"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Мейірім Нұрсұлтановтың жойқын соққысынан қарсыласы ринг сыртына құлап түсті

Мейирим Нурсултанов. Фото vk.com

Астанада өтіп жатқан бокс кешінде Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын бірінші раундта сұлатып тастады, деп хабарлайды Қазақ үні ұлттық порталының тілшісі.

Атап өтейік, елордада Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың бокс кеші басталды.

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп жатқан бокс кешінде Мейірім Нұрсұлтанов алғашқы болып шаршы алаңға шықты. Қазақ боксшысы Бразилиялық Исмаэль Буэноны алғашқы раундта сұлатып тастады. Нұрсұлтановтың жойқын соққысынан кейін бразилиялық боксшы ринг сыртына құлап түсті.

Сонымен қатар, аталмыш бокс кеші аясында тағы бір боксшымыз Қазақстан тумасы, бүгінде АҚШта тұрып жатқан Димаш Ниязов та жеңіске жетті. Бразиялық Эдуардо Перейроны жеңген Ниязов өзінің кәсіби бокстағы 12-ші жеңісіне жетті.

qazaquni.kz





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*