Валюта бағамы USD : 333.57 | EUR : 391.81 | CNY : 50.37

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Немересін бауыздап өлтірген нағашы атасы мастықпен шошқа сойып жатырмын деп ойлаған

Араққа сылқия тойып алған Шет ауданының тұрғыны 3 жастағы жиенінің тамағын осып жеберіп, мұнымен де тоқтамай бірнеше жерден пышақ салған,-деп жазды КТК арнасы.

Бала содан жан тапсырған соң, айуандық жасаған атасы қаннен-қаперсіз ұйқыға кетіпті. Ертеңіне ғана не бүлдіргенін көріп, үйінен қашқан. Араға бір апта салып қолған түскен ол қылмысын мойындады. Ал қара жамылды деген үйдегілер отбасының асыраушысы деп, отағасын жақтап отыр. Жантүршігерлік

Арсенді бауыздайтың түні 39 жастағы Виталий әйелі екеуі 2 бөтелке арақты қылдай бөліп ішкен. Масайған Елена тәлтіректеп көршісінің үйіне кетсе, соңғы шишаны жалғыз өзі сімірген Виталий кішкентай Арсенді жайратып салады. Кейін мұнысын есі кеткен маскүнем, шошқа сойып жатыр екем деп ойладым деп міз бақпай айтып беріпті. Ал қыршын сәбидің нағашы әжесі немересін емес, қамалған ерін жоқтап әлек.

«Қылмысын мойындайтынын айтты. Сол күні шошқа сойған еді. Соның да әсері болған шығар. Оның алдында тістің дәрісін көптеп ішкен болатын. Арақпен араласып есін кетірген сол болуы керек»,-дейді Арсеннің әжесі  Елена Резентюк.

Арсенді бұл отбасының мына үлкен қызы 15 жасында туған екен. Туа сала, ұлды әке-шешесіне тастап өзі қалаға нәпақа табуға кеткен. Бұның да балам өлді деп бауыры езіліп отырмағаны анық байқалады. Көзінен бір тамшы жас тамбаған ол да, әкесін жақтап шықты.

«Баланың беті , құлағы тілгіленген. Тамағын осып жіберген, ұйықтап жатқан күйі өліп кеткен ғой. Жаны қиналмаған шығар деп ойлаймын. Үйдегілер баланың өлгенін таңертең ғана байқаған. Әрине, жаным ашиды. Бірақ өлген бала қайтып келмейді. Әкем болмаса, 4 бауырымды кім асырайды?»,-дейді  Арсеннің анасы Надежда Резентюк.

Бұл үйдегілер жағдайы төмен отбасы ретінде ауданның есебінде тұр. Көршілері де ауыздарынан арақтың иісі кетпейтін отбасыны анадайдан айналып өтуге тырысады екен. Айналдырған 20-ақ үйі бар ауылды мына жағдай тіпті шошытып отыр.

Айуандық жасаған түннің ертесінде күдікті үйден безген. Туып өскен өңірінің әр тасы мен сай-саласын білетін оны полицейлер бір апта іздеп таба алмаған. Ақыры үйіне киім ауыстыруға келгенде қолға түсті.

Осы аралықта ол ауызға ілігетін жидек жеп, өзен суын ішіп, далада түнеп келіпті. Күн күрт суытқан соң шыдамаса керек, түн ортасында үйіне келіп, жылы киімдерін алып жатқанда торуылдап жүрген полицияның қолына түскен. Бірден кінәсін мойындаған ол тергеу абақтысына қамалды.





6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Адам 7 Қазан, 2017, 14:48

    Хайуанды жазалау керек

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 7 Қазан, 2017, 17:16

    Балақай қаз-тан туылғанға ұсайды.суретте.иттердің іші жылымай жүрген ғой.

    Жауап жазу
  3. жанна 15 Қазан, 2017, 13:56

    кайуандылыккой бул жасалану керек

    Жауап жазу
  4. Мира 16 Қазан, 2017, 16:17

    Суканың өзін солай бауыздау керек неге осындай оқиғаларға қатаң жаза қолданбайды сонда тыйылар еді .Балапан ай жүрегім езіліп кетті ғой

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*