбек Исаға ризамыз! Латын әліпбиі енгізілгенде қазақ, орыс мектептеріне бірдей енгзілуі керек деген мәселені қалай қарап жатыр екен?

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 12 Қазан, 2017, 10:33

    Uu- Уу ,Yy-Y кылу керек,сонда дурыс болады

    Жауап жазу
    • Газиз 12 Қазан, 2017, 11:29

      Біз мамандардан артық білмейміз ғой. Олар соның барлығын зерттеп барып жасады ғой бұл үлгіні.

      Жауап жазу
  5. Кемел 12 Қазан, 2017, 11:15

    Соңғы ұсынылып отырған үлгісі көпшіліктің көңілінен шықты. Келіп түскен ұсыныстарды жинақтау барысында жасалып отырған вариант

    Жауап жазу
  6. Ермек 12 Қазан, 2017, 12:30

    Дұрыс емес мына нұсқа!!! A`n`gime, ku`res, o`tirik… енді осылай жазамыз ба?!

    Жауап жазу
  7. Мен қазақ тілдімін. 12 Қазан, 2017, 17:19

    Ноқат тым көп, ұсыныс: Ұ-U, Ү-U’, Ә-A’, У-W, Ғ-G’, Ш-SH, Ч-CH, Ж-Zh, Ө-O’, Й-J, Ы-Y, Іі-Ii, Ң-Ng. Осы ұсыныс барлық тарапты қанағаттандырады ғой деп ойлаймын.

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 12 Қазан, 2017, 22:30

    м. шаханов қарсы дейді

    Жауап жазу
  9. Қазақ 13 Қазан, 2017, 00:25

    Ноқат тұрса қазақ тiлi техника тiлi болмайд. Жеке әрiптi үтiрмен жазғанда айыру қиын а’,

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 14 Қазан, 2017, 10:25

      а-үтір; ү-үтір; ұ-үтір; ғ-үтір; і-үтір; ы-үтір; қ-үтір; ө-үтір – деп оқимыз ба?
      жоқ, әлде, ноқат,түртпе,түрту деп пе?

      Жауап жазу
  10. Қайрат 13 Қазан, 2017, 05:29

    Статистика комитетінің мəліметі бойынша халықтың 38%-ы қазақ тілін білмейді баламыз баратын мектеп аралас орыс жəне қазақ олар кириллицада қалады біздің балалар латынға көшеді сіз не айтасыз

    Жауап жазу
  11. Дүр 14 Қазан, 2017, 07:41

    Сөзден іске!енді көп сөйлей бергенше курорттар, кəсіпор-р,офистер,мектеп, бақша үлкен оқу орындары ,Рахат кəмпит фаб.сияқты ірі-ірі орындарды сауда, дүкен ,теміржол ,автобус, əуежай салаларын латыншалап жазуға кім кедергі?-ақыр көшед екенсіңдер көздерін үйретіп жаза бермейсіңдер ме?шабан атқа қамшы ауыр деп былжырай бергенше.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*