"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Әлиханның Семейдегі ескерткіші – «Ақ жол» бастамасының нәтижесі

Бүгін Алаштың астанасы болған Семей қаласында ұлт көсемі Əлихан Бөкейханның еңселі ескерткіші ашылды. Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталы хабарлайды.

Ескерткішті ашуға облыс әкімдігінің басшылығы мен Семей қаласы әкімдігінің өкілдері, зиялы қауым мен ғалымдар, республикалық «Ақ жол» партиясының мүшелері жиналды.

Ескерткіштің биіктігі 5 м, авторы – Бақытбек Мұхамеджанов. Онда Әлиханның еркін бейнесі қалыптастырылған, сол қолы қалтасында, оң қолының ұшымен асық иіріп тұрған көркем образы жасалған. Артқы жағында үстел қойылып, онда кітаптар мен киімдер орналастырылған. Ескерткішті жасауда авторлар белгілі алаштанушылардың еңбектеріне сүйенген және сәтті шыққан деп айтуға болады. Орналасқан жері Ленин көшесі Жеңіс саябағының жанында. Бұл – бәріміз айтып жүрген рухани жаңғыруымыздың бір көрінісі. Бұл – қоғамдық сананың ашықтығы, билік тарапынан тарихқа берілген әділ баға. Бұл – ел азаматтарының көп жылғы арман-тілегінің орындалғаны, – деп жазады e-history.kz.

Салтанатты шараға Астанадан арнайы келген Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев алаш көсемінің Алаш қаласының төрінен орын алуы Шығыс жұртының ғана емес, бүкіл еліміздің қуанышы екендігін атап өтті.

Еске сала кетейік, 2012 жылы Парламент тарихында Алаш арыстарын алғаш атап, депутаттық сауал жасаған   «Ақ жол»  партиясы 2015 жылы  тағы да Үкіметке осы мəселеге байланысты депутаттық сауал жолдаған болатын. Оны  партия төрағасы Азат Перуашев жариялаған еді.  Онда Алашорданың астанасы болған Семейді Алаш қаласы деп атау, сол қалада Алаш Үкіметінің басшысы Əлихан Бөкейханға еңселі ескерткіш орнату жөнінде ұсыныстар айтылған еді.

Міне, көп тілегі қабыл болып, бүгін Алашорданың астанасы болған қасиетті Семей шаһарында Алаш  көсемі Әлиханның еңселі ескерткіші ашылды.

qazaquni.kz

 

Қазыбек ИСА. Алаш идеясы -Тәуелсіз Қазақстан идеясы

 

СЕМЕЙДЕ ӘЛІ ТҰРҒАН ЛЕНИН КӨШЕСІНЕ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫ БЕРІЛУІ КЕРЕК!

 

 

 





22 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Мамбет Курманбаев 22 Қыркүйек, 2017, 16:10

    Құтты болсын Алаш көсемі Əлихан Бөкейханға арналған ескерткіш пен ұлықтау рəсімі! АҚ ЖОЛ- партиясы мен жетекшісі Азат Перуашев мырзаға Алланың нұры жаусын!!

    Жауап жазу
  2. Nurlan Bi Yessengazy 22 Қыркүйек, 2017, 16:10

    Қазақ ұлттық құндылықтарын дамытып жүрген азаматтарға Алла тағаланың нұры жаусын!

    Жауап жазу
  3. Nurlan Bi Yessengazy 22 Қыркүйек, 2017, 16:11

    Құтты болсын!

    Жауап жазу
  4. Махамбет Ерғали 22 Қыркүйек, 2017, 16:12

    «Ақ жол» бастамалары нәтижелі болып келе жатқаны қуантады!

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 22 Қыркүйек, 2017, 16:13

    Алға, Ақ жол!

    Жауап жазу
  6. Салтанат Арын 22 Қыркүйек, 2017, 16:14

    Алаш көсемі Әлиханның ескерткіші ашылғанда Алаштың арқалы ақындары қайда жүр?

    Жауап жазу
  7. Erlan Zhagsai 22 Қыркүйек, 2017, 16:50

    Құтты болсын, ағайын!
    Алаш көсеміне əр қаладан бір ескерткіш қойылса да артық етпес!

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 22 Қыркүйек, 2017, 17:01

    Атамыздың әруағы риза болып,бір аунап түскен болар.Қайырлы болсын!
    Алматы мен Астана төрінен қашан ылайықты орнын алады?басты көшелер мен проспектілерге берілмей,шеттегі бір қисық-қыңыр көшелерге бере салады.
    Кесек тұлғаның тарихта алар орны зор,заңғар,алып.
    Астананы қыздан бетер әспеттеп,жыр жазып,сыр ақтаратын ақындар неғып жатыр,Әлекеңнің рухына жырдан шашу шашпай.әншейінде жоқтан бар ғып, тұлға деп ат қойып,мадақтап жататындар,міне,нар тұлға.

    Жауап жазу
  9. Жанарбек Берістен 22 Қыркүйек, 2017, 18:20

    Ескерткішті жасаған белгілі үсінші Бақытбек Мұхамеджан.

    Жауап жазу
  10. Жанарбек Берістен 22 Қыркүйек, 2017, 18:21

    Көрнекті жерге қойған сияқты. көпірдің астына қойдырмақшы болып дау болып жатқан.

    Жауап жазу
  11. Қазыбек Иса 22 Қыркүйек, 2017, 18:22

    Бізден бір курс жоғары оқып еді Бақытбек. Ескерткішті жасап жатқанда алдын ала көріп кеткенмін.

    Жауап жазу
  12. Қазыбек 22 Қыркүйек, 2017, 18:38

    Жақсы жасалған ескерткіш!

    Жауап жазу
  13. Жанашыр 22 Қыркүйек, 2017, 20:58

    Бәрекелді!!! Алаш арыстарының руқы ұлтымен бірге жасай берсін.Алаш идеясы ұрпақ санасында өшпестей боп қалу үшін барлық облыс және аудан орталықтарынан алаш арыстарына арыналған аллеялар мен саябақтар ашылса нұр үстіне нұр болар еді.

    Жауап жазу
  14. Қолқоюсыз 22 Қыркүйек, 2017, 21:03

    Ақсарбас! халқымыз шаттанғанда ақсарбас атайтын.

    Жауап жазу
  15. Жаркын Утешова 22 Қыркүйек, 2017, 21:23

    Құтты болсын!Мәскеуден де ескерткіш ашуды қолға алу керек!

    Жауап жазу
  16. Тусупов Марат 22 Қыркүйек, 2017, 21:24

    Енді туып өскен Қарағанды өлкесіндегі, қаладағы қанды Октябрь ауданын ауыстырып Алихан атамыздың атын беруге ат салыссыншы Ақжолдықтар.

    Жауап жазу
  17. Зиябек Кабульдинов 23 Қыркүйек, 2017, 00:07

    Азат Перушаев бастаған ҚР Парламент Мажилис депутаттарының бір жыл бұрын қозғаған бастамалары 22 cәүір күні өз нәтижесіне жетті! Жасасын Алаш Елі! Осы күні рухани жаңғырудың нағыз жүзеге асқан бір қадамының күәсі болдық!

    Жауап жазу
  18. Жұмабай 23 Қыркүйек, 2017, 10:55

    Дұрысы дұрысау ал енді осы Қазақ тілі ар жерде ар қалада баспаларда айтылып жүр.. Енді осыларға күш салсақ..Алиған Бөкейхан аталарымыздың негізгі қағидасы осы болар,жер жерде Қазақ Қазақ ша сөйлеу , Қазақ ша кітап журнал,басылымдар,армандаған солай емеспе,мысалы ескерткіш не үшін дегенде осылай жауап емеспе,? Қалай ойлайсыз дар.Е еді біздерде қазіргі ұрпақ тар соған лайықты болайық..

    Жауап жазу
  19. Gulzhan Kazimova 24 Қыркүйек, 2017, 10:30

    Иә! Құтты болсын! Үкіметке үсті үстіне хат жазып, лайықты, көрсе көз сүйсінетін ескерткіш орнатылғанына осы іске ҰЙЫТҚЫ болған елдің қазақы рухты барлық АЗАМАТТАРЫНА жеке өз атымнан алғыс білдіремін! Көп болып, елдің-жұрттың аманында, көпе-көрнеу орысшаланып бара жатқан Өскеменімнің қақ ортысына «Көппен жалғыз әлі күнге алысып» тұрған Абай атамды жалғызсыратпай қазақ тілім дегенде жүрегі қан жылап мені де жалғызсыратпай Алаш болып…Әлихан Бөкейхан мен Қайрат Рысқұлбековтың алып ескерткіштерін орнатып беруге көмек жасасаңыздар әруақтар өздеріңізге разы болар еді!!! Өлі разы болмай тірі байымас деген! Өскеменнің ақшалы қазақ жігіттеріне де базына ғой бір жағынан! «Көп түкірсе көл» деген. Игілікті іске «Өскеменніғ қазақы рухын ояту үшін» деген қоғамдық Қор құрып жіберіп, бір ортаға тиындарымызды жинап Өскеменге осы екі ескерткішті монументалдық композиция түрінде жобалап орнатсақ ғажап оқиға болар еді!!!! Қолдаймын деген азаматтар болса жекеге шығып, забарлассын! Ақылдасайық!!!! ПыСы: Бұл менің Өскеменнің тұрғыны, жеке азамат ретіндегі жазбам! Неге бұлай «ескерте» береді дегендер болса….оның «өзіндік» себебі бар…

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 24 Қыркүйек, 2017, 11:07

      Өскеменде Қабанбай бабамыздың ескерткіші барма?
      Жалпы,Ақтамберді жырау мен Дулат Бабатайұлына ескерткіш барма?
      Күмбір-күмбір кісінетіп,күреңді мінерме екенбіз?
      Адамзаттың алыбы Абай атамыздың қатарына батыр бабалары мен Әлекең қосылса қандай ғанибет! рухтандыратын,жігерлендіретін,текті бабалар әруағы қолдап-жебеп-қорғап жатпас па?!.
      Алтын рухты бабаларым туған жер төсінде дамылдап жатқан жоқ па!

      Жауап жазу
  20. Қолқоюсыз 24 Қыркүйек, 2017, 10:55

    Құтты болсын!

    Жауап жазу
  21. Бакыт Айханова 24 Қыркүйек, 2017, 10:55

    Құтты болсын! Жарайсындар азаматтар! Енді Семейді облыс орталығы болуына күш салсандар нұр үстіне нұр болар еді!!!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*