"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қанат Ислам Брэндон Кукты 9-раундта жеңді

Фото: elorda.info

Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен кәсіпқой бокс кешінде бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукты жекпе-жектің тоғызыншы раундында техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл жекпе-жектен соң отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental белдіктерін қорғап қалды. Ол кәсіпқой бокста 24 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен, Ал қарсыласы Кук 18 кездесудің 11-інде нокаутпен қарсыластарын тізе бүктірген.

Қанат бұл жекпе-жекте бірнеше рет қарсыласын нокдаунға жіберді.

Еске сала кетсек, кәсіпқой бокс кеші ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «ZHERSU» корпорациясының ұйымдастыруымен ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтті.

Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук бокс кешінің андеркартында рингке шыққан сегіз қазақ боксшысы да жеңіске жетті. Алғаш болып шаршы алаңға көтерілген Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын бірінші раундтың 50-секундында құлатты.

Ал Димаш Ниязов алты раундқа созылған жекпе-жекте Эдуардо Перейра дос Рейсты жеңіп, кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне ие болды.

Кәсіпқой бокс кешінде 3-ші болып рингке шықан Айдос Ербосынұлы бірінші раундтың 2:34 секундында қарсыласы Джонатан Жеронимо Барбадилоны нокаутпен жеңді. Ал Әли Ахмедов он раундтық кездесудің сегізінші раундында америкалық боксшы Томас Джастинді техникалық нокаутпен жеңді.

Шаршы алаңға бесінші болып көтерілген Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Аса ауыр салмақта Руслан Мырзатаев төртінші раундта аргентиналық Андрес Афранлиді нокаутпен тізе бүктірді.

2013 жылы бокстан әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы алты раундқа созылған жекпе-жекте бразилиялық Перейро Дос Сантостан басым түсіп, кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне жетті.

Он раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласынан басым түскен Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 22-ші жеңісіне ие болды.





18 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 9 Қыркүйек, 2017, 23:29

    Қазақ жеңді!
    Қазақ еш жерде,еш кімге жағасын бастырмайды.
    Жеңіс құтты болсын!

    Жауап жазу
  2. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 9 Қыркүйек, 2017, 23:44

    Қанат, жеңісің құтты болсын. Керемет жеңіс төккен тер мен зор еңбектің арқасында келді. Сені мақтан тұтамыз. Алға,Қазақ Қанат!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    Жауап жазу
  3. Бақытбек 10 Қыркүйек, 2017, 00:11

    Қазақ боксының үлкен жеңісін сыйлады жігіттер, жарайсыңдар!!! Әлемдегі кәсіби бокста да қазақтар үлкен орны бар екенін бүкіл әлемге паш етті!!! Қанат бауырымыз сен өзіңнің әлемдік кәсіби бокстағы чемпионға лайық екеніңді тағы дәлелдедің. АЛЛА әрқашан қолдап жүрсін.Жасасын қазақ боксерлері!!!

    Жауап жазу
  4. калбит 10 Қыркүйек, 2017, 00:22

    Китаец был не плохо зато он не наш не знает русскии у него нет славянскии фамилия как мы

    Жауап жазу
    • Асек 10 Қыркүйек, 2017, 08:00

      А что ,чтоб стать боксером надо знать славянский? Он казах ,и наш казах!!! Казах он и в Африке,и в Китае казах.ОН Молодец!!!

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 10 Қыркүйек, 2017, 08:09

      завидуй молча.ішің күйсе, тұз жала,сыртың күйсе ,мұзға ауна.
      қызғаныштың қызыл иті кеміріп барама?
      Қанат бастаған жігіттер Жеңімпаз! Алға!

      Жауап жазу
    • Дүр 10 Қыркүйек, 2017, 10:12

      Дүр қамшы əні:
      Жат тілде сөйлейді жарымжан арсыздар….

      Балақтың биттерін басына шығармай.
      Міне саған жауап.
      Дүр қамшы əні -саған кəлбииит

      Жауап жазу
  5. бапкер 10 Қыркүйек, 2017, 00:31

    килен мешоктарды шакыра бермеи озбек профессионал боксерларын шакырып кориндер ендигиде любительдердин есесин каитараиык.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 10 Қыркүйек, 2017, 13:06

      біткен іске сыншы көп.бапкер болсаң,мықты боксер тәрбиелеп шықсай.

      Жауап жазу
  6. БАҚЫЛДАРҒА! 10 Қыркүйек, 2017, 00:50

    ҚАНАТ ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!ТЕК АЛАШ ҰЛТТЫНЫҢ ЖЕҢІСІН КӨРЕ АЛМАЙТЫН ТЕК ӨЗГЕ ОРЫСҚҰЛДАР!

    Жауап жазу
  7. Ə 10 Қыркүйек, 2017, 10:06

    Дүр қамшы əні жарайсың!!!ескі жау ел болмас!!!

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 10 Қыркүйек, 2017, 11:04

    Хочю атветит таму каторый гаварит што канат ни знаит орыс язык, зашем его абижать так, главный он свой қазақша знаит, я незнаит орысша, я пишу гаварю только қазақша мая Родина Қазақстан.

    Жауап жазу
  9. Жүзге бөлінген Қазақ. 10 Қыркүйек, 2017, 12:14

    Қанат жеңіс Құтты болсын ! Гена болғанда қазір Қазақтар бас киімдерін аспанға лақтырып барлық жерде көрсетіп жататын еді, ал Қанатты онша мақтамай жатыр. ұлы жүздерге ұнамай жатқан шығар… Қаскеленнен болғанда қазір Астананың атын беріп жіберетін еді.

    Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 10 Қыркүйек, 2017, 13:12

    жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін деп,кесіп айтқан.сын сағаттарда,халық,Қанат сынды батырларына қол бастатқан.

    Жауап жазу
  11. ан тан 10 Қыркүйек, 2017, 18:58

    канатын карсыласы мыкты екен сондада зор женис болды калган кара балдарды каидан тауып келгенсиздер берем деген акшага келебергенау деим жанибектин карсыласы жарты метр онды каидан таптындар ?

    Жауап жазу
  12. Жексенбек 10 Қыркүйек, 2017, 21:33

    «Китаец был не плохо зато он не наш не знает русскии у него нет славянскии фамилия как мы», – деп жат тілде қыртыған екен. Орыс тілін біліп керек емес екенін дәлелдеп, әлемді елең еткізген дүрмек өткізу осы Қанат бауырымыздың тұсында өмірімізге енуде. КалбИТТІҢ орыс тілін білмегендерді біздікі емес деп,орыс тілінде қыртып жазғаны мен үшін түсініксіз. Қанат қазақ екенін әрдайым көрсетіп жүрген жоқ па? Оның қаны қазақ әрі ұлт тілінде сөйлейді.

    Жауап жазу
  13. Жанашыр 14 Қыркүйек, 2017, 10:51

    Қазақта үйірімен ұш тоғыз деген олжа салу болады Қанат ұлымыздың жеңісі тура солай болды. 9-айдың 9-ы, 9-шы кезең. Ұлтыңа жасаған сыйлығың, жалғаса берсін. Тілеуіңді тілеп отырған жұртыңның намысын қолдан бермеңдер азаматтар. Алға ер ұландар!!!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*