"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Футболдан Қазақстан құрамасы Румынияға «Өзбекстан» деген жазуы бар ұшақпен барды (фото)

Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты 2018 жарысының іріктеу кезеңінде Румынияға өзбекстандық әуе компаниясының ұшағымен келді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Румыния құрамасына қарсы ойын Плоешти қаласында 6 қазанға қараған түні Астана уақыты бойынша 00:45-те басталады. QazSport арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Айта кетейік, Fanatik.kz сайтында мақала авторы Қазақстан құрамасының Румынияға “Өзбекстан” жазуы бар ұшақпен келуіне байланысты әзілдеп те үлгерген.

“Алдамшы тәсіл: біздің ұлттық құрама ойын алдында румындарды қорқыту үшін күшті қарсылас болып келді”, – делінген жаңалықта.

Еске салайық, алда Қазақстан құрамасының ойыншылары үшін әлем чемпионаты 2018 іріктеу кезеңінде екі маңызды ойын бар: 5 қазанға қараған түні Бородюк шәкірттері Румыниямен кездеседі, ал үш күннен соң Астанада қазақстандықтар Армения құрамасын қабылдайды.





1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Омарбек. 4 Қазан, 2017, 23:18

    Мақала не туралы? Біздің футбол командасы өзге елдің ұшағымен ұшқаны туралы ма, әлде ойын кестесі туралы ма?

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*