"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«Жеңгетайлықпен» айналысқан депутатқа қатысты жаңа дерек шықты

Рудный қалалық (Қостанай облысы) мәслихатының депутаты Юлия Каралашқа қатысты «Жеңгетайлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды 365info.kz.

Юлия — «Нұр Отан» партиясының мүшесі әрі қалада белгілі тұлға. Мәслихатта ол әлеуметтік және экология саясаты мәселелері жөніндегі комиссия құрамына енді. Журналистер депутаттың әлеуметтік желідегі парақшаларына шолу жасай келе «қызықтың көкесін тауыпты».

«Оның әрекеттері жас партиялықтың және жастар саясатын басқаратын адамның моральдық келбетімен жанаспайды. Оның барлық аккаунты күмәнді мәндегі әдемі суреттерге толы», — деп жазады басылым тілшісі.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісінде журналистер Юлияның жас қыздарға шетелде жалақысы көп жұмыс ұсынған хабарламасын тауып алыпты.

Қыздарды Араб Әмірліктеріге, Бахрейн Корольдігіне, Сингапурға, Қытайға және Түркияға апару көзделіпті.

Ал жеке хаттарында жұмыстың қандай сипатта екені айтылыпты. Юлия Каралаш пен Ксения Гамова қыздарға 2-3 аптаның ішінде 5-тен 10 мың долларға дейін табысы бар жұмыс ұсыныпты.

Ал қауіпсіздік жағы қалай болады деген сұраққа Юлия барлық жолының реттелгенін айтып жауап берген. Мұнымен қатар, ол жас қыздарға клиенттер сақтанатындықтан, ауру жұқтыру қатері жоқтығын айтып, сендірген делінеді. Юлия Каралаш. © ng.kz сайтынан және депутаттың жеке аккаунтынан.

ДЕРЕККӨЗ:  kaz.tengrinews.kz

 





9 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Алматылық 24 Қыркүйек, 2017, 20:24

    «Нұр Отанда» кім жоқ дейсің, ит пен мысықтан басқаның барлығы бар. Кез келген мемлекеттік қызметке кірген адамды кезінде комсомолға кіргені сияқты, автоматты түрде енгізе салады, автоматты түрде жарналық ақшаны сыпырып алып тұрады. Әсіресе, өңірлерде ол жағына қатты көңіл бөлінген. Партияға кіруге арыз жазасың, немесе жұмыстан шығуға жазасың, үшінші жол жоқ. Ал, депутат етіп «НО» партиясы кім атақтырақ, соны тізіммен апарып депутаттықа сайлай, дәлірек айтқанда тағайындай салады. Әртісі бер, спортшысы бар, енді міне, жезөкшелер бастығы.

    Жауап жазу
  2. Арман 24 Қыркүйек, 2017, 20:38

    Жақсы бопты.Басынан шіриді балық

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 24 Қыркүйек, 2017, 21:19

    Сірә,жақсы таңдапты,депутаттыққа деймінде.шүршіт,қыршит,кім жоқ дейсің бұл нұр отанда,осы ат қана жетпей тұрған то.
    кинәу түсірсе,қатып кетеді.
    әлгі,алғашқы жылдары интер қыз кинөсін көріп,өз-өзімізден ұялып,қысылып жүретін едік қой.

    Жауап жазу
  4. ҚАЗАҚ 24 Қыркүйек, 2017, 22:29

    ЕРКЕКТЕРДІ КІНӘЛАЙТЫНДАР БҰЛ ЖАҒДАИҒА НЕ ДЕР ЕКЕН.

    Жауап жазу
  5. Мейрамбек Қыдыров 25 Қыркүйек, 2017, 02:42

    Мәселенің анық қанығы анықталып олқылықтар табылса, заңда қарастырылған тиісті жазасын тартсын

    Жауап жазу
  6. Әділ 25 Қыркүйек, 2017, 14:56

    неген масқара Нур отан партияасын қорлап журген бундай алаяақтты аттыу керек

    Жауап жазу
  7. шал 25 Қыркүйек, 2017, 17:32

    задный мостка карап турып алганау деим партияга.

    Жауап жазу
  8. Халыкулы 27 Қыркүйек, 2017, 23:13

    Нур Отан туралы Алматылык деген пикир билдируши тамаша жазыпты. Шындыгында солай гой

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 29 Қыркүйек, 2017, 13:09

    іштен шыққан жау жаман,кристальный боп жерген нұротанға бұл өлім ғой,қара күйе,арылмас.бәсе,бұл бұзылған сайқалдар қайдан құжынап-қаптап жатыр десек,қорғаушысы төбеде отырып,партия,өкімет деңгейінде ұйымдастырылып отырған екен де.бұндағы шабақ-шортандардан кімдерді ілді екен,қармақтарына.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*