Өмірзақ Ақжігіт: Латын әліпбиі ұлттық ерекшелікке сай болу керек

Й, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, В, Ф, Ю, Я, Ф ( барлығы 12 әріп) - қазақ тілінде жоқ әріптер! Күнделікті өмірде "телефон" емес "тілипон", "вагон" емес "багон", т.с.с. дейміз. Қытай тілінде Р әріпі жоқ, Одан қытай тілінің кеміп қалған жері тағы жоқ. Х да кірме! Ол кездесетін сөз өте аз. Кириллицадағы 32 әріптен осы 13 әріпті алып тастасақ 19 әріп қалады.Төрт-бес сөзде ғана (гауһар, жауһар, қаһарман, аһ, уһ) қолданылатын Һ әрпін де алып тастауға болады. Сонда 19 әріпке Ә, І, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Қ, Ө, қоссақ 27 әріп шығады. 

Ал, А - A , Б - B , Г - G, Д - D, Е - E, Ж - J, З - Z, И - I, К - K , Л - L, М - M, Н - N, О - O , П - P , Р - R, С - S, Т - N, У - U, Ы - Y, Қ - Q етіп, бір дыбысты бір әріппен бере аламыз. Әріптердің ішінен "Ш "ғана "sh" болып қос әріппен беріліп жүр. Сонда біз айналдырған 7 төл дыбысымызға жеке әріп тауып бере алмаймыз ба? Ә - A-ның төбесіне қос нүкте, І - I-нің төбесіне қос нүкте, Ң - N-ның құйрығы бар етіп, Ғ - G-ның төбесіне қос нүкте қойып, Ү - U-ның төбесіне қос нүкте , Ұ - U-ның үстіне сызықша, Ө - O-ның төбесіне қос нүкте қойып жазсақ, кім бізге қой дейді? Ондай әріптер Европадағы латын алфавитін қолданатын елдің бәрінде дерлік бар ғой. Әр ел өзінің ұлттық ерекшеліктерін ескеріп жасаған. 

Ал, егер "қаһарман" сөзіндегі "Һ" әрпін қалдырайық десек, оны Һ - h (H) әрпі арқылы бір әріппен беруге болады.