"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Геноцид: Мьянмада үкіметтік күш 500-ге жуық мұсылманды қырып тастады (ФОТО)

Мьянмада үкіметтік күш пен мұсылмандар арасындағы қақтығыс кесірінен 400-ден астам адам қаза тапты.

photo_225012

Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

061fe9bba7660e30d369242a58573353

Жергілікті билік мәліметінше, Ракхайн штатында “рохиндж әскерлері” бірнеше полиция бекеті мен армиялық казармаларға шабуыл жасаған. 25 тамыздан бері 90 қақтығыс болып, 370 содырдың көзі жойылған.

d3ac05f82feda6ff51dc09e154683402

Үкіметтік күштер арасынан 15 адам көз жұмды. Қақтығыстан қашқан 27 мыңнан астам босқын-рохинджар Бангладеш шекарасынан кесіп өтіп кеткен. Олардың арасында қырық шақты адам Наф өзенін кесіп өту кезінде қайтыс болған. Көпшілігі әйелдер мен балалар.

bf2f1079055063e3a52e3b0c9d5f519e

Рохинджа – олар Араканға қоныстанған этникалық бенгалдық мұсылмандар. Олардың көпшілігі қазіргі кезде Ракхайн штатында тұрады, алайда біразы Мьянма азаматтығына ие. Ресми билік пен буддалық сенімдегілер рохинджаларды Бангладештен келген мигранттар деп есептейді екен.

087f9eb70e77d87cf2982a5d3a5a864a

Рохинджалар мен аракандықтар арасындағы дау – бұрыннан келе жатқан ескі дау.

b44b8edc75b6eb432ecc69cbfa430a3b

Түркия президенті Тайып Ердоған Мьянмадағы оқиғаны “мұсылман геноциді” деп атады.

052767410263df3fc048e2c3a8ad1531

“Бұл геноцидке көз жұма қарағандар, солардың сыбайласы. Аракандағы бұл адамдарды еш маңызсыз деп санайтын әлемдік БАҚ-тар да осы қылмысқа қатысты болып саналады”, – дейді Ердоған.

5519e78e62ba55fadaa0a9be4ce56c99

“Сондай-ақ, мен БҰҰ бас хатшысымен телефон арқылы сөйлестім. 19 қыркүйектен бастап БҰҰ қауіпсіздік кеңесі осы мәселе бойынша отырыстар өткізе бастайды. Әлемдік қауымдастыққа осы мәселені лайықты түрде жеткізу үшін Түркия барлық мүмкіндікті жасайды. Басқалар үндемей қалған күннің өзінде, Түркия айтады”, – деді Ердоған.





7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Аубакир. 3 Қыркүйек, 2017, 20:27

    Сорлы мусылмандар,казактар сиякты. Кырып жойып жатыр,ешким комекке келген жок.жалгыз умит туриктер.Ердоган болмаса ,калган мусылман елдери Америка мен рессейдин малайлары. Осындайда корыкпай коргаушылык пейил корсеткен Ердоган мен Рамзан Кадрыровке Алла жарболсын деимин. Ундемей коркып отыргандарга каргыстан баска нетлеймин.

    Жауап жазу
    • ЕРКЕБҰЛАН 4 Қыркүйек, 2017, 03:14

      Дұрыс айтасын бауырым

      Жауап жазу
      • Бек 6 Қыркүйек, 2017, 12:34

        Дұрыс бауырым .көріп өзім қолыма қару алып барып көмек берер ем Нуреке қолбасшы қолдаса бугін шығуға дайынмын.ол хайуандарды шыбынша қырар ем алла жар бола көр амин

        Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 6 Қыркүйек, 2017, 12:47

    Ұмытып қалдыңдар ма,сексен алтыда қазақ жалғыз қалғанын,алыстан іздеудің қажеті жоқ,қазақ қабырғасы қайысып,белі бүгіліп тұрса да рухы мықты болғандықтан көтеріп алды.

    Жауап жазу
  3. Толқын 8 Қыркүйек, 2017, 11:54

    Сұмдық жағдай екен! Мұсылмандар үшін жаным ауырады… Аллам күш қуат берсін! Барша мұсылман мемлекеттері қолдау көрсетуі тиіс.. жайбарақат қалай отыра аламыз?!

    Жауап жазу
  4. Асхат 8 Қыркүйек, 2017, 11:55

    Сұмдық жағдай екен! Мұсылмандар үшін жаным ауырады… Аллам күш қуат берсін! Барша мұсылман мемлекеттері қолдау көрсетуі тиіс.. жайбарақат қалай отыра аламыз?!

    Жауап жазу
  5. аитеке би 26 Қыркүйек, 2017, 09:55

    оларды кырыу керек иттерды

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*