Валюта бағамы USD : 333.57 | EUR : 391.81 | CNY : 50.37

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

АЛМАТЫДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

14 қазан сағ. 10:00-де «Алматы арена»  стадионында  қазақ күресі бойынша студент-жастар арасында алғаш рет «Арландар сайысы» Республикалық ашық турнирі өтеді.

Турнирге Астана, Алматы қалалары мен 14 облыстан 96 күрескер қатысады. Ашық турнир ережесіне сәйкесарландар сайысына18 бен 29 жас аралығындағы ЖОО студенттері және спорт клубтарының жас спортшыларының қатысуына рұқсат етілген.

Спортшылар олимпиада жүйесі бойынша үш салмақ категориясында (-60 кг., -74 кг., +90 кг.) күреседі. Әр салмақ категориясының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтар, медальдар және грамоталармен марапатталады. Сонымен қатар, – 60 кг салмағындағы спортшыларды көтеру және қолдау мақсатында жеңімпазға  жеңіл автокөлік сыйға тартылмақ.

Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырысымен 2017 жыл «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. «Арландар сайысы» ұлттық спортты жастар арасында насихаттау арқылы патриоттық сезімді дамыту, халықаралық аренада қазақ күресінің беделін жоғарылату, орта және жеңіл салмақты күресшілердің шеберліктерін дамыту мақсатында жүзеге асырылмақ.

Республикалық турнирдің ашылу салтанатында көрермендер назарына қазақ күресінің пайда болу және даму жолын сипаттайтын театрландырылған қойылым ұсынылады. Сонымен қатар,  ұлттық намыс пен жігерді оятатын рухты әндерімен көпшілікке кеңінен танымал «Серілер», «Алашұлы» топтары және Қажымұрат Шешенқұл сынды әншілер өнер көрсетеді.

Байланыс тел. 8707-838-36-34, 8707-313-91-63, 8778-112-01-43.

qazaquni.kz

 

 





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*