Валюта бағамы USD : 333.57 | EUR : 391.81 | CNY : 50.37

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қырғыз актерлары Досхан Жолжақсыновты өлтірмекші болған

Атақты актер, Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсынов қырғыз әріптестерінің өзіне жасаған қастандығы жайлы баяндады. «Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасына сұхбат берген актер ұлдарына ертегі үйреткеннің арқасында бір ажалдан аман қалғанын айтты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жары Қаракөз Сүлейменованың айтуынша, Досхан Жолжақсынов кіші ұлы Бекзатқа 12 жыл бойы ұйықтар алдында ертегі оқып отырған. Жарының сөзіне масаттанып кетсе керек-ті, актердің өзі «алғаш қазақ топырағында ертегі жазған мен болдым» деп мақтанды.

«Балам ертегі тыңдамай ұйықтамайтын. Бір жылдары сол ертегіге үйреткеннен бір ажалдан тірі қалдық. Қырғызстанда киноға түсіп, қырғыздың актерлары көре алмай, біз жатқан киіз үйге қастандық жасаған. Әркімнің жататын киіз үйі бар, мен отбасыммен бір киіз үйде… Мен түнгі сағат 11-де киіз үйге кірдім, ертеңгі түсірілімді сөйлесеміз деп уақыт кетті, келсем балам Біржаным ұйықтамай жатыр “ертегі айтшы” деп… Содан ұйықтамай ертегіні айтып жатырмын. Таудың бөктері, таза ауа. Ұйқы деген әкетіп бара жатыр. Қалғып кетсем қайтадан оятады, “папа, әрі қарай” деп…

Сөйтіп жатқанда пештен түтін бұрқырап шыға бастады. Қақалып-шашалып, бала-шаға бәріміз далаға шықтық.  Сырттағылар “Ойбай, не болды?” дейді. «Осылай пеш істемей жатыр» дейміз. Елдің бәрі әр жұмыспен кеткен кезде, керегеге өрмелеп, мұржаға қолымды тықсам, жабық. Содан біреуін суырамын, екіншісін суырам. Сол күні аяғымызға бөліп берген төрт шылғауды тығып үлгеріпті. Сол менің жатқанымды күтіп тұр ғой. Мен жатқаннан кейін, мұржаға төрт шылғауды тыққан. Енді балам ұйықтап жатса, мен бірге кететін едім ұйқыға. Бәріміз иістен өліп кететін едік. Сол ертегі үйреткенімнің арқасында тірі қалдық”,- деп еске алды актер.





19 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Самат 11 Қазан, 2017, 23:05

    Кезинде кенесары ханнын басын шауып орыска тапсырганда солар саткындык жасап кенесары бабамыз оларга сенип уцктаганда олтирген кыргыздар

    Жауап жазу
  2. ан тан 11 Қазан, 2017, 23:06

    сссрдин кезинде болса сол кезде аиту керек еди казир ел арасына иритки салганыныз дурыс емес буны аитканынызбен не коздеп отырсыз жагынума тусине алмаи калдым атамбаевтын шындыкты аитканыма.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 12 Қазан, 2017, 00:46

    Өтірік әңгіме

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 12 Қазан, 2017, 08:27

      Сол кезде,иіс тиіп өліп қала жаздағаны қасахана ұйымдастырылған деп неге шу шығармаған,егерде шын болса,шылғау мәселесі.

      Жауап жазу
  4. Қазақ қызы 12 Қазан, 2017, 09:42

    Әр ұлттың ішінде аласы да, құласы да болады.Бір «оны-мұны жағдай» туралы бір ұлтты жапай қаралауға болмайды. Досхан актердің бұл естелігі мақала етіп жариялауға келмейтін нәрсе. Өз ортасында айтылатын жай ғана «өсек әңгіме». Кім біледі, өзінің де кінәсі бар шығар. Ал Атамбаев айтса, шындықты айтты. Оған сонша шырқыраудың қажеті жоқ.

    Жауап жазу
  5. Аккыз 12 Қазан, 2017, 10:35

    Казактын намысына тийгенин билем, бирак атанбаев шындыкты айтты

    Жауап жазу
  6. Есті 12 Қазан, 2017, 10:51

    Досқанға не жоқ, «ҚҰазақ үніне» не көрінді», мынандай сана, мінезбен қалай адам боламыз?

    Жауап жазу
  7. Қазақ 12 Қазан, 2017, 11:06

    Атамбаев дұрыс айтты деп,қазақтар өзімізді жамандау қалыпты ғой,Атамбаев біздің жағдайымызды шешпейді ғой

    Жауап жазу
  8. шал 12 Қазан, 2017, 11:53

    казахау мынанын сози зиалы ма алде зияндынын созима осы кезде шылгауды козгап биз озимди жамандап жаткан жокпыз орынсыз шылгауын издеп жур бурын издеп тауган кезинде аиту керек еди .

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 12 Қазан, 2017, 12:15

    Кыргызбен екы орта жаманга айналдыма озы не болып кетты ? Кым оны булдырды ? Тусынбей калдыккой. Ендыгы жетпегены осы еды .

    Жауап жазу
  10. Мұстафа 12 Қазан, 2017, 13:30

    Былдыр батпақ сауатсыз жазу əдетке айналған ба.Ой пікірде айтарлық мағна ниет ашылмайды.Тас лақтырып ит айтақтағанды қойсақ қайтеді.

    Жауап жазу
  11. Қазақ үй. 12 Қазан, 2017, 16:58

    Самашқа тойын алғанғой болмаса киіз үйдің төбесіне шыққанды білмейма сол сияқты киіз үйде ысталып өлген қазақтың моласы жоқ. Осындай БЫЛЖЫРДЫ əңгіме жасау атына сай емес ұят қой. Бұлда балаларға айтқан ертегі сияқтығой. Ұятай ұят. ТФУ ТФУ.

    Жауап жазу
    • Қайрат 12 Қазан, 2017, 22:33

      Есті сөз!!! Жайына жүрмей, саясатта несі бар? Біржанды солбырайтып, қарық қылмады. Ана кинодан кейін Біржанға жаным ашыды. Сондай рөлге басқа сүйкімі бар біреу табылмады ма екен деп ойлаймын.

      Жауап жазу
  12. нурик 12 Қазан, 2017, 18:50

    не боп кетти казахстаным жас кезимизде осы актерларды жазушыларды корип кандай бакытты жандар осындаи болсак деп армандаитынбыз казирше бири уры жемкор бири али казах тилин менсинбеи алжып жур мынау отыр совет кезиндеги шылгауын жоктап жырлап .

    Жауап жазу
    • Қайрат 12 Қазан, 2017, 22:28

      Тамаша айттың, айызды қандырып. Осыдан артық сөз бар ма?

      Жауап жазу
  13. Ыа 12 Қазан, 2017, 19:04

    Ооо

    Жауап жазу
  14. Қайрат 12 Қазан, 2017, 22:33

    Есті сөз!!! Жайына жүрмей, саясатта несі бар? Біржанды солбырайтып, қарық қылмады. Ана кинодан кейін Біржанға жаным ашыды. Сондай рөлге басқа сүйкімі бар біреу табылмады ма екен деп ойлаймын.

    Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 13 Қазан, 2017, 09:13

    Мен тусинбеймин жогарыдан от делать ничего биреу ойлап табады калганы ышкырын турип артынан шабады. Кирилица арпи как жерине тести екен.Ал коштик дейк онын последствиясы кандай болмак жазылган жазуды оки алмай 70 ке жакындасада алиппени кайтадан окимыз ба

    Жауап жазу
  16. нурик 13 Қазан, 2017, 10:33

    18ге-бул жерде кириллицаны ешким талкылап жатырган жок бар баска саиттардан изде бул жерде совет дауиринде жогалган шылгау дауы жане каират аиткандай солбырайган биржанды еске алып отырмыз.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*