"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Болат Назарбаев ауылдастарына 17 үй салып берді (ФОТО)

Болат Назарбаев баспанаға мұқтаж 17 отбасына үй салып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үлкен мерекелік шара Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында болды. Тұрғын үйлер тұрмыстық жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға берілді. Су жаңа үйлердің кілтін Болат Назарбаев өз қолымен тапсырды.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауыл тұрғындарының алдында сөз сөйлеп, осындай қайырымдылық шара үшін алғыс білдірді. «Біз бүгін қиындықтарға тап болған адамдарға үйдің кілтін тапсырып отырмыз. Бұған ел азаматы, халқын еріксіз сүйетін және елінің патриоты себепкер болып отыр. Мен Болат Әбішұлына алғыс білдіремін. Мұндай игі істер ешуақытта ұмытылмайды. Осылайша 2010 жылы Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жиырма үй салып берді. Мұндай іс біздің облыста бірінші рет болып отыр», – деді Амандық Баталов.

Жаңа қоныстың иесі атанғандар бұл қуаныш жайлы таяуда ғана білгендерін айтады. Біреулер үшін бұл күтпеген жағдай болды. Олардың бірі – Нұрқанат Көксегенов он жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып келіпті. Нұрқанат әртүрлі салада жұмыс істейді, отбасында екі бала бар. Үй салу оның орындалмас арманындай болып кеткен.

Жеті баланың анасы – Бақыт Иманғалиева бірнеше жылдан бері өз үйім болса деп армандайды екен. Әйел адам тапсырыс бойынша киім тігіп, көлік жуу мекемесінде де жұмыс істейді.

Алматы облыстық әкімдігінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары биыл сәуірде басталып, бес айдың ішінде толығымен аяқталған. Барлық үйге орталықтандырылған су құбыры, электр қуаты және газ тартылған. Әр үйдің көлемі – 120 шаршы метр.

«Жаңа үйлерді көмек ретінде «Туған жер» бағдарламасы бойынша меценаттар өз қалтасынан салып берген. 17 үйдің құрылысына Шамалған ауылына 124,5 миллион теңге бөлінген.

Сонымен қатар, тағы 35 миллион теңге инженерлік коммуникацияларға кеткен. Соның арқасында жақын жердегі тағы 75 үйге су тартылды», – деді Алматы облыстық әкімдігінің өкілдері.





14 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Руза 1 Қазан, 2017, 23:56

    Керемет дейміз! Осылай, бақуатты, әмбе де емес танымал адамдарға үлкен абыройғой бұл! басқаларына да жұғысты болсын! Өз халқының жетім-жесір, кедейлерін демеп отырса, әр бай-бақуатты қазақ. бізден мықты мемлекет болмайды!

    Жауап жазу
  2. Марина 1 Қазан, 2017, 23:56

    Қуаныштымын осындай іс шара қолға алып комек тесіп жатқан ағамызға алланың нуры жаусын

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 2 Қазан, 2017, 00:37

    Дурыс куптарлык. Сурак акшаны кайдан Алды екен. Жумыс истемейтин тулгагой.

    Жауап жазу
  4. Жанашыр 2 Қазан, 2017, 06:57

    Чё то кеш бастады, он шакты жыл бурын кырысуы керек еды. Ну ни чё ештен кеш жаксы.

    Жауап жазу
  5. ан тан 2 Қазан, 2017, 17:58

    жанашыр коптин оиын аитыпсын ештен кеш жаксы ….?

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 2 Қазан, 2017, 20:51

    Бұл кісі сонда кəсіпкер ме , қандай бізнеспен айналысады екен???

    Жауап жазу
  7. Тұрсынбек 3 Қазан, 2017, 08:44

    Мәселе қайдан алдыда емес, істеген ісінде. Халқы үшін қызмет еткен азаматтар көп болсын. Жұғысты болсын. Осындай үйлер қазақ даласында көптеп салына берсін. Халқы үшін игілікті іс жасапты азамат, ғұмырлы болсын.

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 3 Қазан, 2017, 17:00

    Ештен кеш жақсы,жақсылықтың ерте-кеші жоқ.
    Азаматтарға маңайыңдағы болып жатқан жағдайлардан тыс қалмау,қазағына титтей де болса жақсылық жасауға тырысу,қарттармен балалардың жағдайын жақсарту игілікті іс.
    Өзіңнен артылып жатса,неге бермеске.Жастарды демеп,балаларға қамқор болуы дұрыс,олар қазақ елінің болашағы.
    Халқына қайырымды болған сайын,мерейі де үстем болмақ.

    Жауап жазу
  9. Тоналған Қазақ 4 Қазан, 2017, 07:27

    Қазақтың байлығы мен қаражаты кімнің қолында кетпеді, ата-бабаларынан қалған ешкімде соншалықты байлық болған жоқ, қаншама ел 30,40,50 мың жалақымен күндерін әзер көріп жүр, халық алдында жауап беретін кез де алыс емес, қазақта ханзада мен қайыршылар, байлар мен кедейлер, аралары жер мен көктей осы 30 жылда пайда болды, айтпаса да, түсінікті, бірақ осылай болуға жол берілді, елдің халықтың игілігі мен ортақ мүлкіне ұрылар қол салды, өздері би болып соны бөліп, тонап жатыр. Қайран, Елім, Қазағым.

    Жауап жазу
  10. он га 4 Қазан, 2017, 13:16

    сокырга оз бидаиын озине куырып берген боп жатырма сонда.

    Жауап жазу
  11. 1ге 7 Қазан, 2017, 22:28

    рузада куып кетипти.

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 8 Қазан, 2017, 00:48

    туалет жуған байға да бәрекелді дейді бұл руза дегенің

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*