"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Елімізде нан қымбаттап жатыр

Картинки по запросу нан қымбаттады

Қарағанды облысы, Балқаш қаласында нан бағасы 2 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қаладағы ірі “Балқаш нан” комбинаты бағаны 2 теңгеге қымбаттатып, 56 теңгенің орынына 58 теңге қойған. Бұрын бөлке нан дүкендерде 60 теңге тұрса, қазір 62 немесе 65 теңгеден сатылып жатыр.

“Қазіргі кезде қаладағы барлық сауда дүкендеріне мониторинг жүргізу мақсатында тексеріс тағайындалды. 62 теңге түсінікті, бірақ 65-ке көтерілуі мүмкін емес, себебі кәсіпкерлер нан тасымалдауға шығын кетірмейді. Нанды комбинаттың өзі тиісті нүктелерге жеткізіп береді”, – деп хабарлады қала әкімдігі.





5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 9 Қазан, 2017, 12:16

    қымбаттамаған не қалды ! зейнет ақыны 50 мың теңгеге көтерсін !

    Жауап жазу
  2. шал 9 Қазан, 2017, 12:21

    откен жылгы коимадан паленше миллион тонна бидаи жетпеи жатыр деп еди жорналшылар натижеси не болды уры табылдыма .

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 9 Қазан, 2017, 16:24

    НАН кымбаттауы керек,кыргыз,озбек,рессейге арзанга кетип жатыр.Егин осирип,жинайды,алатын акшалары оте аз.Мунай,газды алайык.Оны ондрушлер жаксы пайда табады,жанеде жылына еки,ушреттен багасын кымбаттады. Нанды тиынга сатып алып жейди. Карандаршы бензин жок,багасы котерилди. Женщин астынан тегин шыгып жаткан озимиздин мунай,газымызды озимизге кымбатка сатады,тонаугой. НАН,унда солай кымбаттау керек. Сонда коремиз халык кымбаттатудын не екенин корсетеди.Макулыкка дейин биледи жанармайдын 30-40% рессейден сатып алатынын.Жиырма алты жылда каншама акша кетти.Урламай тагы еки мунай ондеу зауыт салып жанар майга карык болгар едик.Жумыс орындары пайда болгар еди.Артык жанар жанар майды экспорттауга болар еди.Биликте мисыздар отыр.

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 11 Қазан, 2017, 03:08

    3–шіге, біз мұнайшы жұмысшылар сіз айтқандай жақсы «пайдаға» кенеліп жатқанымыз жоқ. халықпен бірдейміз. жалақы көптен өскен жоқ, өзіміз зейнетке кетсек балаларымызға жұмыс жоқ, жұмыссыз балаларымыз көп. 5-6 адамдық 1 отбасыда кейде 1 адам еңбек етіп асырайды. акцияларымызға девидент төлемегеніне көп болды, не сол акцияның сатып алу құнын берген жоқ. бұл қазмұнайгаздағы жағдай.

    Жауап жазу
  5. Руза 12 Қазан, 2017, 14:16

    масқарасын..

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*