Орыс актері өзінің қалай мұсылман болғанын айтып берді

Орыс актері ойламаған жерден өзінің қалай мұсылман болғанын айтып берді

Ресейлік актер Сергей Романович "Чернобыль. Жат аймақ", "Метод", "Экипаж" және "Ас үй" сериалдарында, сондай-ақ, "Экипаж", "Матч", "Қорап" фильмдерінде ойнаған, қазіргі уақытта "Ольга" телесериалына түсіп жүр.

Teleprogramma.pro басылымына берген сұхбатында өмірін түбегейлі өзгерткен бір оқиғаны айтып берді, дәлірегі, өзінің ойламаған жерден қалай хақ жолға түскенін баяндады, деп жазады islam.kz.

Ол жиырма жасында ислам дінін қабылдаған (Сергей 1992 жылдың шілде айының 16-ы күні Томск өңірінде дүниеге келген). "Мен әрдайым құдайға сенуші едім. Мен діндар отбасында дүниеге келіп, шоқынған адаммын. Өзімді құдаймен тілдесіп жүргендей күй кешетінмін. Анама алты жасымда: "Уайымдама. Бәрі жақсы болады. құдай бәрін көріп тұр", деп өзін жұбататынымды айтып отырады. Сол кезде мен бір Жаратушының барын түсінгенмін. Николай Чудотворецтің иконын алып, шіркеуге жиі барушы едім. Он алтыға келгенімде өзімді көптеген сауалдар жиі толғандыратын. Оқыдым, тоқыдым, ақыры мынадай шешімге келдім: дін - халықты басқару құралы. Ал құдай әркімнің өз ішінде.

Жиырма жасымда Томскіге келдім. Шәміл есімді жақын досым болатын. Оған қонаққа келдім. Оның үлкен ағасымен пікір таластырып қалдық. Дін жайында, соның ішінде ислам турасында. Мен теледидардан көрсетіп жататын автомат асынған террористер деп ойлайтынмын. Ол тақырыппен қаншалықты таныс екенімді сұрады. Мен оқымағанымды мойындадым. Сол себепті, арамызда әңгіме өрбімеді. Үйге келген соң исламды зерделеуге кірістім, қызық үшін. Неғұрлым тереңдеген сайын соғұрлым бұрыннан мазалап жүрген сауалдарыма жауап таптым. Ендігі жерде мен үшін бәрі түсінікті еді, менің іздегенім де осы еді. Бір ай өткен соң Шәміл біздікіне келді. Ол оның бауырларыммен намаз оқығанымды көріп, айран-асыр болды. Ол өзі намаз оқымайтын. Солай болды десе де болады: мен оны, ал ол мені исламға алып келдік",- деді ол ағынан ақтарылып.

Жақындары бозбаланың басын айналдырып алған екен деп ойлап, алаңдаушылық білдіргенде Сергей оларға бәрін егжей-тегжейлі түсіндіруіне тура келген. Оны, тіпті, өзі білім алып жүрген жоғарғы оқу орнының басшылары, декан профилактикалық әңгіме өткізіп, райымнан қайтаруға тырысқандарын да жасырмады. Кейін оның жат ағымның жетегінде кетпегенін, дұрыс жүріп-тұратынына көз жеткізіп, мазаламайтын болған. Ол хақ жолға түскеніне бес жыл өткенін жеткізді.

"Мен кадрге түскенде сосиски жейтін жерінде мен үшін халалын алдыртатын болды.