Математика пәнінің мұғалімі мектеп шатырында асылып қалды

Оқиға 26 қыркүйек күні Мәртөбе ауылындағы «Мәртөбе» жалпы орта мектебінде орын алған. Жас шамасы 60-ғы математика пәнінің мұғалімі белгісіз себептермен мектептің шатырында асылып қалған, - деп жазады qasym.kz.

Куәгерлердің айтуынша, әріптестері мәйітті тек кешкі уақытта тауып алыпты. Оның өзіне қол салуына не түрткі болғаны белгісіз. Қызметтестері ешқандай ұрыс-керістің болмағанын айтуда. Себебі, марқұмның ұлы осы білім ордасында директордың орынбасары қызметін атқарады екен. Бұл туралы толық ақпарат ОҚО ІІД ресми мәлімдемесінен кейін белгілі болады.