"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Баян Есентаева жас қыздарға аналарын тындамауға кеңес берді

Ақтөбеде кітабын таныстырып, автограф-сессия өткізген Баян Есентаева қыздарға аналарын тыңдамауға кеңес берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz  тілшісі.

IMG_0401-e1505033396439

Кездесуге келгендер танымал продюсер әрі тележүргізушіні сұрақтың астына алды.

«Мен анама мұғалім болғым келмейтінін, керісінше, шығармашылықпен айналысқым келетінін қалай түсіндіре аламын?», — дейді Баян Мақсатқызының ақтөбелік фанаттарының бірі Әдемі.

«Менің де басымнан өткен жайт. Анамның арманы — менің мұғалім болуым еді. Оралдағы педагогикалық училищеде оқығым келмеді. Содан, әке-шешеме айтпай, оқудан шығып, театр институтына құжаттарымды тапсырдым. Өйткені, өзімді мұғалім ретінде елестете алмадым, менің де арманым әртіс болу еді», — деп жауап қатты продюсер.

Баян Мақсатқызы Әдеміге келесідей кеңес берді.

«Мамандық таңдауда қателессем, анама ренжімейтінімді айттым. Тек кедергі болмаса, алғыс білдіремін дедім. Әдемі, анамыз бізге болсын дейді. Дегенмен, аналарды тыңдай берудің қажеті шамалы. Әрине, сендерге дұрыс кеңес беріп отырғаным жоқ. Сонда да, мамандықты өздерің таңдауларың керек. Аналарымыз біздің маңдайымызға бір құдайдың не жазғанын біле отыра, неліктен кедергі болады екен?», — деді танымал продюсер.


Ілмектер:
Баян Есентаева



22 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 11 Қыркүйек, 2017, 11:49

    Осы қатынды неге жарнамалай бересіздер ?? Қазақтың қыздарына бұл үлгі емес !!!!

    Жауап жазу
  2. Динара 11 Қыркүйек, 2017, 11:52

    Бұл мына жерде не жоғалтқан? Осындай дардай аты бар сайт бетіне шығуы қалып еді енді!!!

    Жауап жазу
  3. Есауыл 11 Қыркүйек, 2017, 12:35

    Ол жогалткан жок ,олар сонау есте жок ерте заманнан келе жаткан Халык тарбиесымен дастурыне интервенция жасап жаткандардын курамында.барлык жерде оте кен-форматта Казак мурасына жою ушын шабуылдар уйымдастырылуда бул Баян солардын бырыгана .Байкамайсыздарма казакша жарнама казакша тусыныктеме,тыпты коше аттары дурыс жазылмайды.Мажылыстегы алфавитты карауда олардын орталык армияларынын тобы.

    Жауап жазу
  4. Нуреке 11 Қыркүйек, 2017, 13:57

    Баянды тыңдаудыңда,сыйлаудыңда қажеті жоқ.Екі отбасын ойрандаған сайқалдың ақылын тыңдаған бейшараларға жаным ашиды.Журналистердің де Баяннан басқа жазар дүниесі қалмаған ба,әлде ақшаға сатылған байғұстар ма Баянды бастарына көтеріп дәріптеп жүрген.

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 11 Қыркүйек, 2017, 15:14

    Есі ауысқан Есауыл, ана орысша компютеріңді ауыстыршы оданда .

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 11 Қыркүйек, 2017, 21:29

    Менын есым Аллахкашукыр орнында акша бершы жанасын алайын.

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 11 Қыркүйек, 2017, 23:33

    Қазақ Үні, мынау не бітіріп жүр сендердің сайттарыңда, неге осыған соншама жарнама жасайсыңдар, осыдан ешқайда қашып құтыла алмадық қой, бірақ Қазақ Үнінен көргеніміз өкінішті……………..

    Жауап жазу
  8. Ержан 12 Қыркүйек, 2017, 01:16

    Мəдениет министрі деген адам бізде бар болса неге көрмейді екен осы қатынның біздің мəдениетіміздің тамырына тұрып шаптырып жүргенін. Қыздарды мəдениеттен жұрдай ететін болды ғой өзінің жезтырнақтарына еліктетіп. Қасына анау күшікті ертіп алды тағы.

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 12 Қыркүйек, 2017, 05:47

    фейсбукте осындайды ұнататын балдар болып тұр ғой, қайтесің. суретіне қарап мауқын басып алсын.

    Жауап жазу
  10. Алмуша 12 Қыркүйек, 2017, 19:30

    Мына катынды жын какканба анасын тындамаган адам онама !Баян Есентаева кыскарт тилинизди осыны шыгармандаршы кудай ушин!

    Жауап жазу
  11. Қолқоюсыз 12 Қыркүйек, 2017, 22:40

    балдар жақсы көреді, сосын көп шығарады.

    Жауап жазу
    • Айкыз 13 Қыркүйек, 2017, 00:40

      Баян сиякты отбасынан шыккан балалар гой олар, содан улги алып отырган.Баяннын аке шешеси Бакытбек тапкан нанды жеп, асын ишип аягына тышты гой.Калай тыныш уйктайды екен уятсыздар.Кышуы канбаган Баян кайран жигиттин тубине жетти гой.Ана сорлы Алагузов бейшара силикпеси шыкан,корингеннен калган катынды алып карык боламын деп журген шыгар.

      Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 13 Қыркүйек, 2017, 04:40

    осыны айқыз деген қыз жазып отыр ма. масқара, «қышуы қанбаған» дейді ғой

    Жауап жазу
  13. Айт 13 Қыркүйек, 2017, 08:44

    Ойына келгенін істеп, аузына келгенін айтып жүрген? өз байын өзі қаматқан қатынды жарнамалағанша, қазақтың әдепті де, әдемі әйел қауымын жарнамалап тәлім тәрбие берсеңдер нұр үстіне нұр жауар еді. Ос қатын өз қылығымен елді даурықтырып бітті, нүкте қояр кез келді ғой. Ол қазақтың бір сасыған жұмыртқасы. Әйел деген атқа нұқсан келтіріп жүрген.

    Жауап жазу
  14. Жанашыр 13 Қыркүйек, 2017, 11:07

    Болды емеспе догарсандаршы.тылдын-серыгы алфавит ушын тыресу лазым болар еды.Баян омырде сурынген адамгой нелерын бар.
    Ертеде : Иса пайгамбар быр ауылга келсе алгы
    ауылдын тургындары быр айелды олтыргелы жур екен.Неге деп сураса бул зина жасады бул кунahар олуы тиыс депты.Пайгамбар *Алланын оган нуры жаусын *бул айелды менын тарбиеме берындер десе бермепты.Сонда Иса пайгамбар,Менын сендерге быр шартым бар алгыны орындасандар олтыре берындер депты.Ауыл. адамдары сураса былай депты Кымде-кым озын кунадан пак деп есептесе таспен атып олтыре берсын деген екен Ешкым шыкпапты.
    Солай мырзалар ойлы болындар.

    Жауап жазу
    • Шарбат 13 Қыркүйек, 2017, 11:20

      иа менде осы туралы ой жазайын дегем.. Халайык Баянды артурли созбен гайбатайтын биз Алла емеспиз .Арким бала багып отырганнан кейiн болашагынды болжай алмайсын . Арким кыз карындас багып отырган шыгар ойланайык арине ондай болады деп ешким ойламасы хак . Орыс халкы айтады гой Не суди на не судимы будешь

      Жауап жазу
  15. Шарбат 13 Қыркүйек, 2017, 11:22

    Не суди , да не судимы будешь

    Жауап жазу
  16. Қолқоюсыз 13 Қыркүйек, 2017, 11:32

    Баян деп басты ауыртудын кажеті шамалы оған бола дауласып та керегі жоқ кім ол елге еңбегі сіңғен немесе елін қорғаған батыр немесе дана ғалым ба Ананы тыңдама деген не деген сумдық не тәрбие

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 13 Қыркүйек, 2017, 19:23

      Шөпжелке,селтеңбай,ақылгөйлер,сыпсыңбайлар өздері құсаған шібилерді тартады.

      Жауап жазу
  17. Елубай 13 Қыркүйек, 2017, 18:10

    «қызға қырық үйден тиым деген атам қазақ» дәл осы қасиеті қазағымнан қалған аталы сөзді Баян быт-шытын шығарып отыр.

    Жауап жазу
  18. Сырттан 14 Қыркүйек, 2017, 23:25

    Ана көрген «тон пішер»…. демекші осы мезетте Баянның өткен кеткенін еске түсірсек, мүлдем ар мен ұяттан жұрдай екенін аңғару қиын емес ақ….

    Жауап жазу
  19. Азамат 19 Қыркүйек, 2017, 07:27

    Осы кісінің «Қазақстан аруын» таңдаймын деегн сылтаумен Қазақ қыздарын сахнаға «жалаңаш» шешіндіріп шығарғанын еш кешіре алар емеспін.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*