Валюта бағамы USD : 333.57 | EUR : 391.81 | CNY : 50.37

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қазақ тұлпары Ұлы даланың ұлттық бренді болуы тиіс!

Қазақ  жылқысы қазанда қайнаған қазы-қарта ғана ма?!.

 

 

 

Қазақтың тұлпары қара қазанда қайнаған қазы-қарта ғана ма? Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол» партиясының депутаты  Берік Дүйсенбинов  осылай мәлімдеді.

«Ақ жол» партиясы үшін ұлттық құндылықтарды ұлықтау – біздің саяси бағдарламаларымыздың негізгі бағыттарының бірі. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Мәдени қазыналарымызды,ұлттық дәстүрімізді  әлем жұртшылығына таныстырудың жаңа тәсілдерін ойластыру керек. Оған ауқымды мемлекеттік қолдау жасалуы қажет», деп шегелеп айтқан.

Алаш баласы Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатаудың арасын жалғап, Ұлы далаға иелік еткен кездегі талмас қанаты,   бабаларымыздың елін, жерін қорғап, ата жаумен алысқандағы қанды көйлек серігі, болдырмас көлігі болған, жеті қазынаның біріне баланған қазақтың қазанат жылқысы біздің ұлттық қазынамыз емес пе? Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналған. «Қазақ жылқы мінезді» деген сөз де бекер айтылмаса керек.

Өркениетті мемлекеттер өздерінің өткендерін ұмытпай, ұлттың әлеуетін, құдіретін ашатын осындай асыл қазыналарын, спорт түрлерін ұлттық брендке айналдырып, әлемдік деңгейге көтеріп отыр.

Мысалы, кешегі түйенің қомында көшіп- қонып жүрген Араб әмірлігі бүгінде түйе жарысын  мыңдаған туристер тамашалайтын   жарысқа, ұлттық мейрамға айналдырған.

Ал, Моңғолияда  «Шыңғысханның ізімен» атты мың шақырым 10 күндік  «Моңғолия дербиі» ұйымдастырылған. Биыл, оған  әлемнің 15 елінен 400-ге жуық шабандоз қатысқан.

Сондай-ақ, Австралияда  «Мельбурн кубогы» бар болса, Америкада «Кентуки Дербиі» өткізіледі. Ұлыбританияда  «Королевский Аскот», Араб әмірлігінде «Дубай әлем кубогі»,сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ал,  көрші Түркіменстан атақты ақалтекесін насихаттау мақсатында арнайы министрлік те құрып тастады.

Ал бізде ше? Бүгінде үлкен жарыстарда топ жарып бәйге алып  жүрген тұлпарларымыздың түгелге жуығы ағылшынның асыл тұқымды немесе басқа да шетелдік  жылқысы  екені жасырын емес. Сонда ұзаққа шабуға шыдамды, Күндік жерден алқынбай жететін қазақтың асыл тұқымды тұлпарлары қайда қалды? Шынтуайтына келгенде қазақи жылқы біздің ұлттық брендіміз болуы тиіс емес пе? Сонда өз жылқымыздың абыройын асқақтатуға, тұқымын сақтап қалуға не кедергі? Әлде қазақтың қасиетті жылқысы қара қазанда қайнататын қазы мен қарта үшін ғана қажет пе?

Осы ретте өзіміздің қазақи жылқының жоғарыда аталған әлемдік брендтер қатарынан лайықты орын алуы үшін не істеу керек деген сауалдың көлденең шығатыны рас.

Біздіңше, бүгінде әлемдік деңгейге көтерілген қазақша күрестің «Қазақ барысы» жобасы секілді, тұлпарларымыздың артықшылығы мен ерекшелігін,шыдамдылығын әлемге танытатын күндік бәйге  ұйымдастырылуы керек! Ол ұзақ қашықтыққа, тек қазақи жылқы ғана шыдас беретін 100-150 шақырымға дейін шабыстан болуы тиіс.  Бұл жарысты Қазақ аламаны, Алаш аламаны, Құлагер кубогі деп те атауға болады.

Мысалға, кешегі Құлагердің құлаған жері, Ерейментаудан Астанаға дейінгі қашықтық дәл осы 150 шақырымды құрайды. Қазақ тұлпарының символы болған Құлагердің атын қайта жаңғыртып, Ерейменнен шыққан бәйгелер ел ордасы Астанаға ат басын тіресе керемет емес пе? Және де бұл бәйге жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылса «Ұлы дала Аламанына» алыс-жақын шетелдік шабандоздардың өздері-ақ қатысуға ниет білдірер еді.  Ал, ақпараттық қолдау мәселесі жоғары деңгейде болса, бұл жарыс жоғарыда аталған «Дубай әлем кубогі», «Монғолия дербиі» сияқты әлемдік ат жарыстарының ешқайсынан да кем түспесі анық.  Ал, қазіргі бәйгелерге атын қоса алмай, мыңдаған доллар тұратын асыл тұқымды ағылшын аттарының көлеңкесінде қалып жүрген  қазақ атбегілері мен шабандоздары үшін  бұл  үлкен мүмкіндік болар еді. Бұл дүбірлі дода –Ұлы дала елінің, көшпенділер ұрпағының рухын көтеретін,рухани жаңғыруға сай болатын,еліміздің сыртқы имиджін әлемге танытатын үлкен жоба болар еді. Тарихтың талай тайғағы мен шатқалынан аман есен алып шыққан қазақ тұлпары бүгінде де еліміздің абырой-атағы үшін қызмет ете алатынына күмәніміз жоқ.

Бір сөзбен айтқанда, Мәдениет және спорт министрлігі аталған Жобаны ұлт жаңғыруының ажырамас бөлігі деп танып, мемлекеттік деңгейде өткізудің шараларын қарастырып,  өзінің спорттық күнтізбесіне енгізіп, оның түрлі ұйымдастыру мәселелерін қолға алуын сұраймыз.

Берік Дүйсенбинов, 

Мәжіліс депутаты

«Қазақ үні» газеті,

Qazaquni.kz





14 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. мурат 11 Қазан, 2017, 16:05

    осы жаибасар депутат анда санда коринип коиады острый вопростар болган кезде жок табалмай калады гои азаттык тилшилери аитеур комунист косирев алдыларынан шыгадыда турады атамбаевтын созине каките доля правда есть деп оганда рахмет шындыкына.тулпар бренд кыламыздеп милярдттар жане жок болмасына ким кепил тортинши жангырыкка калдыра тураиык.жылкыдан хабары бар адамдар кеп калар.

    Жауап жазу
    • дода 11 Қазан, 2017, 21:30

      Голивудтың шытырман киноларын көре беріп қыйал мен өмірді ажырата алмай қалыпсыз ғой. Нағыз жұмыс осындай көзге көрінбегенімен, нақты-нақты нәтиделер. Ал, атамбаептар көпірік шашыратудан аспайды. Шаң басылған соң қайыр сұрап тұрғанын көріп көз үйренген.

      Жауап жазу
  2. Отен Ахмет 11 Қазан, 2017, 19:38

    «Ақ жолдық» азаматтар ұлттық намыстың, ұлт мерейін өсірудің өзекті бір мәселесін көтеріп отыр.Бәрекелде! Қолдау керек. Мазмұнсыз құр мақтан жеке тұлғаны да, тұтас ұлтты да, айналып келгенде, масқарасын шығарып жерге қаратады.Өзімізден өзімізді жерітуді доғаратын уақыт жетті.Еліктеумен, көшірумен алысқа ұзамайтынымыз анық байқала бастады.Шынайы ұлттық мүддені алға тартып, қазақтың өз мыйын іске қосайық.Мынау қазақтікі деп көрсететіндеріміз, дәріптейтіндеріміз болмаса, басқасына әлем пысқырмайды.

    Жауап жазу
  3. Махамбет Ерғали 11 Қазан, 2017, 19:40

    Жарайсыз Берік мырза! Ұлттық мүддені көтерудің нақты шарасы болар еді бұл жоба!

    Жауап жазу
  4. Дос 11 Қазан, 2017, 21:19

    Қазақ әлемін жаһаныға мойындатудың амалы болар еді, ұсыныс билікте қолдау табылатын болса.

    Жауап жазу
  5. Самат 11 Қазан, 2017, 21:45

    Өте орынды талап, біздің басшылардың жайбасарлығынан бəрінен артта қалатын болдық, соның салдарынан бүкіл сат дəстүріміз кім болса соның қолында келуде.

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 11 Қазан, 2017, 21:47

    «Ер қанаты-ат»-деп тауып айтқан қазақ

    Жауап жазу
  7. Таныс 12 Қазан, 2017, 15:00

    Әй қуыршақ депутат ай! Бізден сұрап отырғаның не? Заңды шығару Өзіңнің қолыңда гой…

    Жауап жазу
  8. Нуржан Кенжелхан 12 Қазан, 2017, 23:30

    Әрине билік қолдаса неге жасамасқа тек қазақы қазанаттар ғана шабу керек

    Жауап жазу
  9. Сергей Манахбай 12 Қазан, 2017, 23:31

    шіркін осыны қолдап ұрпақты атқа отрғызу керек сабақ болдырып кіргізіу керек дені сау жігерлі таза ақылды болады жылқыға жақын бала ата бабамыз ұлын неге бес жасынан атқа мінгізді мəні терең тарих.

    Жауап жазу
  10. Гулсара Туржанова 12 Қазан, 2017, 23:32

    Дұрыс айтасыңдар дене тәрбиесіне кіргізу керек!

    Жауап жазу
  11. Сергей Манахбай 12 Қазан, 2017, 23:32

    менің бала кунен ат құмарлығым шабандоз болып өсіуім жылқышы ағаларымның арқасы бір күні мұтрасам төрт бестер шамасындамын.жаз жайлау Буянт сумын қорымты таңертең ұйқыдан ойансам белдеуде əдемі тор тай байлаулы тайға қарасам бəрі.мəз сөйтсем ағам Көңбас ағам.Хуаш екемізге сонау Сақсай сумын Даянан.əкеліп ті ол кісі түнде келген көкең уйқыда болған.бұл.сенің атың сендердікі демесі бар.ма ағам бала жүректің қуанышында шек жоқ жялқының қасиетін осылай сездім міне менің жылқы құмарлғым осылай басталды

    Жауап жазу
  12. Сергей Манахбай 12 Қазан, 2017, 23:33

    жылқының ішіндегі жүйрігін аяғы мықтысын міндік өтте қаты жүретінмін Қара көк жылқыны жақсы көремін сондай атым болды

    Жауап жазу
  13. Қолқоюсыз 12 Қазан, 2017, 23:35

    шіркін тұлпар!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*