Валюта бағамы USD : 340.11 | EUR : 407.93 | CNY : 51.61

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«Алға, қазақ жігіттері!» тобы Астанаға аттанды

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешені алдында «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешіне арнайы барып, еліміздің былғары қолғап шеберлерін қолдау мақсатында 50-ге тарта белсенді жастар арнайы автокөлікпен аттанды. Ұрандары — «Алға қазақ, жігіттері!», – деп жазады dalanews.kz.

Осы шараны ұйымдастырушы Қыдырәлі Оразұлының айтуынша, Қанат Ислам бастаған ел боксшыларына қолдау білдіріп, жастарды ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке үндеу мақсатында автокеруен жолға шыққан. Олар жол бойы еліміздің тарихи нысандарына тоқтап, бұл сапардан ерекше естелік қалдыруды жоспарлап отырғандарын айтады.

Ертең сағат кешкі 18.00-де Астанада халықаралық кәсіпқой бокс жарысы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Оған елімізге танымал боксшылар қатысады.

Кештің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукпен күш сынасады. Сондай-ақ, отандық басылымның мәліметтеріне сүйенсек, Астанада өтетін бокс кешінде Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Диман Ниязов және Нұрсұлтан Жаңабаев өнер көрсетеді.

Жастар тобы бокс кешінен соң 10 қыркүйек күні өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылу салтанатына да қатысуды жоспарлап отыр.





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*