Валюта бағамы USD : 340.11 | EUR : 407.93 | CNY : 51.61

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

Бүгін Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған жұбайымен бірге Астана қаласындағы ресми іссапары аясында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп шықты. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен өткізген кездесуден кейін еліміздің Бас мешітіне ат басын тіреген түрік басшысы бесін намазын оқып, құлшылық ордасымен танысып қайтты. Қадірлі қонағымызды күтіп алу рәсіміне Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы да қатысып, өз құрметін білдірді.

Қазақы дәстүрімізге сай кездесу барысында түрік басшысының иығына шапан жабылып, айрықша құрмет көрсетілді. Қазақ халқының қонақжай пейіліне ризалығын жеткізген Реджеп Ердоған республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайылап әкелген Құран кітабын тарту етті. Бұдан кейін, ізгі ниеті мен ризалығын «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Тілек кітабына» түсірген Түркия президенті күллі қазақ еліне өз алғысын білдіретінін жеткізді.





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Iлесбек Байжанов 11 Қыркүйек, 2017, 14:43

    Алем азаматы Ердоган бауырымызга Алла Жар болсын! Исламнын Жасыл Туын туркилер котереди деген Пайгамбарымыздын айтканы кеп тур, Ин шаа Аллах!!!

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 11 Қыркүйек, 2017, 15:16

    Қайдағы әлем азаматы,айттың да.

    Жауап жазу
  3. Сен тур мен айтайын. 11 Қыркүйек, 2017, 19:50

    Ердоган азамат!!! Турiк пен Казактар мыкты бауырлас халык!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*