Валюта бағамы USD : 340.11 | EUR : 407.93 | CNY : 51.61

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қайнар ОЛЖАЙ: Бір әріпті екі рет шұқыласам, менің өмірімді кім ұзартып береді?

ЖАЛҒЫЗ СҰРАҚ

Мен, Қайнар Олжай, сонау 1974-76 жылдары қой баққан соң журналистік жолға түскен адаммын. Алғашқы мақалаларым 1975 жылдан Ақсуат аудандық «Еңбек туы» және Семей облыстық «Семей таңы» газеттеріне шықты. Ол тұста қағазға қаламмен жаздым. Әр әріпті бір таңбамен.

Журналистика факультетіне түскенде арнайы сабақ ретінде мәшеңке басуды оқытты. Осы күні көзі тірі Астанада тұратын Тұрымтай деген апамыз.

Содан бастап мақаламызды мәшеңкемен басуды машық еттік. Бір әріпті бір тық еткізу арқылы. Тоқсаныншы жылдардың басында алғаш «Егемен Қазақстан» газеті редакциясына компьютер қойылды. Онда мәтін теруді бірінші болып бас редактордың орынбасары Ержұман Смайыл ағамыз екеуміз меңгердік. Ол кісі де осында – Астанада.

Компьютерге қазақша мәтін теруге мүмкіндік жасайтын бағдарлама сол жылдары орнатылды. Жалғыз пернетақта екі түрлі харіппен үш тілде мәтін жазуға жарайды. Бағдарлама беріде жетілді, дамыды, қалай десе де бір әріп бір нұқып қалу арқылы түседі. Соның өзінде саусағыңның буындары талып, ұшы кәдімгідей ауырады. Осы пернетақтамен жүздеген мақала, бірнеше кітап жаздық.

Газетке шыққан мақалалардың талайына қаламақы төленбеді, мемлекет тапсырыс беріп шығарған үш кітабымыздың әрбірінің қаламақысы – 105-108 мың теңге аралығында болды. Онда да ақша емес, орнына өз кітабымызды ұсынған. Бұған да көнгенбіз. Ел оқитын бірдеңе ұсына алғанымызға ризамыз.

Енді күндіз бала-шағаның қамы үшін қызметте, кешкілік ертең ел есінде қалатын еңбектер үшін үйде пернетақта басатын Мен әлдекімдер ұсынған жоба бойынша «ә» әрпін, «ө» әрпін «ғ», «ш» «ү», тағы басқа әріптерді түсіру үшін бір емес екі реттен шұқылауға тиіс екенмін. Онда менің өмірімді де соған орай ұзартып бере алар ма екен осы жобаны ұсынушылар мен қолдаушылар?

Қайнар ОЛЖАЙ,

Фейсбук парақшасынан





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Болат Мәукенұлы 13 Қыркүйек, 2017, 12:35

    Біртұтас Қазақстан халқын
    «ҚАЗАҚТІЛДІЛЕР» және «ОРЫСТІЛДІЛЕР» деп бөлуге
    РЕСМИ ЖОЛ ашатын ӘЛІПБИ РЕФОРМАСЫ (камикадзелік) идеясының нақты АВТОРЫ КІМ ?!

    Егер, реформа НӘТИЖЕ бермесе, КІМ ЖАУАП береді және СЭППУКУ жасайды?!

    … халқымыздың көпшілігін құрайтын «қазақтілділер» ЛАТЫН жайлы айтысып-қырылысып-қиналып ЗАРЛАП жүргенде,

    … КИРИЛЛ әліпбиінде ары қарай КОМФОРТТЫ жағдайда ӨМІР сүре беретін «ОРЫСТІЛДІЛЕР» дегеніміз:

    …Қазақстан Республикасы Конституциясы негізінде іс-әрекет етуге құқылы:

    – ОРЫСТІЛДІ ПАРЛАМЕНТ;
    – ОРЫСТІЛДІ ҮКІМЕТ;
    – ОРЫСТІЛДІ президент ƏКІМШІЛІГІ;
    – ОРЫСТІЛДІ сот ЖҮЙЕСІ;
    – ОРЫСТІЛДІ балабақша;
    – ОРЫСТІЛДІ мектеп;
    – ОРЫСТІЛДІ жоғары оқу орындары;
    – ОРЫСТІЛДІ армия мен полиция;
    – орыстілді БАҚ – тар;
    – ОРЫСТІЛДІ АССАМБЛЕЯ т.с.с. қоғамдық ұйымдар;
    – ОРЫСТІЛДІ кəсіпкерлік орта мен ОРЫСТІЛДІ шенеуніктер;
    – т.с.с. толып жатқан ОРЫСТІЛДІ орта…

    Латын əліпбиіне көшу – ОЙЫ да, СӨЗІ де ІСІ де БІР ЖЕРДЕН ШЫҒАТЫН,
    тек қана ҚАЗАҚТІЛДІ БИЛІК пен ҚАЗАҚТІЛДІ ҚОҒАМ ғана атқара алатын ЖАУАПТЫ ІС !!!

    …Тəуелсіз Қазақ Елінің ƏЛІПБИІ
    МЕМЛЕКЕТТІК статусқа ИЕ болуы ТИІС !!!

    …жəне «БІР ЕЛ – БІР ƏЛІПБИ» һəм «БІР ДЫБЫС – БІР ТАҢБА» деген ҰСТАНЫМ болуы кере

    Жауап жазу
  2. алшын атырау 13 Қыркүйек, 2017, 13:38

    Қайнар Олжай, айтуың орынды ғой. Осы өзің үйренген криллицамен тарта бер. Сен ғана емес, бізде де сиыр баққан, 45 кітап жазған журналистер жылап отыр. Енді ол кітаптар тарих қоқыстарының астында қалады, қайтеміз. Менің Тұрымтай жеңгеме сәлем айтшы, Алматыда шығар деп ойлап жүруші едім. Ағам Сәнгерей өмірден өткелі олардан, балаларынан хабарсызбыз. Саушылық тілеймін.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 13 Қыркүйек, 2017, 21:50

    Профессор Доуэльдің басы құсатып,осыны бастағанның басын лабораторияға қою керек,енді бір елу жылдан кейін сөйлететін.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*