"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Отырарда Алаштың ғасырлық тойына арналған айтулы шара өтті (ФОТО)

Қыркүйектің 9-күні ұлылар мекені атанған қасиетті Отырарда Алаш партиясының ғасырлық тойына арналған тарихи тағылымға толы айтулы шара өтті. Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.

Ел игілігі үшін талай тындырымды шаруаларды атқарып жүрген белгілі кәсіпкер Әбдімәжит Сыздықбековтың қолдауымен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Отырар аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Алаш автономиясы – Ұлттық Тәуелсіздіктің негізі» атты ғылыми-танымдық конференцияға Қазақстанның және шет елдердің белгілі ғалымдары қатысты.

Алаш арыстарын еске алуға арналған шара Арыстан Баб кесенесі мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайына саяхаттан басталды.

Шараға белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, Әбдуақап Қара, Шерубай Құрманбайұлы, Берік Әбдіғали, Әбдіжаппар Сапарбаев, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, сонымен қатар, Франциядағы Мұстафа Шоқай атындағы қауымдастықтың төрағасы (Париж қаласы) Саметтин Балабан секілді есімі елге белгілі тұлғалар қатысты.

Әйгілі боксшымыз Геннадий Головкинге әлем жұртшылығы алдында қазақтың шапанын кигізген Алаш рухты азамат Әбдімәжит Сыздықбеков шара аясында барлық қатысушыларға өз алғысын айтты.

– Тұрсын Жұртбайдың бір сөзі бар: «Қазақ мемлекеті жаңғыру үшін әр қазаққа Алаш рухын егу керек!». Міне, біз сол мақсатта жұмыс істеуіміз керек, – деп жиналған қауымға Әлихан Бөкейханның нақыл сөздерін оқып берді.

Шара барысында, сонымен қатар, сахналық қойылымдар көрсетіліп, Алаш арыстарына құран бағышталды. Осылайша, киелі Отырар жерінде Алаш рухы асқақтап, қалың жұртшылық ел деп өткен арыстарды тағы бір мәрте еске алды.

qazaquni.kz





1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Мұстафа 25 Қыркүйек, 2017, 19:39

    АЛАШ ДЕСЕ ..АЛАҚТАП..ОЛАР КІМДЕР ЕДІ ДЕЙТІН МƏҢГҮРТТЕР..БҰРЫШ ….БҰРЫШТА ТОЙ МА..ЕСКЕ АЛУ МА БІР ДЕМЕ ӨТКІЗГЕНДЕРДІ КӨП ХАЛЫҚ ЕСТІМЕЙДІ ДЕ ББІЛМЕЙДІ.Айды аспанға шығарғандай экранға тесіле қарап мені көрсін деген есек дəме….

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*