Төл дыбыстарымызды сақтауда  экспериментке  баруға болмайды

Бұл дыбыстардың сақталуын жүз пайыз қамтамасыз етуіміз, яғни кепілдік беруіміз керек

 

А. Байтурсынұлы  атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбекке,

Республикалық тілдерді дамытуды үйлестіру –әдістемелік орталығының директоры   Ербол Тілешовке

 

Арыз

          Сідерге және басқа барлық мүдделі жақтарға 11.09.2017 жылы парламент мәжілісінің қарауына ұсынылған қазақ тілінің латынға негізделген әліпбиінің жаңа жобасына байланысты сыни пікірімді жеткізуді азаматтық міндетім деп есептеймін. Осы уақытқа дейін яғни 11.09.2017 жылы және парламентте ұсыну талқылау кезінде президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап пікір айтқан барлық қоғам, мемлекет, ғылым қайраткерлері, оның ішінде өздеріңізде барсыздар, қазақ тілін латын графикасына өткізу мына принциптерге негізделетінін үнемі қадап көрсетіп келді.
  1. Қазақ тілін латын графикасына өткізу тек қана қазақ тілінің заңдылықтары негізінде, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкес жүзеге асыру.
  2. Қазақ тілі әліпбиін күштен таңылған кириллицамен келген басы артық, қазақ тіліне тән емес дыбыстар мен белгілерден тазарту.
  3. Бір дыбысты тек бір әріппен белгілеу.
Осы принциптерден ауытқу қазақ тілін бұзып бүлдіруге әкелетінін барлығыңыз да әлденеше рет қадап – қадап айтып, көрсетіп жүрдіңіздер. Ал енді іс жүзінде не болды?. Не ұсынып отырсыздар? Сіздер іс жүзінде осы айтқан принциптеріңізден дейміз бе, әлде уәделеріңізден дейміз бе, тайып, оларға тура қарсы, қарама – қайшы іс әрекет жасап отырсыздар. Яғни қазіргі кириллицалық қазақ алфавитінен жаңа жобаның принципті айырмашылығы жоқ. Сол баяғы кириллицадағы Ч,Ц,В,Х,h,Ф,И(долгий) жаңа жобада берік орын тепкен екен. Қазақ тіліне тән 28 дыбыстың орнына 35 дыбыс болып тұр. Жобаны жасаушылар мен қабылдаушылардың Ң әрпі мен h  әрпіне бас әріп салып қойғаны тіпті ұят. Себебі қазақ тілінде Ң мен h әрпінен басталатын бірде бір сөз жоқ. Сондықтан бұл әріптер сөз басында да сөйлем басында да болмайды. Демек бас әріптер де болмайды. Керегі жоқ бас әріп таңбасын әліпбиде көрсетудің не керегі бар деген сұрақ туады. Сіздердің жария сөздеріңіздерден кириллицамен қазақ тіліне енген қосарланған әріптер мен қосарланған дыбыстардан құтылу әліпби реформасының басты мақсаттары деп түсінген едік. Бірақ бұл жерде сіздер қарама-қарсы жаққа шығыпсыздар. Ә,Ө,Ү,Ң,Ғ,Ч,Ш,Ж дыбыстарын белгілеуде екі әріп бір дыбыс жүйесін қолданыпсыздар. Ал Ә,Ө,Ү,Ң дыбыстары қазақ тілін Қазақ тілі етіп тұрғаны бәрімізге белгілі. Тіпті сіздер реформаның мақсаты осы ерекше дыбыстарды сақтауға бағытталғанын айтып отырсыздар. Яғни бұл мәселеде ешқандай тәуекелге, экспериментке баруға болмайды. Біз жаңа әліпбиді енгізу нәтижесінде бұл дыбыстардың сақталуын жүз пайыз қамтамасыз етуіміз керек, яғни кепілдік беруіміз керек. Ал сіздердің жобаңызды енгізгенде келешекте не болады?  Келешекте не болатыны айдан анық көрініп тұр. Келешекте Ә ның орнына ае, Ө ның орнына  ое, Ү нің орнына уе, Ң дыбысының орнына НГ деп сөйлейтін боламыз және жазамыз. Сонда сіздердің мысалыңыздағы ӘЛЕМ сөзі АЕЛЕМ, ӨРКЕН сөзі ОЕРКЕН, ҮКІМЕТ сөзі УЕКІМЕТ,  ТАҢБА сөзі ТАНГБА болып тұрады. Қазір SAMSUNG деген сөзді ешкім САМСУҢ деп оқымайды, САМСУНГ деп оқиды және айтады. ТӘҢІР деген қазақтың сөзін қазір барлығы ТЕНГРИ деп жазып және айтып жүр. БАНГКОК тайландтың астанасын ешкім БАҢКОК деп айтпайды. Осы мысалдардың негізінде сіздердің әліпбиіңізді қабылдасақ данышпан Ахмет Байтұрсынұлы ескерткендей «ИТ ДЕП ЖАЗЫП ШОШҚА ДЕП ОҚЫП» жүретініміз анық. Міне, сіздерге соқырға таяқ ұстатқандай көрнекті мысал керек болса! Бір таңқаларлық жағдай жобада «І і» және «И» (долгий)дыбыстарына латын алфавитінен бір таңба яғни  «I» әріпі белгіленіпті. Сонда бұл әріп екі дыбыстың міндетін қандай жағдайда қалай  атқарады? Сол сияқты «НҺ» әріпі «Һ» мен «Х» дыбыстарының қызметін атқарады екен. Тағыда сұрақ: Қалай, қандай жағдайда неге қажет? Сіздер ұсынып отырған жобада «Й» мен «И» әріптері – дыбыстары бар. Бұл кириллицамен қазақ тіліне енгізілен ТІЛБҰЗҒЫШ десе болады. Себебі қазақ тілінде тек бір ғана тән «Й» дауыссыз дыбысы бар. 1960 жылы енгізілген ережеге сәйкес біз мына сөздерді 1960 жылдан бері мына түрде жазып келеміз: СИЫР, ҚИЫР, ЖИЫРМА тағы сол сияқты. Ал 1960 жылға дейін бұл сөздерді былай жазып келгенбіз: СЫЙЫР, ҚЫЙЫР, ЖЫЙЫРМА тағы сол сияқты. Мен мұны мектепте оқып жүрген кезімнен есіме сақтап қалғанмын. Бұл жерде «Й» дыбысы ДАУЫССЫЗ дыбыс қызметін атқарып тұр. Ал алдындағы мысалдарда ДАУЫСТЫ дыбыс қызметін атқарып тұр, бұл қазақ тілінің дыбыстық жүйесі заңдылығына қарсы. Бір сөздің ішінде екі дауысты дыбыс қатар келіп бірігіп кетіп тұр. 1960 жылға дейінгі қазақ тілі оқулықтарында бұл сөздер СЫЙЫР, ҚЫЙЫР, ЖЫЙЫРМА түрінде жазылған. 1947 жылы шыққан 25 сомдық банкнотта ЖЫЙЫРМА БЕС сом деп жазылған. Бұл нені көрсетіп тұр деген сұрақ туады. Оған жауап: «Й» дыбысы қазақ тілінде біреу-ақ және ол дауыссыз дыбыс болып табылады. Қазақ тілінде «И» (долгий) деген жоқ. Ал «И» краткий және долгий түрлерін енгізу қазақ тілін бұзып, шатастыруға әкеліп отыр. Осы сияқты «У» дыбысы жөнінде осындай шатасу орын алып отыр. «У» дыбысы бір сөздерде ДАУЫСТЫ, бір сөздерде ДАУЫССЫЗ дыбыс қызметін атқаруда. Ал шындығында «У»  дыбысы да біріңғай ДАУЫССЫЗ  дыбыс болып табылады. Сондықтан «И»  және «У»  дыбыстары өз алдына және басқа ДАУЫССЫЗ дыбыстармен бірігіп буын құра алмайды. Мысалы «УАҚЫТ» деген сөзді алайық.  Бұл сөзде «У» дыбысы  ДАУЫССЫЗ дыбыс қызметін атқарып тұр, ал «СУ» деген сөзді алсақ ДАУЫСТЫ дыбыс қызметін атқарып тұр. Ал «ТУАДЫ», «БУАДЫ», «ЖУАДЫ» деген сөздердегі «У» дыбысын ДАУЫСТЫҒА жатқызамыз ба, ДАУЫССЫЗҒА  жатқызамыз ба? Кириллицадағы ереже бойынша бұл «У»-ларды ДАУЫСТЫ дыбыс деп есептеуіміз керек. Бірақ бұл қазақ тілінің табиғи заңына қарсы болады. Себебі екі ДАУЫСТЫ дыбыс қатарынан келіп бірігіп кетіп тұр. Бұлай болуға тиісті емес, бірақ солай болып тұр. Былайша айтқанда НОНСЕНС  дейміз бе әлде ПАРАДОКС деймізбе? Бұл жерде барлық кілтипан біздің қазақ тілінде «У» дыбысының тек қана ДАУЫССЫЗ дыбыс екенін мойындамауымызда. «У» дыбысы дауыссыз дыбыс. Ал біз оны дауысты дыбыс деп есептеп, оның алдында міндетті түрде тұратын «Ұ», «Ү» дыбыстарын көрмеуімізден болып тұр. Егер «Ұ» әріпін «У» әріпінің алдындағы заңды орнына қойып УАҚЫТТЫ - ҰУАҚЫТ, ТУАДЫ -ТҰУАДЫ, БУАДЫ -БҰУАДЫ, ЖУАДЫ -ЖҰУАДЫ, СУ -СҰУ, БУ -БҰУ деп жазсақ қазақ тілінің барлық заңдылықтары орындалады. «Үү» дыбысы бойынша осы «Ұұ» дыбысымен бірдей жағдай. Қазірге кезде біз КИІК, БИІК. СУРЕТ деп қате жазып жүрміз: Дұрысы КІЙІК, БІЙІК, СҮУРЕТ тағы сол сияқты. «Р» және «Л» дыбыстары бойынша  да қате жазып жүрміз. Мысалы: ЫРЫС деген сөз бар. Содан шыққан адам фамилиясын «РЫСБАЕВ» немесе «Рысбеков» деп жазамыз. Алдындағы «Ы» жазылмай қалады. ЫРЫЙЗАМЫН деген сөзді РИЗАМЫН деп жазамыз. ЫЛАЙЫҚ, ЫЛАҚ деген сөздерді ЛАЙЫҚ, ЛАҚ деп қате жазып жүрміз. Қазақтың батыр қызы Алияның туылғанда қойылған есімі ЫЛЫЙА болған. Оны Алия деп жүрміз. Ал қазақта Алия деген есім болмаған. Ал Қазақстанның барлық өңірлерінде ЫЛЫЙА есімі болған. Осы мысалдар мынаны көрсетіп отыр.
  1. «У», «И» дыбыстары тек қана ДАУЫССЫЗ дыбыстар.  
  2. «У», «И», «Л», «Р» дыбыстарынан сөз басталмайды, сөйлем де басталмайды. Сондықтан бас әріпте болмау керек.
Біз ОРЫСТы неге ОРЫС дейміз. Олардың өз аты РУС емес пе? Себебі біздің тіліміздің табиғатында «Р» әрпінен сөз басталмайтын болғандықтан РУСтың алдына «О» қосылған, ал «Ы» дыбысы қазақ тілінде «У» дауыссыз дыбыс болуына байланысты буын құра алмайтындықтан «У» дыбысын ауыстырып ОРЫС деген қазақ сөзі шығып тұр. Осы заңдылыққа сәйкес РЕСЕЙ сөзін ІРЕСЕЙ деп жазуымыз керек. Қазақ тілінде бір буында екі дауысты дыбыс болмайды, бір буында екі бірдей дыбыс болмайды және екі дауысты дыбыс бірігіп кетпейді, екі дауыссыз дыбыс бірігіп кетпейді. Осы жоғарыда кирилица жазуымыздағы орын алып отырғар қателіктердің ең негізгі, басты, тіпті жалғыз себебі әліпбидің дұрыс түзілмеуінде, оған қазақ тіліне тән емес дыбыстардың еніп кетуінде екені жалпыға бірдей, оның ішінде сіздер де барсыздар, мойындалған, анықталған ақиқат ФАКТ. Сіздер жоба жасауға кіріспес  бұрын кириллица алфавитінің әрбір жеке факторының қазақ тіліне келтірген және келтіріп отырған және келешекте келтіретін зияндары мен зардаптарын анықтап, талдау жасап, себеп салдарын анықтап, соған байланысты жаңа әліпбиге енгізетін әрбір өзгерістер мен шешімдерді қабылдауды негіздеулеріңіз керек еді. Сіздердің жұмыстарыңызда бұл көрінбейді, бар болса айтар едіңіздер ғой. Сол сбепті жұмыстарыңыздарда бір ізділік, принциптілік, жүйелілік жоқ. Мен интернеттен көрдім: Бір маманның айтуынша сіздер келіп түскен көптеген жобалардың ішінен ең төмен деп табылған жобаны парламентке ұсыныпсыздар деген сөз бар. Меніңше дұрыс айтылған сөз деп есептеймін. Менің естуімше әліпбидің жаңа жобасын таңдап, парламентке ұсыну үшін президент құрған беделді ғалымдардан, қоғам және мемлекет қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері  кірген комиссия болуы керек. Әліпби жобасын парламентке сіздер емес, сол комиссия ұсыну керек еді. Ол комиссияның жұмысы жариялы және ашық болуы керек еді. Ал іс жүзінде олай болған жоқ. Сіздер ұсынылатын әліпби жобасын және баламалы әліпби жобаларын парламентке ұсынғанға дейін жабық ұстадыңыздар. Осының кесірінен осындай сапасыз әліпби жобасы парламентте тек жалғыз жоба ретінде талқыланып отыр. Бұл демократия принциптеріне қайшы және ең таңдаулы жобаны таңдап алуға мүмкіндік бермейді. Бізге, халыққа қандай альтернативті жобаларды қандай негіздермен жарамсыз деп тапқандарыңыз белгісіз. Бұл енді адалдыққа жатпайды. Ал біз адал болуымыз керек. Сіздердің бұл әліпбилеріңіздің жобасы осы күйінде қабылданса, келешекте осы көрсетілген және одан да басқа жарамсыздықтары ашылып, жасалған істің бәрі құрдымға кетіп «провал» болып жатса, дұшпанға таба, досқа күлкі болып, масқара боламыз. Сондықтан сіздер халықтың алдында өздеріңіз түзген және парламентке ұсынған жаңа әліпби жобасының қазақ тілінің заңдылықтарына сәйкес келмейтінін, қазақ халқының ең маңызды құндылығы  ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ зиянды екенін мойындап, одан бас тартып, бұл нұсқаға бірден қол қоймай, "Ел пікірін ескеру керек" деп Елбасымыз айтқандай, бір дұрыс шешімге келулеріңізді сұраймын.

14.09.2017 жыл

 

  Ізгі ниетпен арыз иесі                   

  Әлімбай СҰЛТАНБЕК  Нәбиұлы

   Алматы облысы,

  Қарасай ауданы, 

   Бұлақты ауылы,

  Новостройка көшесі,

  тел: 8-702-170-24-13 

qazaquni.kz