Тимур Бекмамбетов Бекман Сойлыбаевқа сәттілік тіледі

Лос-Анджелесте екі әйгілі қазақ кездесті. Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуінің иегері Бекман Сойлыбаев пен әлемге танымал режиссер Тимур Бекмамбетов жолықты. 

Тимур Бекмамбетов өзінің отандасының алдағы айқасына сәттілік тілеп, жақын болашақта барлық әлемдік белбеулерге қол жеткізуіне және PPV боксшылардың санатынан болуына тілектестік білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелесте әйгілі маман Эрик Браунның қарамағында жаттығып жүр. Кәсіпқой шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, барлығыгда жеңіске жеткен. Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуінің иегері. Келесі жекпе-жегін 19 қазан күні Golden boy промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын кәсіпқой бокс кешінде мексикалық Фернандо Варгасқа қарсы өткізеді.