"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Депутаттар білім грантын әділ бөлмеген шенеуніктерді жазалауды талап етті

Білім гранттарын әділ бөлмей, талапкерлерді шулатқан шенеуніктердің жауапқа тартылуын депутаттар да талап етті. Өйткені, Білім министрлігі грант иелерін әлі қабылданбаған заң бойынша анықтаған дейді мәжілісмендер. Биыл ведомство екі түрлі бұйрық шығарып, жұрттың басын қатырған болатын. Сынақтың алғашқы қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иелеріне басымдық берілсе, кейін ҰБТ-дан жоғары балл жинағандар грантқа түсті. Енді халық қалаулылары талапкерлерді  шатастырғандар шетінен жазалансын деп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

грант дауы

Ұлттық тестілеуден жоғары ұпай жинаса да, тегін білімнен құр қалғандардың жырын депутаттар бүгін қайта қозғады. Мәжілісмендер грант дауына дер кезінде араласар едік, демалыста болдық дейді. Олар әсіресе, парламент әлі қарап, талқылап жатқан шикі заң жобасына сүйеніп, мемлекеттік грантты бөліп берген Білім министрлігіне қатты ашулы.

«Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім грантын тағайындау кезінде конкурстық комиссиясы қолданыстағы заңды басшылыққа алмай, енді ғана дайындалып жатқан заң жобасына сілтеме жасап, шешімін неге өзгертті? Медициналық жоғары оқу орындарына түскен «Алтын белгі» иегеріне берілген 220 грантты Денсаулық сақтау министрлігі бір күнде жарамсыз етіп тастағанын қалай түсінуге болады?» – дейді Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов.

Биыл расында да Білім министрлігі ҰБТ-ның қорытындысына қатысты екі бұйрық шығарып, ата-ана мен талапкерлерді әбден шатастырды. Шенеуніктер алдымен гранттарды «Алтын белгі» иелеріне берсе, кейін жоғары балл жинаса да далада қалғандарды қайта тізімге қосты.

«Бірінші тізімде грант тағайындалып, екінші тізімде грантқа ілінбеген талапкерлердің мәселесі қалай шешілді? Елімізде бір жоғары оқу орнынан алынып тасталып, басқа бір аймағының жоғары оқу орнына қайта бөлінген талапкерлердің жағдайы қалай болды? Бұл туралы нақты ақпарат жоқ», – дейді Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов.

Сондай-ақ, мәжілісмендер жылда түлектердің зәре құтын қашыратын ҰБТ-ға балама емтихан енгізуді ұсынды. Өйткені, қаншама талантты, білімді жастар тесттен бас тартып, шетелдерге кетуде дейді депутаттар. Биыл 40 мың түлек білім іздеп Еуропа, Қытай, Ресей асқан.

«Сондықтан 110-нан жоғары балл жинаған талапкерлерді өзі таңдаған емес, артық гранттары бар басқа мамандықтарға ауыстыру қажет. Және жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ-дан бөлек тағы  емтихан болуы тиіс. Сонда талапкерде таңдау болады. Жастар шетел аспайды», – дейді Мәжіліс депутаты Дания Еспаева.

Еспаеваның сөзінің жаны бар. Биыл ҰБТ-дан жоғары балл алса да, мемлекет есебінен тегін білім алуға ілінбегендер өте көп. Мәселен, астаналық Назерке 111 балл жинап, грантқа түсе алмапты.

«Өзгелер 60-70 балмен түсіп жатты. 111 баллмен мен түсе алмаған жаныма қатты батты. Жалғыз әкем төрт баланы асырай алмайды. Сондықтан қиын болып тұр. Үмітсіз тек шайтан дейді ғой, әлі де үміттенемін. Оқимын деген балаларға тек қана талпыныс, мүмкіндік берсе», – дейді Назерке Есенғалиева.

Назерке қазір ақылы бөлімде білім алуда. Өзі қалаған дінтану факультетінің жылдық төлемі қымбат болғандықтан, мамандығын ауыстыруға да мәжбүр болған.

Басынан дау арылмаған Білім министрлігіне енді талапкерлердің ұпайын қайта есептеуіне тура келетін сияқты. Өйткені, ұзақ демалыстан шыққан депутаттар бұл жанжалды түбегейлі шешпей қоймаймыз деп отыр. Егер үкімет халық қалаулыларының сөзіне құлақ асса, грант иелерінің қатары әлі артуы мүмкін.





7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 7 Қыркүйек, 2017, 12:32

    Сонымен Былым hам Денсаулык ,два сапога пара.Депутаттар уштыктен шыкты ,енды тексерушы-бакылаушы органга айналды не болады коремыз сонын .Барымыз аман болайык.

    Жауап жазу
  2. Адам 7 Қыркүйек, 2017, 14:05

    Үш тіл реформасы оқулығын сынап жатырсыздар,енді осы реформаны тоқтатсаңыздар!

    Жауап жазу
  3. Бағила 8 Қыркүйек, 2017, 00:37

    Қайта ұсыныс жазып грантқа тапсыруға бола ма? Бес баланың анасымын. Әзірге ақылы оқуға түстік

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 8 Қыркүйек, 2017, 11:50

    Үш тілге қол мен аяқтарыңды көтергендер,ҚАЗАҚ ТІЛІН жоюды тоқтатыңдар,не үшін отырсыңдар сол жерде, курс бітірген мұғалім қалай басқа тілде сабақ береді, не көрінді соншама ағылшын мен орыс тіліне табынып, жорғалап,түбі Қазақты құртып, жеңістеріңді тойлайтын күн алыс емес, араларыңда мынау ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЛАУЛЫСЫ МЕН ЖАНАШЫРЫ дейтін бір де азамат жоқ.

    Жауап жазу
  5. Назымгул 8 Қыркүйек, 2017, 18:20

    Дурыс менде 109балл мен тусе алмай қазір тукте жоқ сертификатқа қарап отрмын

    Жауап жазу
  6. Есауыл 8 Қыркүйек, 2017, 22:33

    Кызымау осыларга сенып отырсынба булардыкы сендердын жастардын созымен айтканда ,кулакка тебугой . Буларга сенгенше оз акылынмен,кайратына сен сол екеуы сены алып шыгатын.Ак каргаларга умыт артпа олар караларынын козын шукымайды,бызге отырык козгып шулаган болгандарыгой.

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 12 Қыркүйек, 2017, 12:31

    Депутаттардың өздерін жазалау керек. Т.Сулейменов Москвадан келген сияқты Депутаттарда бір шет елден келгендер сияқты барлық нәрсеге кешігіп жүреді. Депутаттардың өздерінде жұмыс, тәртіп жоқ. Түрлеріне қарасаңыздаршы ешқандай проблемалары жоқ, бәрі тоқ, көйлектері көк…

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*