Валюта бағамы USD : 340.11 | EUR : 407.93 | CNY : 51.61

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Азат Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жолында асығуға да, кешігуге де болмайды. Халық қалаулыларының пікірі осындай. Мәжілістің Парламенттік тыңдауында күнтізбедегі басты тақырып бойынша депутаттар баяндамаларын оқып, филологтар мен тарихшылар өз ұсыныстарын білдірді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Депутат Азат Перуашевтің айтуынша, жаңа әліпби нұсқасына көшу барысында бірінші кезекте төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына баса мән беру керек.

– Түркия тәжірибесіне қарасақ, олар латын қарпіне көшу үрдісін асығып жасағаннан кейін кейбір дыбыстар жоқ болып кетті. 90 жыл болды, кейбір түрік тілді әдемі дыбыстар жоқ. Біздің мақсатымыз – ерекшелігімізді жоғалтпауымыз керек, – деді Азат Перуашев.





15 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Уалихан 12 Қыркүйек, 2017, 12:01

    Әрине төл дыбыстарымызды сақтап қалуымыз керек.

    Жауап жазу
  2. Марат 12 Қыркүйек, 2017, 12:05

    Латын әліпбиін енгізуде асығуға болмайды, жаң-жақты зерттеу керек.

    Жауап жазу
    • Есдаулет 12 Қыркүйек, 2017, 15:49

      Марат әрине, солай болатыны сөзсіз. Әлі талай талқыға түсері анық.

      Жауап жазу
      • Ауылдан 13 Қыркүйек, 2017, 04:23

        Я десе я деп жоқ десе жоқ деп бас шұлғып отыра беретін депуттатар емес халықтың талқысына салу керек сонда дұрыс болады. Мысал: Сагадиев осы ұнайды депті ал сол ұнаған нұсқада қателік көп сонда қалай? Сондықтан халық талқылағаны жөн.

        Жауап жазу
  3. Асат 12 Қыркүйек, 2017, 12:07

    Түркия сияқты елдердің тәжірибесін ескеруіміз керек.

    Жауап жазу
    • Тарғын 12 Қыркүйек, 2017, 15:51

      Көптеген елдердің тәжірибелері сараланаған болар. Бір емес, бірнеше мамандар жұмыс жасап жатыр бұл бағытта.

      Жауап жазу
  4. Дария 12 Қыркүйек, 2017, 15:03

    Бұл бағытта ғалымдарымыз жұмыс жасады біраз уақыт бойы, сондықтан ондай келеңсіздікке жол бермейміз деп ойлаймын.

    Жауап жазу
    • Адам 13 Қыркүйек, 2017, 04:27

      Дария келенсіздік шығып жатыр ғалымдарыңыздын біраз талқылаған жұмысынан кім еді ол ғалымдарыңыз?

      Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 12 Қыркүйек, 2017, 16:18

    дарияш-ау, бізде жөні дұрыс ғалым қалып па еді. енді мұның артында төлқұжатты айтпағанда, баспасөзді, мекемелер іс қағазын, мұрағат, мәдениет, білім-ғылым, көше-қала атауларын , компьютерді латыншаға аудару қалады. қанша қаражат кетеді. айқай-шу бұрынғыдан да көбейе ме деп қорқамыз. қазірдің өзінде крилица мен латыншаға бөлінсек, латынға көшкесін сауатсыздар мен сауаттыларға бөлінеміз-ау. тек айқай сүрең сап айтуға ғана оңай болып тұр бұларға.

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 12 Қыркүйек, 2017, 16:53

    экспо біте сап,75тг.лепёшканы 120тг.деп сатып тұр ғой.

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 12 Қыркүйек, 2017, 17:37

    аттанға аттан қосып жүргеннің бірі ғой. мұның қолында тұрған бірдеңе бар дейсің бе.

    Жауап жазу
  8. Ару 12 Қыркүйек, 2017, 18:26

    мұнысы жөн сөз, төл әріптерімізді сақтай отырып, төл әліпбиде баламыз сауат ашса арман бар ма!

    Жауап жазу
  9. балым 12 Қыркүйек, 2017, 18:33

    қашаңғы кириллмен жүре береміз, осылай бір серпіліп алып, жаңа екпінмен жаңа дәуірге қадам бассақ қанеки!

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 12 Қыркүйек, 2017, 22:56

      арқаңа миллиард қарыздарды арқалап алда,бүгжиіп жаңа қадаммен жаңа дәуірге қалтаңдай бер,алдыға кетесіңбе,артқа тартасыңба,қадымыңды көрсін.

      Жауап жазу
  10. Есауыл 12 Қыркүйек, 2017, 22:27

    Ей Балым-балымга уксаган Нигматуллин т б осы сиякты алфавит ауыстыргыш наукастар.
    Казактын озыне тан тол дыбыстарынан айрылсак тыл-соз байлыгынын 30-40 процентынен айрыламыз Нигматуллин-Балым
    сияктыларга бары быр .Нигматуллинге алфавит тарихында калса болды ,ал Балымга
    орыстан кутылса болды .Орыс енды бурынгы киянатын жасай алмайды ,олардан коркып кажеты жок кириллицада калу керек .
    Сондагана Казак тылы казыргы калпында аман калады.Орысша сойлеп-жазып журген азияттардын тупкы максаты ,Казак тылын курту : себебы Ана тылын былмейды
    Балым сызге жане сыз сияктыларга айтарым адаспаныздар озымыз мыкты болсак болды,орыстан енды хауып келмейды.
    Ана тылымызбен тылымыздын сынары кириллица алфавитын коргайык.
    Озымызге-озымыз берык болсак бызды ешкандай жау ала алмайды.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*