Валюта бағамы USD : 340.11 | EUR : 407.93 | CNY : 51.61

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Биылғы тоқтылар құрбандыққа жарамайды – ҚМДБ

Похожее изображение

Құрбан айтқа санаулы күндер қалды. Алланың разылығынан үміттенген жандар құрбандыққа соятын малды таңдауда өте мұқият болу қажет. Құрбандықтың Алланың құзырында қабыл болуының мұсылман үшін маңыздылығын ескерсек, бірінші ықылас-ниет дұрыс болуы, екінші сойылатын  мал жарамды болуы керек.

Мүфтияттың ресми сайтында: «Ешкінің және қойдың жасы бір жылдан асып екінші жылға кіргені, сондай-ақ алты айлық марқа қозы (үлкен қой секілді) ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Сиырдың екі жасқа толып, үшінші жылға кіргенін, ал түйеден жасы бес жылдан асып, алтыншы жылға кіргенін құрбандыққа шалуға болады. Сонымен қатар сойылатын малдың кемшілік, кінәраты болмауы керек» делінген (fatua.kz)

Қойдың бір жасы шамамен 6 ай. Себебі, саулықтарының буаздық мерзімі 145 – 155 тәулікке созылады, яғни орташа есеппен 5 ай 10 күн (kk.m.wikipedia.org). Сол үшін шариғатта алты айдан асқан тоқты құрбандыққа жарамды делінген.

Осы орайда ескерткім келгені, биылғы тоқтылардың барлығы құрбандыққа жарамайды. Өйткені төқтының жасы кем дегенде алты айдан асқан және ірі  болуы шарт. Дәлірек айтқанда, ағымдағы жылдың наурыз айына дейін туылған төл болуы тиіс. Еліміздің бірқанша өңірлерінде сақман сәуір айында басталатыны белгілі. Әсіресе орталық және солтүстік аймақтарда.

Сондықтан, құрбан малын сатушылар мен тұтынушылар осыны ескерсе екен деймін.

Келе жатқан Құрбан айт құтты болсын! Құрбандықтарыңыз қабыл болсын! «Ешбір құл құрбан күні Алланың құзырында құрбандық қанын ағызғаннан артық жақсы амал жасай алмайды. Өйткені, шалынған малдың мүйізі, қылы және тұяқтары қиямет күні мол  сауап әкеледі. Шалынған құрбандықтың қаны жерге ақпастан бұрын Алланың құзырында жоғары мәртебеге жетеді. Олай болса, шын көңілмен құрбан шалыңыз» (xадис).

muftyat.kz





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Атамның баласы 31 Тамыз, 2017, 14:27

    Құрбандыққа биыл байлар жылқы шалыңдар бұл үлкен күнəні алып кетеді. Ата бабаларымыз көбінде жылқы малын құрбандыққа шалған. Тек жылқы малын құрбанға шалу қазақта ңана болған тектілер елінде. Имамдар жылқы малын құранда рұқсат етілмеген жалғыз хадиске ал қазақтың салт дəстүрі біз үшін хадис. Араб емеспіз біз.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 31 Тамыз, 2017, 14:44

    Құрбандыққа жылқы шалады.
    Ас бергенде,қайтқанда жылқы сояды.
    Шекесін зират басына іліп қояды.
    Анық мағынасын білмедік.
    Білетін үлкендер тарқатып айтса.

    Жауап жазу
  3. Серік Алматы 31 Тамыз, 2017, 16:18

    қыға ауыз сала бастадыңдар ма ??? Адам өмірден қайтқанда , ас бергенде сойылса да жетеді.Ал жылына бір келетін құрбан айтқа жылқыдан басқа малдар сойылса жеткілікті деп ойлаймын !!!! Менің ойымша жылқы малы онсыз да соғымға , тойға ,асқа сойылып жатыр ғой , соның өзі жеткілікті деп ойлаймын !!!! Құрбандыққа жылқы сою үрдіске айналып кетсе , Қазақстанда жылқы малын Қызыл кітəпқа

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*