"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Назарбаев қазақстандықтарды смартфон қолдануды үйретуге шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды смартфон қолдануды үйретуге шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан Президенті жаңа технологияларды енгізу мәселесіне қатысты ойын айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, инновацияларға қарамастан, халық түгелдей жаңа гаджеттерді қолдануды білмейді.

«Цифрлық экономика үшін халықтың цифрлық сауатын ашу өте маңызды. Қазір бір дамыған заттар жайлы, Uber жайлы айтып отырмыз. Халық ше? Алысқа бармай-ақ мына тұрған Ресейде, Қазақстанда бұл туралы біле ме? Жоқ. Біздің енгізуді жоспарлап отырғанын да білмейді. Үйрету керек. Смартфон қолдануды үйрету қажет. Сондықтан алдымызда атқарылар жұмыс көп, көп айту керек, түсіндіру керек, үйрету керек», – деді Президент цифрландыру мәселелелері жөніндегі республикалық жиында.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықты оқулықты ашып, білім алуға шақырды.

«Барлық қазақстандық: оқушы баладан зейнеткерге дейін. Қайтадан кітап оқуы керек. Оқытпағанның бәрін қайта оқи бастауы керек. Менің буыным тіпті де білмеді. Бүгінгі орта буын да солай. Сондықтан қазақстандықтар, барлығы оқулықты ашуы керек, түсіне бастауы тиіс. Өмір бойы білім алу нормаға айналып жатыр», – деді Мемлекет басшысы.





4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Кемпірбала 13 Қыркүйек, 2017, 18:06

    Кітап оқу керек дегенін қолдаймын. Бірақ смартфон алатын ақшамыз болмай жатыр. Оны түсімізде де көргеніміз жоқ. 30 мың теңгемен қайдағы смартфон. Смартфон түгілі мына бәрі күннен -күнге қымбатап жатырған кезеңде тойып ішетін тамақ таппай отырмыз ғой.

    Жауап жазу
  2. Nұrlanbek 14 Қыркүйек, 2017, 09:19

    Aқуldy telefondy Қаzaқ tilinde paidalanudy үiretu қajet, қazyrgy uaқytta bәride orys tildi mәzirmen paidalanady.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 14 Қыркүйек, 2017, 09:36

    Смартфон алу үшін ақша керек,ақша табу үшін жұмыс керек,ауылдағы ағайынның көбісі,шықпа жаным шықпа деп аухатқа әзер ақша тауып отырғанда,қайдағы смартфон.берсін тегін таратып,қазақтың несібесін жеп,тегін бөліп алып,байығандар.
    ыңыршағы шығып жүріп мектепте,одан ары инстөтте оқытады,жартылай аш-құрсақ жүріп.
    жан-жаққа,ауыл арасына,шетке,қазақ арасына шығып көрмейме ел жағдайын.Ақаңдар,Әлекеңдер ел-жағдайын біліп отырғаны құсап.отан қорғайтында сол ауылдың балалары,басқасы армияға жібермейтте.

    Жауап жазу
  4. Ролан 14 Қыркүйек, 2017, 14:32

    Заман талабсына сөй өмір сүрудің өзі бүгінгі күннің мәселесі. Қазір технологияны игеру еш қиын емес.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*