"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Семейде Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші ашылды

Семейде Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші ашылды

Қазақтың рухани астанасы – Семей шаһарында Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ескерткіштің ашылу салтанына жиналған халықпен бірге Парламент мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Егемен Қазақстан» газеті АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Гумилев атыдағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Ғарифолла Есім мен проректоры Дихан Қамзабекұлы, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов т.с.с. қатысты. Ұлт көсемінің рухына тағзым етуге жиналған белгілі жазушылар мен ақсақалдар ізгі тілектерін білдірді.

«Бұл ескерткіш өскелең ұрпақтың болашағы үшін, еліміздің бостандығы үшін жандарын пида еткен көсемдердің рухтарына тағзым ететін, Тәуелсіздіктің қандай ұғым екенін түсінетін, бостандықтың не екенін білетін адамдардың киелі орнына айналары сөзсіз», – деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

Оның айтуынша, Елбасының тапсырмасына сәйкес Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай үлкен шаралар ұйымдастырылған. Ал, ескерткіш жобасын осы шараларға жауапты республикалық комиссия қабылдаған.

Айта кетерлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Алаштың 100 жылдығын қалай тойлау керектігі жөнінде республикалық жоба қабылдаған. Семейде осы жоба арқылы барлық жоспарланған шаралар жүзеге асатын болды. Осы ретте Әлихан Бөкейхановқа арналған ескерткіштің ресми ашылғаннан кейін, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте ғылыми-тәжірбиелік конференцияның өткізілмек.

Сонымен бірге, Алаш қайраткерлеріне арналған жаңа экспозияциялық көрме залының Абай музейінің бөлімінде салтанатты түрде тұсауы кесілмек.

 

СЕМЕЙДЕ ӘЛІ ТҰРҒАН ЛЕНИН КӨШЕСІНЕ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫ БЕРІЛУІ КЕРЕК!

 

Қазыбек ИСА. Алаш идеясы -Тәуелсіз Қазақстан идеясы





7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Жанарбек Берістен 22 Қыркүйек, 2017, 18:19

    Көрнекті жерге қойған сияқты. көпірдің астына қойдырмақшы болып дау болып жатқан.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 22 Қыркүйек, 2017, 22:03

      Қуан,қазақ,ақ сүйек,джентльмен,кімнен кем болғандай.Алаш арыстары аталарыңа қарап бой түзеңдер.
      Болашақа бастар темір қазығың,адамдықтың шыңына жетелейтін
      бағыт-бағдар беріп тұрған жоқпа аталарың.

      Жауап жазу
  2. Жанарбек Берістен 22 Қыркүйек, 2017, 18:19

    жасаған белгілі үсінші Бақытбек Мұхамеджан.

    Жауап жазу
  3. Қазыбек Иса 22 Қыркүйек, 2017, 18:22

    Бізден бір курс жоғары оқып еді Бақытбек. Ескерткішті жасап жатқанда алдын ала көріп кеткенмін.

    Жауап жазу
  4. Шолпан 3 Қазан, 2017, 10:19

    Әлихан Бөкейханға қойылған ескерткіш дұрыс ойдан тумаған. Асық ұстап, қолын қалтасына салып тұру қайраткердің тұлғасын төмендетіп тұр. Бей-жай, қолындағы асыққа ерігіп қарап тұрған адамның бейнесі. Оны біреу түсінсе біреу түсінбейді. Әсіресе шетелден келгендер түсінбейді. Оданша көсемнің асқақ жүзбен болашаққа көз тігіп, қолына сол кезде алғаш шыққан қазақ газеттерінің бірін ұстап ұрған тұлғасын жасау керек еді. Мына бейне сыннан қалай өткеніне таңмын!

    Жауап жазу
  5. Шолпан 3 Қазан, 2017, 10:58

    Айтпақшы, жазбай ұмытып кетіппін ғой. Кітаптарды қор ғылып қайраткердің артында тұрған жатаған орындыққа қойып қойғаны несі? Ең болмаса сол кітаптарды қайраткердің қолына ұстатпады ма екен? Көңілім толмай, жыным келіп жүр, осы ескерткіш ашылғалы… Бас бармағы мен сұқ саусағына асық қыстырып, соған қарап тұрған қайран аяулы Алаш көсемі!

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 3 Қазан, 2017, 11:06

    Әлекеңе ендігі қояр ескерткіштерде осы сын ескертпелер еленер деп,талғамы жоғары мүсіншілер сұрыпталып,республика көлемінде талқыланып,ақылдасып қоятын болар деп үміттенеміз.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*