"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Назарбаев туралы кезекті фильмге 900 миллион теңге бөлінбек

Назарбаев туралы кезекті фильмге 900 миллион теңге бөлінбек

Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмдер түсіруді әдетке айналдырған. Президент туралы «шедеврлер» әдетте 6 шілде – Назарбаевтың туған күні қарсаңында көрсетіледі.

Елбасының өмірі туралы кезекті картина алдағы жылы да түсірілетін болды. Ол үшін мемлекет қазынасынан бақандай 900 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл туралы Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының таныстырылымы кезінде айтылды деп жазады Sputnik Kazakhstan.

Презентация барысында белгілі болғандай, Президент туралы кезекті фильмге биыл 1,4 миллиард теңге бөлмек болған екен. Алайда, түсірілім жұмыстары 2018-2019 жылдары жүргізіліп, оған 900 миллион теңге жұмсауды ұйғарыпты.

Дереккөз: sn.kz





9 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. мурат 13 Қыркүйек, 2017, 14:47

    ханиемизден прямой кино тусириндер деген указанные келмеген болса керек осы жагымпаздардан шыккан арекет деп оилаим кеин Ленин атамыздын киноларындаи архивте ширисе керек.оданда мектеп жетиспеи жатыр екен озбек агаиындарымыздын прорабтарын шакырып уш мектеп салса болар еди биздикилер бир мектепке де жеткизбеиди бул каражатты.

    Жауап жазу
    • Үмітжан 13 Қыркүйек, 2017, 14:58

      Мұрат бұл не дегеніңіз? тәуелсіз еліміздің тұңғыш басшына қандай құрмет көрсетілсе де жарасымды. Ал мектеп салудан еліміз кенде қалып жатқан жоқ. Қазір барлық ауылда жаңа мектептер бар. Әлі де салына береді. Оған бөлек қаржы қарастырылады ғой.

      Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 13 Қыркүйек, 2017, 15:46

    Бағасын халық береді,уақыт саралайды.
    Президент жағымпаздардың мадақтауына зәру емес деп ойлаймыз.

    Жауап жазу
  3. диас 13 Қыркүйек, 2017, 17:56

    ойбу жагымпаздар ай! бир атак берип калама деп умиттенип жургендергой. былтыр казак хандыгы туралы сериалды бастап артынша акша таппай халыктан сурап ен сонында бир шала кино-спектакль шыгарып единдер каржы жок деп.

    Жауап жазу
  4. Шындық 13 Қыркүйек, 2017, 20:19

    Оллахи Ертең Шал қисаятын болса (Қанша Ликсир ішседе Пендеғой )Ең бірінші болып Сол Жағымпаздар Жамандауды бастаиды Себебі Мұнафихтың үш белісінің бірі бар оларда Көзі таиса жамандау Көзінше Жалпылдау Басшға

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 14 Қыркүйек, 2017, 00:16

    Мәдениет министрі, неменеге соншама жағымпазданып, президенттің алдында жорғалап, сол кісі туралы кино түсіргіш болып қалдыңыз. Әдейі сол кісіні ыңғасыз жағдайға қою үшін істейсіңдар осының бәрін. Ол кісі мен туралы киноға 1,4 миллиард теңге бөліңдер деп айтпаған шығар. Немене Қазақтың басқа Ғұламалары мен Ұлылары жоқ па түсіретін. Ұлы Әл- Фараби, Абай, Ыбырай, Дина, Құрманғазы,Қонаев, Ташенов, Әубәкіров, Әуезов, Момышұлы тағы басқа ғұламалар туралы кино қайда, бір адамның алдында жорғалағанды қашан қоясыңдар, қараудың өзі жеркенішті, Қазақтың тарихына осы кезең жағымпаздар мен ұрылардың кезеңі болып кіреді, жеткен жетіскендерің осы ғана.

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 14 Қыркүйек, 2017, 07:20

    Әчкө жинайды ғой,дәмін алып қалған,бір жағынан ақша түсірудің,екінші жағынан орындықтың құдіреті,амал который.

    Жауап жазу
  7. корермен 14 Қыркүйек, 2017, 15:49

    осы маденит министрне тан калам кассовый фильм неге тусирмеиди озинин омири туралы тусиргенде гои зор кино болар еди жагымпаздык эротика триллер комедия спорт вовщем билет табалмай кинотеатр алдында кырлысып калармедик.

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 14 Қыркүйек, 2017, 20:27

    министр мырза, КПСС қайда қазір, сонда ертең сендердің киноларың мен партияларын болады, Киноларың кино емес пародия, мазақ бірдеңе,соншама ақшаны Қазақтың келешегіне асыл мұра болып қалатындай Алаштың арыстары туралы көп сериялы кино түсірмейсіңдер ме, қазақтың Қонаевы туралы кино қайда сол кісінің тұсында қаншама қала салынды, өте қарапайым өмір сүрген ұлы тұлға жайлы көп сериялы көркем фильм қайда қазір тізбектесем шегі болмайды. Ойлан, министр мырза.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*