Валюта бағамы USD : 340.11 | EUR : 407.93 | CNY : 51.61

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Руслан Мырсатаев аргентиналық боксшыны уақытынан бұрын жеңді

Ауыр салмақта бақ сынайтын қазақ кәсіпқой боксшысы Руслан Мырсатаев аргентиналық боксшы Андреас Матиас Афранлиді уақытынан бұрын жеңіп шықты.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан айласын асыра білді. Үшінші раундта бір рет қарсыласын нокдаунға түсірсе, төртінші раундта айқын жеңіске жетті. Аргентиналық боксшы төртінші рет нокдаун алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады.

32 жастағы Руслан Мырсатаев кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуінде жеңіске жетті. Осыған дейінгі үш кездесуінде де қарсыластарынан басым түскен.

Айта кетейік, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук жұдырықтасады.

vesti.kz





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*