Валюта бағамы USD : 333.57 | EUR : 391.81 | CNY : 50.37

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Депутат офшордан қайтарылған қаражат туралы мәліметтерді жариялауды талап етті

Қоғам қаражатты заңдастыру кезінде қанша қаржы офшордан қайтарылғанын және оның қанша сомасы жиналғанын білуі керек. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осыған қатысты мәліметтерді жариялауды талап етті.

«Ақ жол» фракциясының көшбасшысы ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Бас Прокуроры Жақып Асановқа осындай депутаттық сауал жолдады.

«Қоғам заңдастыруға қатысты нақты ақпаратты білуі тиіс деп есептейміз. Осыған байланысты бізге офшорлы аймақтан Қазақстан экономикасына қанша ақша қайтарылғаны туралы және құқық қорғау органдарының әрекеті нәтижесінде жиналған қаражат жөнінде ақпарат берулеріңізді сұраймыз. Бұдан бөлек, Қазақстаннан қаражат алып шығуға қанша рет әрекет жасалған?», – деді депутат.

Депутаттың сөзінше, ереже бойынша заңсыз шығарылған қаржы жемқорлық болып есептеледі.

«Мысалы мемлекеттік компания медициналық құрылғыны сатып алуға Маршалл аралдары арқылы төлем жасап, төрт есе көп қаржы жұмсайды. Бұл жөнінде Есеп комитеті мәліметтерінің бірінде келтірілген. Мұндай қаржылар Қазақстан экономикасы үшін жоққа тән. Не жұмыс орындары құрылмайды, не инвестицияланып, өнім шығарылмайды. Шығындар елдің жылдық жалпы ішкі өніміне кері әсер етеді», – деді ол.

Сондай-ақ, ол 2016 жылы Бас Прокуратураның «10 жыл ішінде елден 100 млрд доллар шығарылған» деп мәлімдегенін еске салды.

«Ұлттық банктің мәліметінше, шетке кеткен тікелей инвестициялардың  жалпы көлемі шамамен 113 млрд долларды құрайды, БАҚ мәліметінше оның 58 млрд доллары офшорға кеткен. Бұлардың барлығы ресми аударымдар. Ал көлеңкеде қалған қаржы туралы тек болжап білуге болады», – деді ол.

The Qazaq Times





7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. мурат 27 Қыркүйек, 2017, 19:23

    рессеиден 91ден бери 1,7триллон доллар офшорга кеткен екен акш Жана жылдан кеин по фамилно жария етемиз деп жатыр кимге тисти екенин акшка хат жолдай салынызшы биздикилердин де по фамилно жария етсин арамтамактарды билип журеик арамыздагы кеин каитартанын .

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 27 Қыркүйек, 2017, 19:50

    Ақш ақпан айында конгрессте көп құпияның беретін ашады

    Жауап жазу
  3. Мұстафа 27 Қыркүйек, 2017, 20:10

    СҰРАҚ ДҰРЫС.ЖАУАП ҚАЙДА .ОБШОР ОБЖОР ҚАЗАҚТЫ ҚАЗАҚ ТОНАЙДЫ.НЫСАП ҚАЙДА.

    Жауап жазу
  4. Халық 27 Қыркүйек, 2017, 21:55

    Қанща ақша офшордан қайтарылды, әрине білігіміз келеді, кімдердің қатысы бар, фамилиясы мен атқаратын қызметтері, список қайда, кім болса да жазыңдар оларды, Қазақстаннан қуып, азаматтықтан айыру керек оларды. Ал егер кім екенін айтпасаңдар,Халық болып список жасап берейік пе, кімдердің тойымсыз супер ұрылар екенін бәрі біледі ғой

    Жауап жазу
  5. Түңілген 27 Қыркүйек, 2017, 23:23

    Менің түсінігімше, елден ақша ұрлап, шетелдік банкте шот ашқан адам нағыз халықтың жауы.
    Демек, халықтың жауларына қатал жаза тағайындалуы керек.

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 28 Қыркүйек, 2017, 03:25

    әй, әуелі санап алайық, үркітіп жүрерсің мына түріңмен. тсс.!

    Жауап жазу
  7. Альтруист 17 Қазан, 2017, 10:45

    «Панамское досье» содержит 11,5 миллиона документов, свидетельствующих о наличии офшоров у 140 политиков и госслужащих из более 50 стран, в том числе 12 действующих и бывших мировых лидеров, которые использовали более 214 тысяч офшорных компаний.
    Тексеру керек Қазақстан офшорбайларын. Олсыз болмайды. Ол тексерілмесе, генпрокурор аузын ашпай отыра берсе, қаражатты кім қайтарады? Сол офшордың беті ашыла басталған кезде дүмпиген дөкейлер тәуелсіз прессаға қарсы үнсіз соғыс ашып, сотталғанын соттап, сотталмағанын жауып тастады (Трибуна – Жанболат Мамай; Новое поколение – Б. Габдуллин, КазТАГ – Матаевтар; басқалар…). Кәзір дауыс шығаратындай нақты тәуелсіз сайттар мен газеттер де қалған жоқ. Ол бір жағынан делік. Екінші жағынан әгі дүмпиген дөкейлер Заңға қысым салды. Коррупционерлерді сотау орнына оларға айып-пұл салып босата салатын болды. Оның бәрі де сол офшор істерін аштырмау, ашылса да – заң түрінде жазаға тартылмау болатындай жағдай жасатты үстіден келген нұсқау. Атап айтқанда, заң бізде кәзір саяси қылмыс пен өзі айналысып жүр. Өз еркімен емес, әрине. Енді офшор «қаһармандарына» былай деу керек: сендерді соттайтын Казақстанда заң жоқ, ешдеңеден қорықпай жымқырған ақшаларыңды офшордан қайтарыңдар – деу керек қой деймін. Тыңдайма олар? Қайтарып берсін.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*