Министрліктің ҰБТ-ны жою туралы "Ақ жолға" байланысты хабарламасы шындыққа жанаспайды

  Білім және ғылым министрлігінің "Ақ жол" партиясының ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсу үшін ҰБТ-ны жою туралы ұсыныстары туралы хабарламасы шындыққа жанаспайды. Соңғы уақытта, Білім және ғылым министрлігі бізге белгісіз себептермен Ақ жол» ҚДП фракция депутаттарының ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсу үшін ҰБТ-ны жою секілді ұсыныстарын қарастыру туралы ақпаратты бірнеше мәрте БАҚ-қа таратты. Үстіміздегі жылдың 6 қыркүйегінде Білім министрлігінің атына жіберілген депутаттық сауалындағы ұсыныстарымен аталған ақпарат фракцияның нақты ұсыныстарына сәйкес келмейді. «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары өздерінің сауалында «жастардың шетелге кетуі» мәселесін көтерген еді, ҰБТ-дан бас тартып, Ресей, Қытай және Чехия қалалары беретін шетелдік тегін гранттар бойынша білім алуға Қазақстандық түлектердің 30 пайызға жуығы кетіп жатырғандығы сөз болды. Және де олардың дарынсыз жастар емес екені анық, енді көпшілігі Қазақстанға қайта оралмайды. Біздің ойымызша, жастарды мұндай таңдауға ҰБТ жүйесі, отандық білім беру сапасының төмен факторлары итермелейді.  Осыған орай,  мектептердің қабілетті түлектерін елде сақтап қалу үшін «Ақ жол» фракциясының депутаттары Білім министрлігіне келесі шешімдерді қарастыруды ұсынды:
  1. 110 баллдан жоғары жинаған, бірақ таңдаған мамандығымен грант иеленбеген талапкерлерге жақын мамандықтар бойынша грант алу мүмкіндігін беру;
  2. ЖОО-на тек ҰБТ арқылы ғане емес, сондай-ақ талапкердің таңдауы бойынша қабылдау емтихандары арқылы түсу мүмкіндігін енгізу;
  3. «Жастардың шетелге кетуін» алдын-алу және талантты жастардың елге оралу бағдарламасын әзірлеу.
Сауалдың толық мәтінін ҚР Парламенті Мәжілісінің веб-сайтынан табуға болады http://www.parlam.kz/ru/mazhilis/question-details/13586. Көріп отырғанымыздай, «жоғары оқу орындарының ақылы бөлімі» туралы мәселе көтерілген жоқ.  Сонымен қатар, біз шетелдік ЖОО-ның біздің түлектерге  ҰБТ-ның қажетінсіз-ақ тегін гранттар беретініне басты назар аудардық. Және де осы жағдайларда «жастардың кетуіне» балама ретінде өз елімізде ұқсас мүмкіндіктердің болуы. Сондықтан біз білім беру гранттарының бір бөлігін ҰБТ арқылы емес, талапкердің өз таңдауы бойынша қабылдау емтихандары арқылы тағайындауды ұсынамыз. Сонымен қатар, ЖОО-да окуын жалғастырғысы келетін колледж түлектерін гранттарға тестілеуден толық босатуды ұсындық. Білім министрлігі орта техникалық білім алуды осылайша ынталандыруы тиіс деп есепейміз. Осы және басқа түсініктемелерді «Ақ жол» фракциясының депутаттары Азат Перуашев пен Берік Дуйсембинов ағымдағы жылдың 9 қазанында өткен Білім министрлігінің қоғамдық кеңесінің отырысында егжей-тегжейлі айтып берді, оның ішінде ЖОО-ның ақылы бөлімдер үшін ҰБТ-дан бас тартуды фракция ұсынбағанын ерекше атап кетті. Бұл ұсынысты министрліктің өзі жасады, бірақ белгісіз себептермен депутаттардың бастамасы деп беріліп жатыр. Сонымен қатар, фракцияның нақты ұсыныстары кең ауқымды және іргелі мәселелерге қатысты, соның ішінде жазда қоғам арасында үлкен дау тудырған гранттарды тағайындаудың саясатына байланысты. Қалай болғанда да, біздің ұсыныстарымыз Білім және ғылым министрлігі түсінік бергендей, ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне қатысты емес, бұны тек министрлік өзі енгізіп және сәтті сызып тастаған, жартылай шешім ретінде қарастыруға болады.

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

11 қазан 2017 жыл,