Азат Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жолында асығуға да, кешігуге де болмайды. Халық қалаулыларының пікірі осындай. Мәжілістің Парламенттік тыңдауында күнтізбедегі басты тақырып бойынша депутаттар баяндамаларын оқып, филологтар мен тарихшылар өз ұсыныстарын білдірді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Депутат Азат Перуашевтің айтуынша, жаңа әліпби нұсқасына көшу барысында бірінші кезекте төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына баса мән беру керек.

– Түркия тәжірибесіне қарасақ, олар латын қарпіне көшу үрдісін асығып жасағаннан кейін кейбір дыбыстар жоқ болып кетті. 90 жыл болды, кейбір түрік тілді әдемі дыбыстар жоқ. Біздің мақсатымыз – ерекшелігімізді жоғалтпауымыз керек, - деді Азат Перуашев.