Ресей мұнай бағасының құбылуына Қазақстанды кінәлады

Похожее изображение

Ресейдің Орталық банкі Қазақстанның мұнай өндіруге қатысты ОПЕК плюстің шарттарын орындамай жатқанын мәлімдеді. Талапқа бағынбай жатқандардың қатарында АҚШ пен Әзербайжан да бар екен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Ресейдің орталық банкі бұл елдер жазда қабылданған келісімді бұзып, мұнайды мөлшерден тыс өндіріп жатқандықтан қара алтынның бағасын қалыпты ұстап тұру мүмкін болмай жатыр дейді. Көрші ел мамандары  жағдай дәл осылай жалғаса берсе, рубльдің құны одан әрі құлдырай түседі деп болжап отыр.

Айта кету керек, ОПЕК плюс, яғни, Опекке кірмейтін мемлекеттер мұнай өндіру мөлшерін 558 мың баррельге дейін төмендетін болып келіскен. Бұның 300 мың баррелі Ресейге тиесілі. Талап орындалмаған жағдайда көрші ел қара алтынды өндіруін тағы да қысқартады.

Ресей Орталық банкінің айыптауына, Қазақстан тарапы дереу жауап қайырды. Энергетика министрі Бозымбаев «ОПЕК плюстің талаптарын толық орындап отырмыз және оны бұзу ойымызда жоқ» деді.