"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қазақ күресінен әлем чемпионаты: Ел қоржынында екі алтын (ФОТО, ВИДЕО)

Қостанайлық балуан қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

Минск төрінде қазақ күресінен 7-ші әлем чемпионатынан бірінші орынды еншілеген Талғат Әміренов бүгін Өскемен қаласына келді. Спортшыны жаттықтырушысымен қатар, өскемендік жанкүйерлері құшақ жая қарсы алды, деп хабарлайды «Қазақ үні» ұлттық порталының тілшісі.

Спортшы +90 келі салмақта ел намысын қорғады. Алдына келгеннің бәрінен айласын асырып, әлем чемпионы атанған Талғат Әміреновті бүгін өскемендіктер үлкен қошеметпен қарсы алды.

Талғат Әміренов барлығы 4 белдесу өткізді. Жартылай финалдық бәсекеде нидерландиялық палуаннан айласын асырса, ақтық сында кілем қожайынын, яғни беларусь палуанын ұтты. Одан бөлек, Қазақстан құрамасы 60 кг салмақта және әйелдер арасында алтын медальға ие болды.

Сондай-ақ, осыған дейін хабарланғандай, 90 келі салмақта қостанайлық балуан Ерлан Омаров та топ жарып, алтын медаль иегері атанған болатын.

Айта кетейік, Ислам Әбішев басқаратын Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының жетінші рет өткізіп жатқан әлем чемпионатына 45 елден балуандар қатысты.





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 11 Қазан, 2017, 03:14

    қазспортта көрсете ме, қайдан қараймыз

    Жауап жазу
  2. Алтай 11 Қазан, 2017, 21:18

    Минскте дегенді жазған, жаздырған кім екен? Минскіде деп жазушы еді бұрынғы әдеби тілде. Қазіргі балдар, отырық, жатырық, о яқ, бұ яқ, отқан жоқ сияқты сөздер арнаулы пресса тіліне кірген заманда осылай жазылатын болғаны ма? Әлде менікі қате ме? Қазір ештеңеден таң қалуға болмайды ғой… Онда алдын ала кешірім сұраймын.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 11 Қазан, 2017, 21:31

      Қате ғой,бадырайып тұрған.
      Еш нәрсеге таңғалмайтын болды,қай жерде болмасын быжынаған,құжынаған қате,латынға өткеннен кейін қате жазудың әкесі болады.тіпті назар аудармайтын болады.ана орыс басылымдары жазғандары да,сөйлегендеріде тап-тұйнақтай,миға қонымды.бірде қате жібермейді.солардан үйренсін.

      Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*