Айсұлтан Назарбаев атасының өзін нашақорлықтан қалай құтқарғанын айтып берді

Картинки по запросу айсултан назарбаев

Айсұлтан Назарбаев атасының өзін нашақорлықтан қалай құтқарғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды,  - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.

- Атам академик Мұхтар Әлиев қайтыс болғаннан небары жарты ай өткен соң австриялық түрмеде әкем Рахат Әлиев өз-өзіне қол салды. Өмір осылай алғаш рет маған жойқын соққы жасады. Елдің бәрі бақытқа шомылған байдық баласы деп санайтын жас Айсұлтан осынау ғаламдағы ең қайғылы адамға айналды, - деп жазады Айсұлтан.

Оның сөзінше осындай қиын кезеңде ол басына түскен жағдайды ұмыту үшін есірткіге бой алдырған.

- Мен дұрыс қадам жасадым. Мен ол туралы бірден атама айттым. Басқа Президент мұндай жағдайда мәселені жабулы қазан күйінде қалдырғысы келер ме еді? Бірақ, Нұрсұлтан Назарбаев емес. Оның айтқаны есімде: "Шынайы болғаның дұрыс. Бұл қиын ауру, бірақ оған душар болған сен алғашқы да, соңғы адам да емессің. Сенің ауруды жеңуге күшің жетеді", - деп еске алады Айсұлтан.