Расул Жұмалы: Биліктегі "екілікке" оқыған дүмшелердің кесірінен халық неге жапа шегу керек?

Екілікке оқыған дүмшелердің кесірінен миллиондаған халық неге жапа шегу керек?

Құдайға шүкір, Қазақта Ана тілі мен қатар бірнеше шет тілді еркін меңгерген мықты кәсіби мамандар жетерлік: экономика мен заң, қаржы мен ауылшаруашылық, ғылым мен Ай-ти, басқа да салаларда. Таңым сол, тағайындалған соң ғана өз елінің тілін енді оқимын деп уәде беретін және сөзінде тұрмайтын космополиттерге билік соншама жабысқаны несі? Қисынсыз екені былай тұрсын, барып тұрған нұқсан ғой. Мемлекеттік тілді елемеген, Халқын менсінбеген шендіден басқа не күтуге болады? Маңызды мемлекеттік мансап ойыншық емес, өсімдік пен тілсіз малға жасалар сынақ та емес, тіпті оқымадың ба, ертең біліп кел дейтін бастауыш мектеп сыныбы емес. Бірақ "екілікке" оқыған дүмшелер кесірінен миллиондаған халық неге жапа шегу керек? Кім жауап береді осыған?

Расул Жұмалы

Фейсбуктегі парақшасынан