"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Назарбаев үкіметке коммуналды қызмет бағасын көтеруді тапсырды

Картинки по запросу комуслуги тариф

Мемлекет басшысы бағаны қорықпай көтере беруді бұйырды. Бұл туралы naryk.kz хабарлады.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Н.Назарбаев Қазақстандағы электр энергетикасының құны ТМД елдерінің ішінде ең арзаны екенін айта келіп, елдегі коммуналдық қызмет құнын көтеру керектігін алға тартты.

Президенттің айтуынша, осы салаға инвесторлардың келмеуі бағаның төмендігінен болса керек.

«Су және жылумен қамту желілерін жаңарту үшін ауқымды қаражат керек. Осы салада инвестор тартуымыз үшін ТКШ (тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы) мен тариф белгілеу саясатына өзгеріс енгізу керек. Сол кезде шетелдік қаржы ұйымдары мен инвесторлардың қызығушылығы артады», — деді Елбасы.

Дегенмен, президент елдің төлем қабілетінің төмен екенін де айта келіп, Үкіметтің осы орайда өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай оңтайлы шешім іздеуін тапсырды.





23 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 6 Қыркүйек, 2017, 12:03

    27-жыл бойына келген » инв
    естиция » кайда онын кайтарымы кайда ! 165 млрд.доллардын акелген пайдасы кайда , пайдасы жок боласа озы кайда.Осы 30 жылгы
    диверсификация кайда .Сендерде ар-уят тойымдылык деген тусынык барма.
    Кымбаттау-Кымбаттау мангы осы болдыгой .

    Жауап жазу
    • Қымбат 6 Қыркүйек, 2017, 13:03

      Коммуналдық қызметті біз қарапайым тұрғындар пайдаланып отырмыз. Оның сапасы өзіміз үшін қажет. Сондықтан сапа жақсаратын болса солай болғаны да дұрыс шығар. Бірақ, бірден шарықтата қоймас.

      Жауап жазу
  2. Айназ 6 Қыркүйек, 2017, 12:10

    Барлық жағынан тиімді тұстарды ойлау керек, тығырықтан шығудың түрлі амалдары болатыны белгілі.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 6 Қыркүйек, 2017, 13:04

      Айназ, дұрыс айтасыз. Барлығы да тұтынушылар үшін екенін т үсінуіміз қажет.

      Жауап жазу
  3. Арай 6 Қыркүйек, 2017, 12:10

    Инвесторды президентіміз ғана іздеп бас қатыратын секілді, басшылар неге іздемейді.

    Жауап жазу
  4. Абсамет 6 Қыркүйек, 2017, 12:11

    Төлем қабілеті ескеріледі, оны президентіміз де айтып отыр. Бәрі жақсы болады, қарапайым халыққа алаңдауға негіз жоқ деп ойлаймын.

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 6 Қыркүйек, 2017, 12:20

    Инвестрді Нұрекең табады,қалғандары дайын асқа тік қасық,ұрлап-жырғап,шалқайып жатып байиды.енді қайтаратын мезет жетті.ана Монғолияның президенті құсап,алыс-жақын,іштегі-сырттағы,офшордағы жеген,асырған,жасырған,тыққан-пыққандарын қайтартатын мезгіл жетті.кредиттің үстіне кредит жамап отырған қарапайым адамдар қарызды қалай өтейді,жер алсада,үй салсада,қызы-ұлы отау құрсада,оқу оқысада бәрі кредит,кредитсіз аттап баспайды.

    Жауап жазу
  6. Кайрат 6 Қыркүйек, 2017, 15:07

    Сондай ақ ол үкіметке халықтың жағдайын жақсартуды тапсырды. Сол кезде ғана халық төлей алатындығын президент айтты.

    Жауап жазу
  7. Дулат 6 Қыркүйек, 2017, 15:09

    Бүгін ертең коммуналдық қызметтің ақысын көтерейін деп отырған жоқ ешкім. Перспективаға көз шолу дейді бұны.

    Жауап жазу
    • Қымбат 6 Қыркүйек, 2017, 16:32

      Дулат дұрыс айтасыз. Бірден ешкім бағаны көтеріп жібермесі анық.

      Жауап жазу
  8. Ринат 6 Қыркүйек, 2017, 15:11

    Өмір бір орында тұрмасы анық. расында да бағалар сонау кезден бері өскен жоқ.

    Жауап жазу
  9. Тұрақ-Серік 6 Қыркүйек, 2017, 15:38

    «Қазақ үні» сайтында жағымпаз трольдардың комментері толып кететін болыпты, қусаңдаршы аулаққа, жұртты сайттан жеріндірмей

    Жауап жазу
  10. электрик 6 Қыркүйек, 2017, 22:10

    троль котендер бирбиринин созин макулдап маз биринши дурыс сорап жатыр каида осы кезге деинги инвестиция.

    Жауап жазу
  11. Қолқоюсыз 7 Қыркүйек, 2017, 07:37

    Айтайын десем жаман қатты айтқым келіп тұр, бірақ жәй айта салайын Қазақ – не деген сорлы ұлтсың. Қазаққа қатты жаным ашып, қазақ десе бәріне дайын едім, бірақ күнделікті Қазақтарды көріп жүріп, Қазақтардан қатты көңілім қалып қойып жатыр. Қазақ – бірің өліп бірің қал бәрібір болашағың жоқ, айналып айналып ертең-орыстың, өзбектің, ұйғырдың құлы боласыңдар маңқа Қазақ.

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 7 Қыркүйек, 2017, 08:59

    Манка дегышке: быз сыз айткандай манка онын устыне сорлы болып калсак ,калай болады .Быреулердын есебы тугенделеме ?Сыз екы-санынызды шаплактап куаныштан жарыла жаздап отырасызба ?Жаксы позиция екен.Олай болмайды шегынетын жер калмай барады бурылатын жер де жок.Шыдамдылык позициясыда жемырылып барады.Быреулр тунылыпты ???

    Жауап жазу
  13. Астаналык. 8 Қыркүйек, 2017, 00:07

    Бананы котеру,казынаны толтыру. Дурысделик сонда мунайдан келип жаткан милиярдтаган долларлар кимнин калтасына тусип жатыр. Сол акшага 18 миллион халыкты тегин уй,тамак,окыту,емдеу,машинамен журуине жетеди екен.Онын устине шет елге демалыска барып кайтуга болады. Сол акшалар кайда?

    Жауап жазу
  14. ілесбек 12 Қыркүйек, 2017, 18:48

    қазіргі нарық көптеген жанұяға қиын тиіп жатыр, егер тағы тарифті көтеретін болса қалай болады, жжеңілдік жағын қарастыраты болса дұрыс болатын еді

    Жауап жазу
  15. Қ 14 Қыркүйек, 2017, 13:00

    Мем басшы бағаны қорықпай көтере беруді бұйырды. бұйыру-қашан қорқып едіңдер?

    Жауап жазу
  16. Қолқоюсыз 14 Қыркүйек, 2017, 14:56

    совет өкіметінде,светтің киловаты екі тиын тұратын.

    Жауап жазу
  17. Қолқоюсыз 14 Қыркүйек, 2017, 14:56

    коммуналдық мекемелердің барлығы жекеменшікте екенін ұмытты ма, үкіметтің мойынына артық жүк көріп, бәрін жекешелендіріп жіберген жоқ па ! енді халықтың ақшасы кімнің қалтасына түседі сонда, не пайда..

    Жауап жазу
  18. Мен 5 Қазан, 2017, 13:52

    Түкте дұрыс емес. Коммуналдық төлемді көтеруден тек қарапйым халық қана қиналады. Аз ғана еңбекақыларынан жырымдап отбасылардың коммуналдық төлемді төлеуге қалай қиналатындарын көзіміз көріп жүр..Онсызда жыл сайын әйтеуір біреуі қызмет құнын көтереді. Өйтетін болған жағдайда еңбекақыны да көтеру керек. Қазіргі кезде зейнетақыны ғана көтереді. Бірқатар қызметтердің жалақысын көтереді болды. Бәленбай жылдары бойы еңбекақылары көтерілмеген мамандықтар бар. Олар құнсызданудың қиындығын әбден тартып келеді. Мәймөңкелеудің қажеті жоқ, онсыз да коммуналдық төлемдерді жыл сайын қымбаттатудан жалықтық. Желілерді жаңарту керек болса, бұқараның қалтасы арқылы емес, бюджетке салықтан түсетін қаржы арқылы жаңартсын.

    Жауап жазу
  19. Қолқоюсыз 5 Қазан, 2017, 14:11

    жылуды қосқаннан кейін,ай сайынғы төлем ақы 40000тг.асады.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*