Ақтөбе облысында қытайлық жұмысшы қазақты соққыға жықты

Картинки по запросу қытайлық жұмысшы Ақтөбе облысынан келген хабар бойынша, Мұғалжар ауданы «Жаңажол» вахталық ауылында орналасқан қытайлық компанияның жұмыс алаңында қытай азаматы сол жерде бірге жұмыс істейтін Мұрат Муса атты Қазақстан азаматын соққыға жыққан. Бұл туралы қоғам белсендісі Мақсат Ілиясұлы өзінің Facebook парақшасында атап өтті.

Мұрат Муса 24 тамыз күні Ақтөбе облыстық ауруханасының нейрохирургия бөліміне түсіп, айтуы бойынша, оның миы шайқалған.

Аталған жағдай бойынша 27 тамыз күні ҚР Қылмыстық кодексінің денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру жөніндегі 106- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазір Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі Сырым Айтымбетов тергеу амалдарын жүргізуде. Мұрат Муса жергілікті медицина қызметкерлерінің өзіне қойылған диагноз туралы ақпаратты бермей отырғанын айтуда.

Ал тергеуші оның басына соққы тигенінің нақты айғақтарының жоқ екенін айтуда. Сонымен бірге арнайы медициналық сараптаудың қорытындысын күтіп отырғанын баяндады.

"Бұл жағдайдың түсініксіз тұстары көп болып тұр. Сондықтан, мәселенің мән жайын білуге қол ұшын беретін Ақтөбелік азаматтар, белсенділер, журналистер болса көмектесіңіздер" , - деп түйіндейді Мақсат Ілиясұлы.

Дереккөз: Караван