КЕРЕК КЕҢЕС: Қазақтың жаңа алфавиті бойынша бірыңғай стандарттар қандай?

Бүгін Парламенттік тыңдауда ұсынылған қазақ тілінің жаңа әліпби жобасы "бір әріп - бір дыбыс", "бір әріп - екі дыбыс" және "бір дыбыс" принципіне негізделген.  25 таңбалы алфавиттен бөлек 8 диграф бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа нұсқада "ә" дыбысы "ae" диграфымен берілсе, "ө" - "oe", "ү" - "ue" деп таңбаланды. Мәселен, "әлем" - "aelem", "өркен" - "oerken", "үкімет" - "uekimet" болмақ.

Zhanga aelipbj zhobasy: Қазақтың жаңа алфавиті бойынша бірыңғай стандарттар қандай?

"Мұндағы айрықша тұрған дыбыс - "ң". Ол қазақ тіліне тән дыбыс, басқа тілдерде де бар. Біз оны "ng" диграфымен бердік. Осындай диграфпен беру ағылшын тілінде де кездеседі. Оны қабылдау да оңай болады", - деп атап көрсетті Тілешов.

Бұдан бөлек, "ғ" - "gh", "ч" - "ch", "ш" - "sh" және "ж" - "zh" болып белгіленеді.  Ал "ц", "в", "ф" сияқты қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде жоқ дыбыстарды мүлдем алып тастау туралы ұсыныс болған.

Zhanga aelipbj zhobasy: Қазақтың жаңа алфавиті бойынша бірыңғай стандарттар қандай?

"Тура осындай мәселе 1920 жылдары әліпби тақырыбы көтерілгенде айтылған болатын. Жат дыбыстарды кіргіземіз бе, жоқ па, осы мәселе қаралды. Аxмет Байтұрсынұлының әліпбиге қатысты еңбектерін мұқият оқысақ, біз Алаш зиялыларының кейбір кірме дыбыстардың қазақ әліпбиінен орын алуын жақтағанын да көреміз. Мысалы, білімпаздар сьезінде Аxмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің сақталуына аз да болса ақысы бар "һ" дыбысы жайында айтқан болатын. Өйткені "һ" дыбысымен айтылатын қазақтың өз тілінде аз да болса сөздер бар дейді. Яғни, Аxаң бастаған зиялылар егер сөздік қорымызда олардың орныққан белгілі бір сөздік қоры болса, ондай дыбысты сақтау қажет деп санайды. Біз де осы принципке келісіп отырмыз. Сондықтан жаңа әліпби нұсқасында осындай дыбыстарға орын бердік", - деп атап көрсетті Тілешов.