"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

БҚО басылымдарының ғасырлық тойы өтпек

Картинки по запросу орал өңірі газеті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатырған шаралар нәтижелерін беруде. Бағдарлама аясында қазақ руханияты мен мәдениетінің одан әрі қарыштап дамуына үлес қосатын, тың жобалар мен ірі шаралар ұйымдастырылуда.

Соның бірі 2017 жылдың 14 қыркүйегінде Орал қаласында өтпек. Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар облыс басшылығы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілі, республикалық және облыстық баспа басылымдарының бас редакторларының қатысуымен ұйымдастырылады.

Алдымен еліміздің қалалары мен өңірлерінен баспасөз саласын зерттеуге сүбелі үлесін қосып жүрген ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтеді деп жоспарлануда.

Басқосу барысында баспасөз тарихын зерттеу мәселелері талқыланып, арнайы ашылған «1911kz» сайтының таныстырылымы, сонымен қатар, газеттердің алғашқы жылдары латын қаріпімен басылған жинағының көрмесі өтеді.

Түстен кейін Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында облыстық газеттердің 100 жылдығына арналған салтанатты шара болады. Шара барысында қазақтың көрнекті ақыны Қайрат Жұмағалиевтің 80 және облыстық газеттердің 100 жылдығына арналған «Нарын құмын аңсаған Қайрат ақын» атты республикалық жыр мүшәйрасының, газеттердің ғасырлық мерейтойына орай магистранттар мен студенттер арасында жарияланған курстық жұмыстар байқауының қорытындылары шығарылып, жүлдегерлер марапатталады.

qazaquni.kz





1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 13 Қыркүйек, 2017, 00:35

    Кандай той? Макулыктар джаза бересиндер сандырактап. Той болады жумыс,уй,жалакы,карын тойганда. Бишара казак жумыссыз,жумыс болсада жалакы 69,80 сын тенге. Лет 1500 тенге,комуналдык салык,газ,светин бар 30000-40000 сын толейсин. Тойласа акимдер тойлады деп жазу керек. Керемет омир дегеннен арылу керек . Отирик айтпау керек,халыктын 80% омир ушин куресип келеди. Ал сендер келип толпа жатырмыз дейсиндер. Акенин басы.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*