"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Сүрленген соғым еті қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін

Картинки по запросу сүрі ет

Сүрленген соғым еті қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы БҚММУ медициналық орталығының онкохирургі Әріп Қойшыбаев «Диапазон» газетіне берген сұхбатында айтты. Онкологтардың айтуынша, онкологиялық дерттің ең жиі кездесетіні – сүт безі қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі және асқазан қылтамағы.

«Бұған бірінші кезекте тағам әсер етеді, сонымен қатар, тұқымға байланысты, бұл көбінде сүт безі қатерлі ісігі, аналық безінің қатерлі ісігі және тоқ ішек қатерлі ісігі. Біздің орталыққа кеш келетін жағдайлардың 20-30 пайыздайы дәрігерлердің қателігінен. Медициналық қызметкерлер бірге жүретін ауруларды ескермей, салдарынан біз науқастарды әрдайым құтқарып қала алмаймыз. Бірақ көп жағдайда халықтың белсенділігі төмен, тегін болса да скрининг жасау ұсынылса да, тексерілу туралы баннерлер ілініп тұрса да, роликтер көрсетіліп жатса да халық белсенді емес», – дейді онколог.

Қойшыбаевтың айтуынша, ауылдық жерлерде халық онкологиялық аурумен сирек ауырады.

«Еліміз бойынша жалпы географиялық фактор жайлы айтсақ, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде оңтүстікке қарағанда үш есе жиі ауырады. Солтүстікте зауыт көп, халық дұрыс тамақтанбайды. Қысқа ет дайындайды. Қақталған кез келген өнім қауіпті, себебі қақтау кезінде канцерогендер пайда болады, ал солтүстікте қақталған ет көп қолданылады. Мысалы қысқа соғымға дайындайды. Бір қақталған соғым болса, оңтүстікте жеміс көп желінеді. Балауса жеміс пен көкөніс жеу ауруға шалдығу қатерін төмендететіні дәлелденген. Бірақ оңтүстікте күннің әсерінен тері қатерлі ісігіне көп шалдығады», – дейді онкохирург.

Дереккөз: tengrinews.kz





20 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 29 Қыркүйек, 2017, 16:18

    Кыртканынкабыл болсын озине! Гасырлар боиы еттин сан турин жеген Казактар кырылып калатын еди гои? Сиздин аиткан сарттардын жеитин жемисин,малдын шоби деп кабылдаган! Малдын жеген шоби ,еттин курамында бар! Апенди галым! Кошпендилер букил витаминди,багып журген торт тулигинин ети аркылы ,солаардын коректенген шоби аркылы аркылы алып отырган! Сизге али коп оку керек,егер кабылдаитын туисик болса Галым мырза!

    Жауап жазу
    • Үміт 29 Қыркүйек, 2017, 23:41

      Дұрыс айтасыз. Қазақтың генін сүр етсіз елестете алмаймыз.

      Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 29 Қыркүйек, 2017, 17:26

    Өте дұрыс айттыңыз. сүр иісі мұрныма келіп тұр. Шіркін, екі уысымды толтырып жабағының жылы жұмсағын бір асап алар ма еді.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 29 Қыркүйек, 2017, 17:29

    Жылқы еті – жұпар ғой !

    Жауап жазу
    • Губа 29 Қыркүйек, 2017, 18:43

      Қазақ соғымсыз өмір сүрмегег.Неге ата- бабаларымыз қатерлі ісімен ауырмаған?Қазақша ет керек тағам.

      Жауап жазу
  4. Үміт 29 Қыркүйек, 2017, 23:45

    Қазақтың ұлттық тағамына шүбә келтіргендерді түсінбеймін және түсінгім келмейді. Қазақтың сүр еті жасасын!!!

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 30 Қыркүйек, 2017, 09:28

    ет деген де бет бар ма !

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 30 Қыркүйек, 2017, 09:40

    Үмітжан, шіркін қазақтың үйінде былқып сүр асылып жатса, сылқып сылқымдар жүрсе.. одан асқан не қызық бар. содан төсекті белден салып жатса..екі дүниеде арман болмас еді.

    Жауап жазу
  7. Жанашыр 30 Қыркүйек, 2017, 22:12

    Шайнамасыншы !!!…

    Жауап жазу
  8. Серік 30 Қыркүйек, 2017, 23:16

    Біз қайта ата -бабалар не жеді , не ішті соны зерттеп
    , болашақ ұрпақтарға соны
    аманаттауымыз керек !!!! Ал мына кісінің мақаласы
    орыс нұсқасында ,
    сүрленген емес ысталған ет зиянды делінген !!!!! Ысталған қаншалықты зиянды екенін білмеймін , ал сүрленген ол қазақ үшін деликатес , қолынан келгендер ғана жейді .!!!!Осы Қазақтың мың өліп , мың тірілгені осы ата- бабадан келе жатқан біздің ұлттық салт -дəстүр , ата-баба ішіп , жеген тағамдар !!!! Қайта осы сияқты ата – бабалар салт -дəстүр

    Жауап жазу
  9. Берік 1 Қазан, 2017, 00:38

    Осындай ақымақ қалай дәрігер болып жүр. Сүр ет нитрат қосылған колбаса емес қой.

    Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 1 Қазан, 2017, 03:29

    Сүр еттерің болса маған жібере беріңдер адрес жазайын мен ақ қата қалайын. …

    Жауап жазу
  11. Қолқоюсыз 1 Қазан, 2017, 06:25

    саған барғаншаиістеніп кетер, оданда өзім жеп алайын.

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 1 Қазан, 2017, 06:27

    поштаның егеуқұйрықтары …

    Жауап жазу
  13. Жанашыр 1 Қазан, 2017, 07:57

    Батыска багыт алган Жарыместер сауаттылыгымнын, тубыне жетып енды жейтын асыммен алыстыма. Жарыместер Сур ет сендерге кириллица емес.

    Жауап жазу
  14. менғо 2 Қазан, 2017, 01:35

    әкем 96-да әліге дейін ет сүрленбесе айқай салып жемейді. бұл ғұлама не жазарын білмеген.

    Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 2 Қазан, 2017, 09:03

    етті ыстайтын себебі, шыбын тышып құрттамасын дейді. ұсақ малы жоқ адамдар жазда кейде түйе сояды. басқа малы жоқ, түйе еті көп, оны сақтайтын жайлауда тоңызатқыш тағы жоқ. осы себепті кереге үстіне салып, суы сорғыған тұздалған еттің астынан түтін жібереді. бұған әуелі ор қазып дайындалады, ішіне от жағып адыраспан сияқты улы шөппен ыстайды. ал біреулер шағын шошала, абылайша қос болсада жарайды. қос ішіне сырыққа, бақан-уыққа іліп ыстай береді.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 3 Қазан, 2017, 17:10

      ыстамай-ақ,тұздап,аударып отырып та кептіріп,сүрлейді.содан соң,жазда,кілетте,шошалада ұнның ішінде сақтайды,сүрленген етті.

      Жауап жазу
  16. Бауыр 3 Қазан, 2017, 15:35

    ))) осындай галымсмактар каптап кетти гой)))
    кандай гылыми далелдер бар???

    Жауап жазу
  17. Бисенбай 7 Қазан, 2017, 16:21

    Сүрленген ет па,қақталған деп жазылыпты.Копченое мясо ма айтып отырғаны.Соғым еті сүрленеді ғой,ал қақталған деуі түсініксіздеу.Жазып отырған–белгілі ғалым.Оны мазақ етпей,түсініп алу керек.Атам қазақтың онкологияменен «шаруасы болмауының»басты себебі–таза ауада,тек табиғи таза тамақ ішкен.Ескеретін жайт–ата-бабамыз етке нан (қамыр)салып,картоп қоспай,ағаш астауға салып,еттің таза өзін жеген.Еттен соң шәй ішкенде торт қосып,шоколад тістемеген.Сорпаға езілген ащы құрт қосқан.Қымыз ішкен.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*