Валюта бағамы USD : 340.11 | EUR : 407.93 | CNY : 51.61

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Ерлан Саиров: Латын әрпі біздің болашағымыздың кепілі! Бұл аксиома!

 ЕРТЕҢ БАЛАЛАРДАН ҰЯТ БОЛЫП ЖҮРМЕСІН…

 

 

«Әліпбиді ауыстыру оңай шаруа емес, ол анық дүние. «Бес саусақ бірдей емес», әр-алуан пікір болады. Көптеген алып-қашпа пікірлер айтылып жатыр.

Латын әліпбиіне қатысты өз пікірімді білдірейін.

Мен бұл мәселенің ең басынан қолдап келе жатырмын. Шыны керек, біз кешігіп келеміз. Бұл графикаға 2000 жылдардың басында өтіп кету керек болатын.

Латын әліпбиі не үшін керек? Ол көптеген рухани «фобияларға» иммунитет. Имунитет үшін вакцина енгізген кезде, әр-бір адам басында ауырады, организміне қиын келеді.

Бірақ, ол кезең өтеді. Өткеннен кейін организм көптеген ауыруға төзімді келеді. Біздің латын әрпіне қарасты ой-пікірлерімізді солай қарастыру керек.

Сондықтан, нақты ұсыныстарды беріп, ғалымдардың ортасына салып, нақты шешім шығарып, бұл мәселені мәңгіліке жауып тастау керек. Латын әрпі бііздің болашағымыздың кепілі!

Бұл аксиома!

Мен өзім, ешқандай машығым жоқ болса да, комиссия ресми түрде әліпбиді қабылдаған күннен бастап, қазақ тілінде тек қана латын әрпімен жазатын боламын! Қанша қиын болса да! Өйткені, адам «комфорт аймағынан» шығуға қабілетті болған кезде ғана дамуға бейім!

Нақты ұсыныстарды беріп, талқылауға тек ғылыми тұрғыда қатысып, алға жылжитын уақыт келді. Біздің тырнақтай балаларымыз гаджет, айфон арқылы «атам заманда» латын әрпіне өтіп кеткен. Ертең біздің балалардан ұят болып жүрмесін…».

Ерлан Саиров, саясаттанушы

qazaquni.kz




7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Bolat Naukenuly 13 Қыркүйек, 2017, 12:34

    Біртұтас Қазақстан халқын
    «ҚАЗАҚТІЛДІЛЕР» және «ОРЫСТІЛДІЛЕР» деп бөлуге
    РЕСМИ ЖОЛ ашатын ӘЛІПБИ РЕФОРМАСЫ (камикадзелік) идеясының нақты АВТОРЫ КІМ ?!

    Егер, реформа НӘТИЖЕ бермесе, КІМ ЖАУАП береді және СЭППУКУ жасайды?!

    … халқымыздың көпшілігін құрайтын «қазақтілділер» ЛАТЫН жайлы айтысып-қырылысып-қиналып ЗАРЛАП жүргенде,

    … КИРИЛЛ әліпбиінде ары қарай КОМФОРТТЫ жағдайда ӨМІР сүре беретін «ОРЫСТІЛДІЛЕР» дегеніміз:

    …Қазақстан Республикасы Конституциясы негізінде іс-әрекет етуге құқылы:

    – ОРЫСТІЛДІ ПАРЛАМЕНТ;
    – ОРЫСТІЛДІ ҮКІМЕТ;
    – ОРЫСТІЛДІ президент ƏКІМШІЛІГІ;
    – ОРЫСТІЛДІ сот ЖҮЙЕСІ;
    – ОРЫСТІЛДІ балабақша;
    – ОРЫСТІЛДІ мектеп;
    – ОРЫСТІЛДІ жоғары оқу орындары;
    – ОРЫСТІЛДІ армия мен полиция;
    – орыстілді БАҚ – тар;
    – ОРЫСТІЛДІ АССАМБЛЕЯ т.с.с. қоғамдық ұйымдар;
    – ОРЫСТІЛДІ кəсіпкерлік орта мен ОРЫСТІЛДІ шенеуніктер;
    – т.с.с. толып жатқан ОРЫСТІЛДІ орта…

    Латын əліпбиіне көшу – ОЙЫ да, СӨЗІ де ІСІ де БІР ЖЕРДЕН ШЫҒАТЫН,
    тек қана ҚАЗАҚТІЛДІ БИЛІК пен ҚАЗАҚТІЛДІ ҚОҒАМ ғана атқара алатын ЖАУАПТЫ ІС !!!

    …Тəуелсіз Қазақ Елінің ƏЛІПБИІ
    МЕМЛЕКЕТТІК статусқа ИЕ болуы ТИІС !!!

    …жəне «БІР ЕЛ – БІР ƏЛІПБИ» һəм «БІР ДЫБЫС – БІР ТАҢБА» деген ҰСТАНЫМ болуы керек !!!

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 13 Қыркүйек, 2017, 13:08

    орыс тілді билік латыншаға көшпейді, сол криллицамен тарта береді.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 13 Қыркүйек, 2017, 17:43

      Иә,орыс тілділер алға шарықтап кете береді,ал біз латынымен тұсаулы аттан бетер және де тыныс белгісі болмаса,артқа қарайшегініптитықтапбылжырапбарбілгенімізденайырылыпұзыннанұзақкөкетұзақжоқсөздіқұрапотырамыз.

      Жауап жазу
  3. Тома 13 Қыркүйек, 2017, 17:16

    Біраз елдер латын әліпбиін қолдануда.Егер бізде осы бастаманы қолдайтын болсақ, біз артқа емес , болашақтың жарқын дамуына қосқан үлесіміз болар еді.

    Жауап жазу
  4. Парасат 13 Қыркүйек, 2017, 19:31

    ох міне, осындай батыл көзқарастарды арттырайық, сонда қоғамның көзі ашылады!

    Жауап жазу
  5. Саян 13 Қыркүйек, 2017, 19:31

    қашанғы кеңес одағнан қалған әріптермен жүреміз, таңсық та болса төл әліпбиіміз болсын!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*